Ұмыт болған махаббат №2: Жоғалған телефон
***
Екеуміздің мінезіміз қиын, ондай адамдар әдемі кештер, ертегі түндер өткізгенмен бірге өмір сүруге арналмаған еді.
****
Бір-екі рет телефон соқтым, бесінші гудокта алғысы келсе бірден алар еді, алғысы келмесе «дыңылдап» зайыбын алғым келмеді, трубканы қоя салдым.
***
Ол өте сұлу болатын, сондықтан іштей, мен сияқты түн жарымда телефон соғатындар көп шығар, көптің бірі көттің кірі болмайын дедім. Ә дегеннен көтім айналып, ғашық болып қалсам да, өзімді қызға қатыгез, бір тартып тастап кететін, қит етсе бұрылып, басқа қызық іздеп кететін «мачо» етіп көрсеттім.
Ол оңай. Екі сағат кеш, 7 сағат түн мойынға алған рөлді ойнап шығу түкке тұрмайтын.
***
Қиыны ол кеткен соң басталатын. Ия, таңертең жібергім келмейтін, құшақтап, езіліп жата бергім келетін. Бірақ, жұмыс бар, тіршілік бар.
Кешке тағы іздеймін. Махаббат деген осы емес пе екен? Бірақ танысқанымызға екі ақ апта, жек көретінім жабысқақ боп, тұрса да, жүрсе де артынан қалмай, адам түріңді көре сала лоқсығанша өміріне қыстырыла беру. Басыңды айналдырып жіберетін кәйіпті де сағындырып татқан жақсы емес пе?
***
Телефонымды жоғалтып алдым. Оныкін жаттап үлгермедім, ал ол менің тек осы нөмірімді білетін еді. Ішінде жұмыс-тірліктің телефондарын санамағанда, 50 шақты қыздың телефоны бірге кетті. Жүрек жарасын қылығымен жазатын запасной Наташа-Мариналар да кетті.
***
Бұтақ саған. Махаббат та жоқ, «бір бұрышқа тақап ап» та жоқ.
***
Екі күн өтті. Басқа телефон сатып алдым.
Қалай шыдадым? Ол тіпті де оңай.
Тасыңда қайрат болса, тістеніп ап, құлқыныңды жұдырығыңа түйіп ұстауға болады.
Осындай ойыммен мен жұдырығымдағы бұлғаң бұлғаң етіп, санаға қарсы көтеріліс ұйымдастырып жатқан "құлқынымды" түйіп түйіп алдым. «Жат-ей тыныш, о несі ей, тиыштық бер.».
Физиологиялық аңсарымды да тыйдым. Бірақ сонда да бірдеңе жетпейді. Ол не? Тамақ тоқ, көйлек көк, қыздар көп, уайым жоқ…
Уайым жоқ!??? Айым жоқ!
Тұра жүгіріп таксиге мініп, есігінің алдына барып, мектептегідей ысқырғым келді.
Онымды қалай түсінер екен?
Бұйырмаған нәрсе бұйырмайды -деп өзімді жұбаттым да. «Кербезденбей, бүгән түнде „аңға“ шығуға бел будым. Сыптай киініп ап, айнаға қарап, өзіме өзім көзімді қысып тұрғанда есікке біреу қоңырау шалды.
***
Айым жылап тұр. «Мен сенің пәтеріңнің қасындағы дүкенді ғана есімде сақтап қаппын. Екі сағат жүріп, сол дүкен арқылы әзер таптым. Неге телефоныңды алмайсың? Ағылшынша жоқ болып кеттің. Не болса да айтпайсың ба өзіме?
***
Ол да мені сүйеді екен. Мені емес-ау, мен сомдаған рөлді. Бірақ маған қарағанда батылырақ болса керек. Мен бәрібір ашылып, оған сезімімді білдіріп, қажетті сөздерді айта алмадым. Жауапкершіліктен қорықтым.
Есесіне ол да менің дәптерімдегі „елу қызбен табысу“ туралы жоспарымды көріп қалып, мені күйеулікке жарайтын салиқалы жігіт ретінде қабылдауын доғарды. Дәм тұзымыз өзім алдын ала болжағандай жараспады, өмір бойы рөл ойнағым келмеді.
Десем де „бойдақ жастық шақтан қандай естелік бар?“ дегенде есіме түсетін ой-жайлардың бірі осы.
бәлкім аталас дерсің?
интригамдыссс....Махаббат туралы жазбағаныма біраз болыпты