Қандай сүтті алған жөн? Сынақ пен Сапа



Өткен аптаның бос уақыты Қазақстанның сүт нарығында үлесі көп брендтердің сапасын зерттеп, түсіруге арналды. Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстаннан шыққан белгілі өнімдердің сапасы қандай? Сүт сатып аларда неге көңіл бөлгеніңіз жөн? Біліп жүріңіз.
Әрі қарай

"Өлмек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екіұдай"

Адам баласы бұл өмірге келуінің өзі сүттен басталып, өмір бойы сүтпен қоректене бере алатын тірі организм. Алайда қазіргі уақытта интернетті ақтарып қарасаңыз сүттің адам ағзасына зиян екендігі туралы ақпараттар өте көп. Оған бірі сенсе, бірі сенбейді.
Блог - kokbori: Өлмек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екіұдай
Қоғамда «Адам баласы туылғанда ана сүтін емгенде, кейінінен неге сиыр сүтін ішпеске» деген түсінік қалыптасқан.
Блог - kokbori: Өлмек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екіұдай
Осы жерде сүттің ағзаға зиян екенін біліп тұрып. бірақ ішкісі келетін адамдардың ойына "Өлмек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екіұдай" деген Гамлеттің сауалы орала береді, орала береді, орала береді…

Енді осы сүттің құрамын талдап қарайтын болсақ

Лактоза
Блог - kokbori: Өлмек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екіұдай
Сүттің құрамындағы ең зиян нәрсе ол лактоза. Себебі адам ағзасында лактозаны қорытатын фермент жоқ. Сол үшін ол адам ағзасына түскен кезде ол адамның ішіндегі бактериаларға қорек болады. Егерде адам сүтті жиі қолданатын болса онда адам ағзасы латаза деп аталатын фермент бөліп шығарады. Алайда ол адам біраз уақыт сүт ішпей жүрсе бірден жоқ болып кетеді. Бірақ лактозаны қорытатын бұл ферменттің пайда болуының өзі дұрыс емес. Себебі лактоза қорытылғанда олглюкоза мен галактозаға бөлінеді. Глюкозаның жұмыс істеу принципі түсінікті. Ал галактозаны ағза қабылдай алмайды. Сондықтан ол ағзадан шықпай буындарға көздің жанары мен жыныстық мүшелерге жиналады.

Сүттің ақуызы мен май
Блог - kokbori: Өлмек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екіұдай

Блог - kokbori: Өлмек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екіұдай

Сүттің ақуызы негізіненказейн мен клейстерден тұрады. Бұзау сүтті емгенде оның ағзасында соларды қорытатын ренин ферменті түзіледі. Бізде ренин болмағандықтан казеин адамның қанына сіңіп аллергия тудырады. Ол сүттің ақуызын қорытамын деп тырысатын азға көптеп қышқыл бөледі, соның салдарынан адамның бүйрегіне зиян тиеді.

Егер сүт қышқылданбайтын болғанда майынан ешқандай да зиян болмас еді. Себебі қазіргі сүттер тұтынушыға жетемін дегенше қаншама өңдеуден өтеді. Табиғатта сүтті ауамен өңдемейді. Ал біздің ішіп жүрген сүтіміз жәй ғана май емес оттегілендірілген холестерин. Ол адам ағзасына өте зиян.

Кальций
Блог - kokbori: Өлмек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екіұдай
Енді сиыр сүті кальцийдің қайнар көзі деген ең үлкен адасуға келетін болсақ. Иә, сиыр сүтінде сүйекке пайдалы кальций бар. Бірақ ол шамадан тыс көп. Ол кальцийдің бәрін ағза қалай қорытады деп ойлайсыз? Кальций калий мен магниге қарағанда белсенді элемент болғандықтан қолайлы жағдай туа қолса кальций ол элементтерді ағзадан ысырып тастайды. Содан суда өте қиын еритін кальций тұздары пайда болады. Соның салдарынан буындарда, бүйректе тұз жиналады.

