М.Ю. Лермонтовқа арнау


Жастық шақта әркім де өлең шығарады дейді ғой, мен көбіне орысша өлең жазатынмын. Қазақшадан көрі, орысша сыр шерткен оңай еді мен үшін. Көбіне Лермонтов пен Есениннің әсерінде өлеңдер шығаратынмын.
Сондай әсерлердің бірінде, Лермонтовқа арнап қазақша өлең шығарып едім. Аса көркемдік құны жоқ болғанымен, мен үшін бір бейкүнә лирик кезеңімнен естелік.

***

Соқыр, саңырау надан жұрттан қашық боп,
Тас түнекті жарып атқан таң ба едің?!
Өмір бойы бір адамға ғашық боп,
Сұм сезімнен азар көрген жан ба едің?

"Ұғам ба" деп мән-жайын бұл жалғанның,
Өзіңнің жолыңды аға бастадым да,
Лирика әлеміне мен самғадым,
Өміріңнің жолына көз тастадым да.

Ақын болдың, дүйім жұртың сені танып,
Өлеңіңді аяқ асты етпес, бәлкім
Қайғы-мұңнан өзегі өрттей жанып,
Дәл өзіңдей қызыл шоқты кешпес әркім

Жаныңды сезім, шіркін, тоздырды ма,
Азаптаған ішіңнен жегідей жеп?!
Әлде патша қысымы оздырды ма
дүниеден, қара жерге жастай жерлеп?!

Замананың езгісіне кімдер төзбек,
Тұтандырған сөнді ғой отың демде,
Мартынов бағыттаған саған көздеп,
Жоқ, сенбеймін сені өлтірді оқ дегенге!

Өлең сүйер қауымға аңыз болдың,
Пушкиннің де әруағын таң қалдырған,
Ағараңдап ақ желкендей жалғыз болдың,
Теңіздің көк тұманында, жас қаһарман!

Мен де міне өлең-шумақ жолдарыммен,
Білдіремін жан сырымды, ақын ағам
Тілің басқа, ұлтың бөлек болғанымен
Сенсің менің жаны туыс жақын ағам!

08.05.2002
Бөлісу:

15 пікір

Arhun
Сіз тұра Лермонтовтың өзі ұқсап жаздыңыз ғой…
Жалпы ол кісі жалғыз ақын жан болған емес, ол — керемет суретші болғаннын еске сала кетейін
Сол үшін аса құрметтеймін…
Gastarbaiter
«Погиб Поэт, невольник чести пал оклеветанный молвой,
С свинцом в груди и жаждой мести, поникнув гордою главой, не вынесла душа поэта, позора мелочних обид...» ия біраз ұқсастықтар бар екен.
Zilola
Ақынның қазасына арналған осы өлеңді күніге болмаса да аптасына 2-3 рет кешке таман жатқа оқимын.
… Убит! К чему теперь рыданья
Пустых похвал ненужный хор
И жалкий лепет оправданья
Судьбы свершился приговор…
Abilakim
жұрт «Ықылас „сүресін оқиды күніне болмаса да аптасына екі-үш рет))))
Zilola
Ықылас сүресін күнде оқимын десем өшесің бе? (мақсатым сені өшіру емес негізі)
Өлең оқығанда тұрған ештеңе жоқ, Ақиланбай отыршы тегі
Abilakim
Өшпеймін, түртпектеу де емес мақсатым. Мен де күнде оқимын. Кей жұрттың сол сүрені аптасына екі-үш рет оқитынын меңзеген ем.
«сижу за решеткой, в темнице сыройды» оқысаң да маған бәрібір ғой сайып келгенде))))
satibaldi
Пушкиннің де әруағын таң қалдырған
Gastarbaiter
Трикосын киіп сальто айналуға дайындалып жатқан Пушкин елестеді ме?
Arhun
Несі бар, Пушкинның аруағы шыныменен бар болса, мүмкін, таң қалар еді…
Gastarbaiter
Мынаны Ахи естімесін.
Beytanis
Мә-ә-ә, Лермонтов қазақша жазған ба деп аузымды ашып отсам
Abilakim
орыс әдебиетінің «алтын ғасыры» мен «күміс ғасырына » сусындаған екенсің ғой
e_zhalgas
теңеулерің жақсы екен. ерекше естіледі, қабылданады  қазақы қара өлеңнен басқаша, өзгеше екені бірден байқалады