Wicker Park

(80.38 Kb, 500x375)
Бұл фильмнің экранға шыққанына 7 жыл болыпты, ал мен бүгін көрдім.

Кеше түстен кейінгі уақытта жүрегіме жақын бір қыздың блогын ақтарып, суреттерін қарап отқам, осы фильмнің ұнататынын жазып, суреттерін іліпті.
(86.67 Kb, 500x331)
Интернеттен көркем фильм жайлы ақпаратты тауып, оқып шықтым. Рецензиясы қысқа нұсқа, әрі қарай не болар екен деген ойға тіреп қояды екен. Жұмыстан қайтар кезде торрентпен жүктеуге қойып кеттім. Азанда жұмыстарымды реттеп, бүгінге демалыс жариялап, достарыма кетіп қалдым. Түскі уақытта пәтеріме келіп, жатып алып фильмді көрдім. Бас жағында онша ұнатпадым, ол қызға фильм неге ұнады деген сұрағыма жауапты алу үшін соңына дейін қарауға тура келді))

Соңында түсіндімғой бұл фильм не үшін ол қызға ұнайтынын!))

(84.49 Kb, 707x332)
Джош Хартнетт, Роуз Бирн, Мэттью Лиллард рөлдерін өте әдемі ойнапты, маған ұнады. Бәрінен де Роуз Бирнге ерекше ырыспек!

(68.42 Kb, 500x335)
Дайан Крюгер

Көркем фильмнен алған әсерім өте жақсы, айтарым көп болса да — жазып жеткізе алмай отырмын ойларымды)) Менің пікірімсіз ақ форумдар да бұл фильм жайлы пікірлер жыртылып айрылады екен))
Сіздерге де бұл көркем фильмді көруге кеңес беремін.
Бөлісу:

20 пікір

monti
менде жақында көрдім, өліп/талып, берері бар кино десе, қойЧ деймін. бір көріп тастауға тұрарлық кино ;) басты кейіпкер актриса қатты ұнайды, чет, вот соның фигурасы ураган!
есте қалғаны, қызыл табанды туфли, өмірде қызыл табанды киген қыздар жүр Алматы да, жаман есім кетті, бірақ ондай өзіме ала/алмаймын, тым биік :(
direct
иә, өліп талып көретін фильм емес, бір көруге тұратын өте әдемі кино екен)) анау қызыл туфлидің жарасы жеңіл деп ойлаймын қазіргі заманда, Алматы да табылмаса да басқа елдерден табылар көңіліңдегіндейі, сол жақтағы таныстар арқылы алдыруға болады)
direct
@monti фильмді бір рет көріп шығуға болады деген ойымды қайтып алдым))
Бүгін қайтадан қызығып көріп жатырмын, түсінігімде біраз өзгеріп жатыр көркем фильмге.
P.S: @monti өзің жылауықсың, імммммә))) (тілін шығарған смайл)
Abilakim
фильмді екі немесе үш мәрте көруге болады деп түзеп қойсаңшы)))
direct
Соған сәл ұқсап тұр Әбеке, бірақ әркімнің махаббат жайлы ой пікірі, құндылығы мен сезіміне байланысты болып тұр неше рет көріп шықса да)
Уақыт сағатымен қайталап көріп шығатын фильміме ұқсайды.
monti
)))
Алматы да табылмаса да басқа елдерден табылар көңіліңдегіндейі// табылмайды, ондай аяқ киімдер, тым биік болмаса, қызыл табаны көрінбейді деген. Сосын романтикалық кинолар қатты ұнайды екен ғо. саттың айтары бар еді: романтиканы ойлай беретін әлжуаз деген))))
Altygradus
осы дайрект сенің ілген суреттеріңді көру бір арман болды ғой:))))
direct
:)))))))))))))
Опера бірәузірімен қарап көрсиш.
Болмаса жекеге жолдаймын))
qisyq
Рецензия өртейд:)))))))))))))
direct
Мен рецензия жазған жоқпын, олай оқып/қабылдау да қажет емес)) жәй ой пікірімді жаздым.
Фильмге интернеттен тапқан рецензиям шыныменде өте қысқа, бары сол, ниеті түзу сайттас.
qisyq
Ммм, онда жақсы. Мен әуелгі ниет рецензия екен десем.
direct
Рецензия жазу қиын шаруа мен үшін)
Бірақ, ауызша рецензия айтып қызықтыра аламын адамдарды:)
direct
Рецензия жазу қиын шаруа емес мен үшін)
мына жерде қате кетіппін.
«Рецензия жазу қиын шаруа мен үшін» деп оқуларыңызды өтінем.
qisyq
Мынау жай қателік емес, саяси қателік болды:)))
direct
саясаттан хабарым болса да араласпаушы едім, содан ондай қателерге мән бермеймін)
sammita
ауызша рецензия айтып қызықтыра аламын адамдарды
сетевик?
direct
ондай виктерге қатысым жоқ
direct
Жаңа ғана сауынтіректерін жүктеп алдым, мына жерден:http://myzuka.ru/Album/201906/Wicker-Park-Ost-%D0%9E%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B6%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8C-%D0%A1%D0%B0%D1%83%D0%BD%D0%B4%D1%82%D1%80%D0%B5%D0%BA-2004

Мына тірекпен ауырып отырмын: Mum-We_All_Have_A_Map_Of_The_Piano…
alisha
Бұл фильмнің экранға шыққанына 7 болыпты
7 сағат па?)))
direct
түзетіп қойдым))кәттә грәсиәс! жұмыс көп, ми ашу болып жатыр мен жақта)