Кальцийдің осы қасиетін білген ағза оның сіңуін тоқтатуға әрекет жасайды.
Сол кезде келесідей картина пайда болады. Сүт кальцийге өте бай, сол үшін ағза оның артықтарын барынша ығыстырып шығаруға әрекет жасайды. Ал сүттің ақуызын қорытуға бөлініп жатқан қышқыл қандағы pH қышқылды бөлікке өтіп, оныңм орнын толтырмақ болған ағза кальцийді адамның сүйегінен алады.

Сүт адам ағзасына зиян екендігін білдіңіздер. Алайда сүтті мүлдем ішуге болмайды, ол ағзадағы кальцийді толық жойып жібереді деп есептейтінер қатты қателеседі. Өйткені бұл тек табиғи сүтке ешқандай қатысы жоқ тұжырым болып табылады.

Бүгінгі тас қаланың балалары пайдалы, ауылдың сүтін қайдан аламыз?
Блог - kokbori: Өлмек пе, қалмақ па? Ендігі сауал екіұдай
Бізге бұл жерде тек пастерленген жоғарыда айтқан зиянды қаситтері бар сүт қана бұйырған…

P.S. Постта пайдаланылған деректер көп уақыт интернетте сүт жайында оқыған мәліметтерге сүйене отырып түйген ойдың арқасында жазылған.
Әрі қарай

Сүтсіздік

Кезекті турға «сүт» тақырыбы берілгенде Абзалдың «бәріңе сүттілік» деп жазғаны бар еді. Бірақ, сол «сүттілік» мені айналып өткен секілді.

Блог - konvict: Сүтсіздік

Апта сә(ү)тті басталғандай көрінген. Ойда бірнеше жоспар бар. Алда-жалда соларды орындай қалсам, маған тең келетін ешкім болмайтыны анық-тұғын. Кешелі бері сә(ү)тсіздікке тап келдім. Жалпы сүтсіздікке ұшырағаныма көп уақыт өтіпті…

Сәби кезім. Анашым күнде бірнеше рет сүтімен қоректендіреді. Ештеңе ойламаймын, уайым-қайғы жоқ (Қиындық болса да оған ой жіберіп, алаңдамайтыным анық сол кезде). Уақыт өте келе мен де есейдім. Ана сүті азайып, оның орнын басқа тағамдар ала бастады. Бір жасқа келген соң тіпті тоқтап қалды. Сүтсіздік.

Кейінірек үй жануарларының сүтін іштік. Күнде таңертең сиырды патаға қосып келген соң, піскеніне көп болмаған ыстық сүттен сіміріп саламын. Алда-жалда нағашыларымның үйіне бара қалсам, қымыз бен шұбат дайын тұр. Нағашы атам керден кесеге толтырып қымыз құйып береді. Дем алмастан соңына дейін тауысуым керек. Әйтпесе, қолындағы таяғы жамбасқа келіп сарт етеді. Шұбаттың жөні бөлек. Ыстық күлшемен қосып ішкен қандай керемет еді, шіркін! Алайда, уақыт өте келе нағашы атам қартайды. Ешкім қымыз құйып бермейді енді. Мен қалаға ілім іздеп кеттім. Күнде таңертең анам пісіретін сүт те жоқ. Шұбатты анда-санда ішемін. Тағы да сүтсіздік.

Соңғысы сүтсіздікпен қатар сәтсіздікке де қатысы бар. Апта басында бәрі керемет еді. «Сүт» тақырыбына дайындап қойған жоспар да бар. Тек бейсенбі күні соны іске асыру керек. Өкінішке қарай, мен келіскен адам телефонын көтермеді. Сол күйі жоғалып кетті. Мұның бәрі ештеңе емес еді-ау, алайда сол аз ғана уақыттың ішінде ол менің жүрегімді жаулап алды…

P.S. Мұны оқыған қазылардың реакциясы мен қоятын бағасын жобалап отырмын. Өзім де сондай жағдайдамын.
Әрі қарай

"Канададан келген" сүт

Бала кезімде әр көктем сайын үйдегі сиырдың бұзаулауы ерекше оқиға еді. Ол туралы ең бірінші, әлбетте, анам біліп қоятын. Таңғы сағат алты-жетілерде шырт ұйқыда жатқан біз анамның «Сиыр бұзаулапты!» деген даусынан ұйқымыз шайдай ашылып, ұшып түрегелетінбіз.
Әрі қарай

Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің есімім Арман Бекеев. Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келгенмін. Сол жердің орта мектебінде білім алдым. Оқу бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түскен болатынмын, алайда өкінішке қарай қаржылық қиындықтарға байланысты жоғарғы оқу орнын аяқтай алмадым.

