Себепсіз гүлдер.. (личное)
Көп гүлдің ішінде, көп сыйлықтың арасында ең қымбаты себепсіз гүлдер. Ойламаған жерден, тосын сый боп, күтпеген адамнан келген бір шоқ сәлемдеме ерекше ыстық сияқты. Міндетті түрде романтикалық астары болуы қажетті емес, әрине. Кей уақыт,құр, қараптан қарап біреу ықыласын білдірсе, достық сезімін айқындаса, тіпті кезінде тұтанған, бірақ лап етіп жанбай қалған сезімннің белгісі ретінде сыйға гүл жіберсе есте де, жүректе де қалады екен.
Болмай қалған, бұйырмай қалған сезімнің қалдықтары шығар. Біреуге жар, біреуге әке болып үлгерген адамның есінде әлі де бар екенмін. Рахмет, мачо.
Болмай қалған, бұйырмай қалған сезімнің қалдықтары шығар. Біреуге жар, біреуге әке болып үлгерген адамның есінде әлі де бар екенмін. Рахмет, мачо.
қазір мамамның гүл өсіруге немерелерінен қолы тимей кетті
Тағы да… қайран гүлдер қыршыннан қиылған
… Раушан гүлінен гөрі тюльпандарды артық санаймын. Бірақ, себепсіз сыйланған бір тал раушан гүлі-қымбатырақ, әрине Талғамымнан хабарсыз болғасын шығар (қыздардың бәріне раушан ұнайды деген пікірде болған ба), гүлмен бірге торт жіберіпті
Жұмыстағылар мәз болады алдымен, иә?))))))))))))))))))))
сыйлықтар тек саған емес, қасыңдағыдарға да позитив сыйлайды, шынымен, жұмыстағылардың бәрі мәз болады.
ой кеп тұр: қайталайын ба??!!!