"Эротикалық жыр жақұттары" қауымдастығы "Сүйісу"

Сайт оқырмандарын ақтөбелік ақын Индира Керейдің жазған эротикалық тақырыптағы өлеңдерімен таныстыруды жалғастыруды жүн көріп отырмын. Аса қадірменді биік талғамдарыңызға келесі бір жақұтты жыр жолдарын ұсынамын.

Сүйістік біз...

Сезінгесін құмарды.

Тәтті әлемнің тұнығына сүнгідік!

Қысылу мен

жатырқау да жоғалды,

Ай мақұлдап…

Тұрды әзәзіл-Түн күліп…

Сүйістік біз…

Құмар текке жата ма?

Сүйісуге дайын қыз бен сай ұлы…

Мен несіне қысыламын, о тоба!

Бұл алғашкы сүйісу ме, тәйірі…

Сүюді аңсап ентігеді қос ерін,

Шөліркеген сезімге олар…

Бұл — анық!!!

Жұлдыз жайып Айға мамық төсегін,

Арым тұрды жанарынан Түн ағып…

Ескертеді Түн саусағын мың кезеп,

Арғы жағы…

Ол құпия әнгіме!

Сүйістік біз…

Сездің бе екен сол мезет,

Құшағында балқып кеткем мәңгіге

Индира Керей
Бөлісу:

21 пікір

a63a1
Мен несіне қысыламын, о тоба!

Бұл алғашкы сүйісу ме, тәйірі…
Піштууу, мақтанама өзі қалай?
a63a1
Потасын босқа ілдің, іштей құштарлығым бір сәтте ғайып болды
asaubota
одан да жеке қауымдастық аш та соған салып отыршиш
Aizhantabyn
бұрын мәссағанда бір ақын апай бар еді ғой, ваше атын ұмыттым, бірақ өлеңдері осы тақырыпта болатын… кімнің есінде бар… сол апайдың өлеңдерінің қасында мына өлең цветочки екен! эниувй, минустайм, че то ұқсамайды на страсть!
satibaldi
Айтып отырғаныңыз Арыстан Асылбек болар.
Aizhantabyn
кажись сол! Осы ағам болмаса))))
Пікір түзетілген: 26 тамыз 2011, 22:42
satibaldi
Дәл сол кездері қыздан құрғап бітіп жүрген кездерім ед. Арыстан Асылбектің өлеңдерінен кейін, тап жаңа төсектен ләззат алғандай болып жүріп, жарты жыл қатынға бармаппын нақ.
Aizhantabyn
че то гугл мырза ақпарат бермейді… ілейін деп ем бір өлеңін… қайран мәссаған, кетті ғой талай әдемі өлеңдер…
satibaldi
Did you mean: Асылзат Арыстанбек?
Aizhantabyn
аха! точно!!!
satibaldi

Пікір түзетілген: 26 тамыз 2011, 23:10
Gastarbaiter
Әжесс… алақаның жүн шығып кеткен жоқ па?
Gastarbaiter
Ұрмасқа амал қалмады,
«Соқ!» дедім «бауырым басыңмен»
"Інім" де қарап тұрмады
Қойып кетті қарқынмен
Бұзылған есік қалды ашық,
Жабылмасқа мәңгілік
"Інім" де басын тұр қасып,
Нетерін білмей мәңгіріп.

Арада жылдар өтіпті,
Киіз там жатыр сол күйі,
Үңірейіп кетіпті,
Бұзықтардың боп үйі.
satibaldi
Лібә, мынауың шын үй туралы сияқты
Gastarbaiter
Үй туралы ғой онсызда, ұятсыз неме!
a63a1
Жiгiттер музаларым!
Жiгiттер музаларым!

Жiгiттер жыр арнайтын музаларым,
Корiнбей кеттiндер гой, мырзаларым!
Коян болып бiреуiн кеттiн кашып,
Жараланды журегiм, муздап каным!

Жiгiттер журегiмдi жулмаладын!
Токтап калды, журмейдi-ау мулде каным.
Баска елде журсемде, ауырамын.
Намысым, жiгерiммен елде жаным.

Жiгiттер журегiмсiн, музаларым!
Улкен – кiшi, барiне жыр арнадым.
Сункарларым, улыктарым, сыныктарым!
Богденiн бекзатына кия алмадым.

Мунайдым, жаным куптi, музаларым!
Ащы тiл, бэдiк созден уяламын.
Аш борi сыртка жунiн кампитады,
Борiдей бол, намысшыл суранарым!

Музаларым жiгiттер, мырзаларым!
Сурiнсендер мен кулап, жылап алдым.
Куласандар биiктен, мен жаралы
Намысымды кулатпа, суранамын!

Жаркын Отешова.
Маскеу.2011.Шiлде.

Шеримди таркатып олениме, Келгендеймин дал казир оз-озиме!
a63a1
ыхххххаа оқыватып ішінен андай андай сөздер таппай қиналдыңдар-ау әәә???
Пікір түзетілген: 28 тамыз 2011, 18:25
Gamk
Құс кеудеңе нұрлы сәуле тайғанап,
Жаттым сені өліп-өшіп аймалап.
Үй оңаша, ақ төсекте екеуміз,
Терезеден тұрды төніп ай қарап.

Күнәсіз ең, аңғал сәби баладай,
Ұмтылдым ғой гүлге ұмтылған арадай.
Дал-дұл болды пәктігіңнің пердесі,
Кедергіге, қарсылыққа қарамай.

Бастағанда жаңа өмір дастанын,
Құс жастыққа тамшылады жастарың.
Ақ жаймада адалдықтың белгісі,
Қыздық дәурен қол бұлғады қас-қағым.

Өзіңсің ғой аялайтын арманым,
Өзіңменен бірге атады таңдарым.
Әйелім боп тұра келдің төсектен,
Бірге өткізер, бар ғұмырын, қалғанын…

2002 жылы бір Шымкенттік эро-газетке шықты. Авторы Бақытжан деген.
Пікір түзетілген: 28 тамыз 2011, 02:19