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

2011 жылдың күзінен бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Бүгінгі күні ИП «Жастар» деп аталатын құрылыс және саудамен айналысатын компаниям бар.

Бие сүтінен коктейль дайындау туралы идея менің Астанаға көшіп келуіммен байланысты. Бұл ісімді бастамас бұрын Сарыағаш ауданындағы базарда жұмыс істегенмін. Сол кезде қымыз сатуды қолға алған болатынмын. Алайда өкінішке қарай бұл ісім өңбеді. Өйткені адамдар қымызды құрамында алкоголі бар, кесемен берілетін сусын деп қабылдайтын. Бір күні осыдан неге тәтті коктейль жасап көрмеске деген ой келді. Сөйтіп қымыздан коктейль жасап сата бастадым. Бірақ бие сүті сиыр сүтіне қарағанда әлде қайда қымбат болғандықтан оны біздің ауданда алатын адам болмай, бие сүтінен жасалатын коктейлім сол күйі қалып кеткен еді.

Содан жақында теледидар қарап отырсам қымыз туралы бағдарлама болып жатыр екен. Ол бағдарламада Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 Халықаралық көрмесінде қымыз ұлттық сусын ретінде танылуы қажет екендігі туралы айтып жатқандығын құлағым шалып қалды. Сонда кезінде өтпеген коктейлімді ойға алдым…
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Егер Астана халқына байқап қарасаңыз көпшілігі үйлерінде емес сауда-ойын-сауық орталықтарында фастфудпен тамақтанады. Астанада фастфуд желілері өте қатты дамыған. Алайда қазіргі нарықтағы фастфудтардың саясында біздің отандық өнімдер қалып қойып жатыр. Оның үстіне интернеттен қарасаңыз қымызымызды немістер патенттеп алды дейді, ал қазақы етімізді ондай тағам кавказдарда да болған, ол қазақтың ұлттық тағамы емес деген сынды жазбалар да көптеп кездеседі…

Дәл бүйтіп кете беретін болсақ жақында осындай құндылықтарымыздан айырылып қаламыз ғой. Сол үшін мен өзіміздің ұлттымызға тән бие сүтінен ұлттық коктейль жасауды қолға алдым.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Астанадағы фастфудтарда ең кішкентай 200 мл. коктейльдің құны 350 теңгеден басталады. Ал үлкендері 1800 теңгеге дейін барады. Алайда ол коктейльдердің барлығы шетелдік өнім, шетелдің Қазақстандағы жарнамасы. Ал мен отандық тауарға сұранысты арттыруды көздеймін. Егер Википедиядан қарап көрсеңіз қымызды бие сүтінен жасалатын вино деп атағандығын кездестіресіз. Негізі ол олай емес. Өйткені, оны кішкетай балалар да ішеді. Тіпті қымыздан нешетүрлі тағамдар дайындалады.

Болашақта қазіргі бастап жатқан жобам сәтті іске асып жатса, қымыздан коктейль ғана емес, балмұздақ сынды тағыда басқа тәтті тағамдар жасау ойымда бар.

