Ал содан соң...Ya Sonra...

Ақпан айында шыққан фильм еді, барып көре алмадық, сонымен интернетке шықса қарап аламыз деп жүргенбіз. Кеше ғана мүмкіндік туды соны көруге. Фильм «Ал содан кейін ше»  деп аталады. Сценариін жазған әрі режиссері Өзжан Дениздің (Маусым түніндегі Байрам) өзі екен. Басты рөлдерде өзі, сосын Дениз Чакыр (Ферхунде). Ферхунде ойнайды деген соң тошно жақсы кино деп ойлағанбыз, солай екен. Кинодағы сомдаған рөлдері Адем мен Дидем.
Оқиғасы 7 жыл үйлі болып, күйеуінің әйеліне деген жеткілікті көңіл бөліп, санаспауынан кішігірім проблемалар басталып ажырасуына дейін әкеліп соғады. Фильмнің жанрларын ажырата білмеймін, мынау романтикалық махаббат хикаясы ғой қысқасы. Жеңіл комедиялық тұстары да баршылық. Қалғанын айтып қойсам қызық болмай қалады, көру керек  Түрік тілінде бірақ.


Қосымша: Осы фильмнен кейін Байрам мен Ферхунде шын өмірде де бірге екен. Газеттер жазған еді бір ретте Ферхунде нағыз өмірде де Нежланың жігітін алып қойды деп, бір біріне жарасады екен

Мынау фильмнің өлеңі
Бөлісу:

30 пікір

Dinara
@asaubota мына киноны көріңізші, өтініш. Қызззық  
ренжімеңдерш, видео, сурет қою дегенді жасай алмадым
asaubota
өткен жұма күні осы кино туралы оқыдым да тақырыбы ұнамағасын көшірмеп едім. енді сен айтқасын қарап көрейін деп жатырмын сен үшін
міне сілтемелері егер түсіріп аламын десеңіздер:
www.wupload.com/file/12554573
filehook.com/41ia0thlrwby/Ya.Sonra.2011.Dvdrip.Upload.Nobbyy.rar.html
www.filesonic.com/file/1164334364

Түрікше киноларды мына жерден көшіріп жүрмін:
www.filmindirnet.net/tek-link-f354.html

соңғы қараған кином: Ejder Kapanı. қатты ұнады осы кино. түріктер все таки сценарийді жақсы жазады.

қазір қарап жатқаным: Hür adam деген кино, Саид Нурси туралы фильм.
Dinara
Көшіріп алу дегенді онша жасамайды екем осы, онлайн көрем де қоям.
Мына кино сен көретін стильде емес екенін білем, просто видео ашылмай тұрған соң сені көмекке шақырған түрім ғой, айып етпе
New York'ta 5 Minare'ні көрген шығарсың онда, ол да жақсы.
Жақсы дамып жатыр киноиндустриясы, апта сайын жаңа фильм визионда.
asaubota
аха, көрдім ол киноны. маған соңғы жылдарда ұнаған фильмдер: Romantik, Barda, NewYorkta 5 minare, Ejder kapanı
Dinara
бұл киноны көріп болған соң да ұнады ұнамағанын айтасың ғой онда  
Нью Йоркта бес мұнара маған да қатты ұнаған, басқаларын білмим.
Жоғарыда айтқан екі киноң қызық сияқты, көремін жақын арада
asaubota
Романтикті көр, Окан Байүлген мен Теоман ойнайды. сценарийі мықты фильм.
Dinara
ооо Теомаан??? 
Рахмет, айтқаның жақсы болды, көрем міндетті түрде, иншалла
asaubota
міне видеосы

www.youtube.com/watch?v=pi9EgaCbtic
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 12:42
bazuka
Өзжан Дениз бұрыңғысына қарағанда жасарып кеткен сияқты ма сондай))
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 12:48
Dinara
аха, мен де байқадым соны.
Жасарып кеткенде, Дениз Чакыр екеуі де арықтап кетіпті кәдімгідей. Ферхундеде аяқ қолы балғадай қыз сияқты еді
asaubota
аяқ қолы балғадай қыз сияқты

қыз деген сондай болуы керек қой, балық еті!
Dinara
жарайды, талғамға талас жоқ
bazuka
екеуі жақсы жарасады, Дениз Чакыр жақсы актриса екен. Ферхунде бұрын арық қыз сияқты еді ғой
Dinara
ия, жарасады екен. Негізі кинода бірге түскендер шын өмірде де әйтеуір уақытша болса да махаббат болатындарының себебі не екен осы?
Рөлді мінсіз ойнап шығу үшін барын салып беріліп кеткендіктерінен бе түсінбейсің әйтеуір осыларды
AKY
Өзжан Дениз
Түрікше цүнбейм бірақ(
Dinara
дауысы құлаққа жағымсыз емес пе Өзжан Дениздің АКУ?
AKY
Даусында шаруам жоқ)) Өзі крәсәпшік…
Aizhantabyn
Біреуінің аты біреусіне тек, біреуінің тегі біреусіне есім)))))))

Жақсыыы фильм сияқты. Шамалғы ғана түсінем түрікше… оқу керек еді… ағылшынша субтитр жасаса ғой біреу)
Dinara
шамалы ғана түрікше бір фильмді көріп шығуға жететін сияқты меніңше Айжан  
Егер оқысаң оңай, аз уақытта үйреніп аласың
Altygradus
жылауық фильм емес қой иә Динар?
Dinara
жоқ Жанн, жылауық емес, мен жыламадым әйтеуір  
Бірақ түрік емес, бір американ фильмін көріп отырғандай сезіне бердім, жеңіл әзілдері болғаннан соң ба білмедім.
Altygradus
ок қарап көрермін
Altygradus
Қарадым норм фильм екен:d ужыс сен отыр деп праваңнан айырып, сенімен еш ұрысқым келмит, чорба чорба деп, онымен қоса жұмыс істеп жатқан жеріне әйеліммен сөйлесуім керек деп баса көктеп кіріп, еще кеттік кеттік деп, шото осы жерінде тым асырып жіберген сияқты:-q Қандай әйел иә жақсы деп кете беред екен, катердегі позор:-o әлде түрік темпераментімен бола бере ме:*) Соңғы моменттері қызық енді, ана тапанша асынып жүргендердің бір сөзін ұқсам шы=))Ұрысқан әйелдерінің де сөздерін әйтеуір эмоцияларына қарап қана ұқтым:*)Сосын ана модель қыздың сөйлегенін әзер ұқтым. Ал былайынша түрікшесі шамалы мен де ұғып қалатын фильм екен:p
bazuka
фильмді бастап көрдім, жақсы екен ұнады, ертең аяқтармын деп отырмын қалғанын. Динара рахмет фильмді көруге ұсынғаңызға. менде шала шарпы білетін түрікшеммен қарадым))
bazuka
сосын бірде Аршат айтқан түріктер қай жерге де футболды қатыстыра жүреді деп)) қай сериалын, фильмін қарама футбол алдынан шығады))
Dinara
Актерлер шебер болған соң көбіңізге ұнайтын фильм болу керек
Dinara
Футбол әрбір түрік еркегінің бастартпас дүниесі ғой енді, өмірлеріне етене сіңіп кеткен