Егер де нарыққа шығып жатсақ бұл коктейльдің бағасы 1000-1500 теңге аралығында болады деп жоспарлаудамын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің коктейлім Қазақстанда қымыздан жасалған алғашқы коктейль емес екендігін айта кету керек. Себебі, Елордамызда маған дейін түңгі клубтардың бірінде қымызға бренди, мартини сынды алкогольді сусындар қосып коктейль жасаған екен. Ал мен қымызды ішімдік ретінде танылғандығын қаламаймын. Өйткені Қазақстанның ұрпағы алқаш болып емес, сау болып өсуі қажет.
Менің коктейлім Қазақстандағы қымыздан жасалған алғашқы алкогольсіз сусын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің жасаған коктейльдерімнің алғашқы дигустаторлары жолдас балалар мен құрбыларым.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Бүгінгі күні бие сүтінен жасалған коктейльдің екі түрі бар. Бірі қымыздың кәдімгі ашытылған түрінен жасалған қышқылтым дәмі бар «Астана» коктейлі болса, екіншісі саумалдан жасалған тәтті «Махаббат» коктейлі».
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Жасалу жолына келетін болсам коктейльдің дайындалу барысында 100 пайыз табиғи өнімдер пайдаланылады. Бүгінгі күні қымызды өзіміздің Көкшетау облысындағы Бурабай кентіндегі фермерлермен келісіп, биенің таза сүтінен алғызудамын. Одан басқа тәтті дәм беру үшін сахароза мен ванилль, шоколад немесе жеміс-жидектер қосамын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Қазір мен сіздерге теорияда қалай жасалатындығымен бөлістім. Бұл коктейль әлі толықтай патенттелген жоқ. Кейін нарыққа шығып жатса да оның өндірістік құпиясы ашылады деп ойламаймын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Егер қымыздың тарихына үңілетін болсақ, ең алғаш рет қымыз сақтардың кезінде ойлап табылған екен. Ең ежелгі қымыз 550 жыл бұрын жасалған сақ қорғанынан табылған. Олар жылқының сүтін іше отырып одан жылқының күшін аламыз, өте үлкен күшке ие боламыз деп есептеген. Сол үшін оның жасалыну жолы дұшпандарының қолына түспес үшін, оны асқан құпиялықпен сақтаған екен. Осылайша биенің сүтін ашытып, қымыз жасау осы XX ғасырға дейін көрші басқа елдер үшін құпия болып келді. Олар тек қана XX ғасырға келіп қана қымыз қалай жасалынатынын білді. Ал дәл қазір XXI ғасырға келіп біз одан коктейль жасап отырмыз. Бұл "ұлттық коктейльдің" жасалу жолы құпия болып қалғандығын қалаймын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Болшақта ингредиенттері құпия Coca-cola, Costa, Fanta сынды аты аңызға айналған ингредиенттері құпия ұлттық брендке айналады деп сенемін!

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Осы жерде менің бұл жобамды бірден қабыл алған «Үлес – 2020» компаниясының, мені қаржыландырып дамуыма мүмкіндік берген Астана қалалық әкімдігінің жастар саясаты басқармасының және менің «Ұлттық коктейлім» жайындағы ақпараттардың бұқаралық ақпарат құралдарының бетіне шығуына көмек берген «Аstana Іnnovation» АҚ-ның өкілі Саттар ағаларымның еңбектерін атап өтпеске болмайды. Осы кісілердің қолдауымен «Астана қаласының жастары арасындағы инновациялық идеялар мен жобалар» байқауына қатысып, 15 сәуір күні «Ең үздік инновациялық өнім» номинациясы бойынша жеңіске жеттіп, "Қозы корпеш — Баян сұлу" күніне орай менің «Махаббат» коктейлім осы күннің сусыны атанды.

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

«МАХАББАТ» коктейлінің тарихы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Бие сүтінен жасалған тәтті «Махаббат» коктейлінің өзіндік ерекше тарихы бар.

Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2012 жылдың 1 қаңтарында анам қатты ауырып 4 қаңтар күні оны аудандық ауруханаға алып бардық. Сол кезде анама төртінші деңгейлі рак деген диагноз қойды. Төртінші деңгей рактың ең ауыр соңғы деңгейі болғандықтан оған ешқандай ем болмайтындығын түсіндік. Сөйтіп, емдей алмасақ та өмірін 1-2 айға болса да ұзартайық деп, әр түрлі ем-домдарды қарастырдық. Сонда қымыздың рак ауруына ем болатындығын біліп, күнде таңертең анама саумал әкеліп беріп жүрдім. Алайда ауруы асқынып кеткендіктен ол өкінішке қарай анама көмектеспеді.

Ал қазіргі уақытта рактың енді басталып келе жатқан 1 және 2 деңгейі кезінде ғылыми дәлелдерге сүйене отырып саусалмен емдейтін санаторийлер ашылған.

Осы жерде «Қымыз ағзаға қалай әсер етеді?» орынды сұрақ туындайды:
Әрі қарай

Иттің жүні, ешкінің сүті...

Ұмытпасам бұл оқиға 2009-шы жылдың қысының аяғында не көктем мезгілінің бас жағында болды. Әйтеуір үстімізде қалың киімнің бары рас. Отбасылық өмірге ептеп болса да төселіп қалған кезіміз. Ұлымыз Ринаттың алты-жеті айлық кезі. Бір күні баламыздың мазасы қаша бастады. Дәрігерге көрсетіп едік «Қызуы көтеріліп тұр, бірер күнде қайтады» дегендей бірдеңелер айтып шығарып салды. Айтылған бірер күні өткен кезде Ринаттың көзі кіртиіп, еңбегі түсіп кетті. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген рас екен. Бала ауырғаннан бергі үшінші күні ауылдан жеңгем келе қалды. Ринатқа қарады да «Мынаған ит тиген» деген диагноз қойып берді.
«Ит тию» деген аурудың барын бала кезімізден білеміз. Баланың тілі итке өз еркімен «Кет» дейтін жасқа жеткенше ауыратын ауруы. Барлық бала ауыра бермейді әрине. Оған түрлі себеп бар. Иттен қаймығу, баланың кәкәсін ит жеп қойса да ауырып қалады деген сенім бар. Ауылдық жерде шешелеріміз «Ит тиген» баланы өлген иттің бас сүйегімен жуындырып, иттің өлексесінің орнына аунатып, ем-дом жасап жататын. Қасқырдың өтін іздестіріп жатқан үлкендерді де көргенбіз. Қалада ондай мүмкіншілік жоқ.
Әбіләкімнің  ауылы: Иттің жүні, ешкінің сүті...Жеңгем, «Маған иттің бір уыс жүнін әкеліп бер. Мен сонымен ұшықтап жіберейін» деді. Есіме бірден түскен адам әлде ит көрші подъездегі сабалақ жүнді иті бар жалбыр шаш орыс болды. Салып ұрып жетіп барып, соның есігін қақтым. Жаман орысшаммен итінің бір уыс жүнін қиып беруін өтіндім. «Не, дружище, не могу. Я с этим другом уже 15 лет живу, не могу» дейд әлгі атаңа нәлет. Ол кезде әскери қызметтемін. Бір басыма жететін орысша-қазақша боқтықтың багажы әжептеуір болып қалған. Боқтап-боқтап шығып кеттім. Иттің жүнін іздеген бірінші күнім осылайша сәтсіздікпен аяқталды.
Әрі қарай

Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері

Блог - patick: Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері
Кеңес заманынының оқулықтарында Лениннің келесі оқиғасы баяндалатын: Көсем түрмеде отырған кезінде, үзеңгілес жолдастарына құпия хат жолдайтын. Әрине оған қалам-сия берілген жоқ. Сондықтан ол сияның орнына сүт пайдаланған. Ақ қағазға сүтпен жазса — ештеңе көрінбейді. Оны оқу үшін қағазды сәл қыздыру керек.

Мен сүттің қоректік функциясынан бөлек, тағы қандай салаларда және қандай мақсатта қолданылатынын іздеп көрдім. Сөйтіп, төменде ұсынылған келесі қызықты деректерге тап болдым.

Тұрмыста

Блог - patick: Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері
Төркініңізден келген сүйікті фарфор тәрелкеңіз жарылып кетті ме? Бұны сүттің көмегімен қалпына келтіруге болады. Тәрелкені кәстрөлге салыңыз, оған сүт құйып, жай отпен 45 минуттай қайнатыңыз. Сүттің құрамындағы ақуыз — ұсақ жарықтарды бітеп тастайды.

Өңі кете бастаған күміс қасық-шанышқыларыңыз болса, оларды да «жаңалап» алыңыз. Ашыған сүтке батырып, жарты сағатқа қою керек. Сосын жылы суда сабындап жуып, жұмсақ шүберекпен мұқият сүрту қажет.

Сүтпен киім-кешекті де тазартуға болады. Лакталған былғарыдан жасалған бұйымның (аяқ киім, сөмке, әмиян) өңі кете бастаса, оған сүт жағып, кепкеннен кейін жұмсақ шүберекпен сүру керек.

Түсті киімге дақ түскенде, киімді бір түнге сүтке батырып қою қажет. Ертең шығарып, жуып аласыз — болды.

Халық емдері

Блог - patick: Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері
Ана сүті емдік мақсатта да пайдаланылады. Көз қызарғанда, ісігенде, көзге инфекция түскенде ана сүтімен шаю керек. Көзді тазалаудың екі жолы бар — мақтаны сүтке малып сүрту немесе тамызғышпен тамызу.

Сонымен қатар, құлақ ішіне түскен инфекцияны ана сүтін тамызу арқылы, тамақ ауырғанда ана сүтімен шаю арқылы жазуға болады екен.

Теріні жасарту, косметология

Блог - patick: Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері
Сүтпен жуылған шаш жұмсарып, оның қалыңдауына, қайызғақтың арылуына сеп болады. Әрине, бұл жерде жасартқыш сұйықтық дайындауда тек сүттің өзі ғана емес, оған жұмыртқа, бал, ұн қосылады. Нақты рецептісі пен оны қолданудың әдіс-амалдары қажет болса — іздеу жүйелеріне жүгініңіз.

Жануарлардың сүті тері үшін де пайдалы екен. Мысалы, ешкі сүті терінің қартаюын бәсеңдетіп, тіпті регенерациялық қасиетке ие дейді. Нардың (бір өркешті түйе) сүті теріні ылғалдандырып, жұмсартады.

Косметологтар аңыздарда айтылатын Клеопатраның сұлулық құпиясы — жылы сүтке шомылудан деп түсіндіреді. «Бір литр сүт пен бір қасық балдың қоспасымен аптасына 2 рет жуыныңыз. Таңғаларлық нәтижесін көп кешікпей көре бастайсыз», — дейді мамандар.

Ал теріні тазартуға сүзбеден, айраннан немесе қаймақтан жасалған маска пайдалануға болады. Сүтті косметологияда қолданудың осындай және басқа да тәсілдері жетерлік.

Сән әлемінде

Блог - patick: Блогиада #3: Сүттің балама қасиеттері
Неміс модельері және биологы Анке Домаске (Anke Domaske) кезекті киім үлгілерін сүттен жасап шығарды. Ол материал ретінде ашыған сүтті пайдаланған. Түрлі эксперименттердің нәтижесінде сүттен — казеин деген зат бөліп алды. Осы ақуыздар массасынан Анке талшық, ал талшықтан мата шығарды. Осылайша оның қолынан сүттен жасалған әйелдерге арналған жазғы киімдер коллекциясы жарық көріпті. Сүттен жасалған мата қолға ұстағанда жібекті еске түсіреді екен.

Былтыр Анке Домаскеден үлгі алған өзіміздің оралдық жігіттер Atameken Startup Weekend байқауында сүттен мата өндіру жобасын ұсынған болатын. Олар неміс модельерінің бастамасын Қазақстанда іске асырмақ.

Сүттің қасиетін ерекше бағалайтындардың бірі өзіміз — қазақтар. Үйге кірген жыланның басына ақ құю — жамандықтан аулақ болудың белгісі. Сол секілді Сенегал мен Гамбияда да ұқсас ритуал бар екен. Ерлер ұлттық күресу сайысына шығар алдында сүтке шомылады екен. Бұл оған күш-қуат береді-міс. Ендеше сүттің осындай энергетикалық һәм практикалық қасиеттері өмірімізде кеңінен қолданыла берсін.

Посттағы ақпараттарды жазуға uhodzavolosami.com, lady.novostiua.net, moloko.cc, bibliotekar.ru, kakun.ru, nevozmozhnogo.net секілді ресурстар көмек болды.
Әрі қарай

Бешамель

Париж. Көздің жауын алатын керемет қала деп әсте айта алмас едім. Кәрі құрлықтың өзі сияқты кәртамыс қалалардың қай-қайсысынан айырмашылығы жоқ. Дәл сондай ирелең-ирелең, тас төселген тар көшелер. Бір адам әрең сиятын шағын балкондары бар орта ғасырлық үйлер. Одан қалды жылдардың иісі сіңіп қалған кішкентай ғана аулалар.
Әрі қарай

Нағима

Түсіме Нағима кіріп жүр...«Тағы кірді» демей-ақ қояйын.Бірінші рет кірді түсіме. Бәлкім соңғы рет… Бота көзі мөлдіреп маған қарап тұр екен деймін. Тура өмірдегідей. Көзқарасын айтамын. Ондай көзді кейін мен кездестірмедім. Жә, басынан бастайын.«Нағимасы кім, Есқалиева ма?» деген сауалдар мазалап өткен болар оқыған жанды.
Ол кезде мен баламын. 92-93- ші жылдар шамасы. Жайлаудамыз. Қарасудың бойы. Көрші жайлаудан, яғни Бесқауғада отырған Жақан атты малшыдан бізге бір тайынша ауысып келді. Шатысып кеткен түгіміз жоқ, айырбастап алдық. Сол тайынша біздің қорамыздағы өзі құралпылас тайыншалардан ірі болатын. Үлкен денесіне жараспайтын киіктің басындай кішкене басы бар. Көзі… Енді, ондай көз тек боталарда бар шығар. Ірілігіне қарап біз оған «Нағима» деп ат қойдық. Есқалиеваның құрметіне. Содан Нағима құнажын шықты. Дөнежінге өткен жылы бұзаулады. Армандап жүрген бұзауымыз болған соң «Арманай»деп (ұрғашы бұзау) атадық.Нағиманың бір ерекшелігі қаншама жыл төлдеді, қаншама бұқа ауысты, барлық бұзауының көзі өзінің көзіндей сиыр малына тән емес бота көз болушы еді.
Нағима дәәәәу сиыр болды.Табын сиырдың ішінде түйедей болып алыстан көрінуші еді. Жеңгемнің салған бақшасының жауы болды. Қоршап қойған торкөз сымдардан жәй ғана аттап кете салушы еді. «Обратка» сүттерді (көк сүт, сеператорджан өткен сүт, ол кезде ешкім ірімшік жасап сату дегенді білмейтін ауыл жақта) бір өзі ішуші еді астаудан. Кей жылдары 18ге дейін сауын сиырын сауатынбыз.Осылардан шыққан сүттің обраткісін өзі жалғыз ішуші еді. Ол кезде басқа ағаларым үйленбеген.Жеңгеме сиыр сауып көмектесетінмін. Басқа сиырлардың барлығын сауа алғаныммен Нағиманы сауа алмайтынмын.Желіні уысыма симаушы еді. Ондай сүтті сиырды содан кейін көрмеппін. 13-15 летірге дейін сүт беруші еді. Кейін жылдар өте қартая бастаған соң күздікке кетті жарықтық. Еті үш үйлі жанға жетті ғой.
Әрі қарай

Бие сүті мен қымыздың үкімі қандай?


Биенің саумалы халал. Өйткені жылқы еті төрт мәзһаб бойынша, халал болып саналады. Еті халал малдың сүті де адал болмақ. Тіпті бие сүтінің өзге мал сүтіне қарағанда пайдасы молырақ. «Бие сүтінің химиялық құрамы пайыз есебімен алғанда мынадай болып
Әрі қарай