Бешамель
Париж. Көздің жауын алатын керемет қала деп әсте айта алмас едім. Кәрі құрлықтың өзі сияқты кәртамыс қалалардың қай-қайсысынан айырмашылығы жоқ. Дәл сондай ирелең-ирелең, тас төселген тар көшелер. Бір адам әрең сиятын шағын балкондары бар орта ғасырлық үйлер. Одан қалды жылдардың иісі сіңіп қалған кішкентай ғана аулалар.
Иә, мұнда Лувр, Нотр-Дам де Пари, Сакри Кер, Эйфель мұнарасы бар. Алайда, олардың да сәні талай туристтің сұқтана қараған жанарының кесірінен күңгірт тарта бастағандай. Әлде маған дейін көрген, менен кейін көретіндердің бәрінен қызғанатын сияқтымын ба? Мүмкін.
Күн ұзақ қаланы жаяу аралап, қарным аша бастағанда Сенаның жағасындағы шағын кафелердің біріне түстенуге отырдым. Өзімді гурмандар қатарына жатқызбасам да, тамақтың дәмдісін ішкенді жақсы көретінімді несін жасырайын. Орайы келіп тұр екен, мақтаулы француз дәмін неге татып көрмеске?
Алдымен пияз сорпасын соғып алдым. Екінші бергендері кәдімгі макарон екен. Көңілім қорашсынғанмен, сегіз еуросы төлеген тағамнан бас тартатын ақымақ мен емес әрине. Бірақ, дайындай білсең, макаронды да өнер туындысына айналдыруға болады екен. Бірінші қасығын асаған бойда балалығым, анамның алақаны, жаңа бұзаулаған сиырдың уызы, тіпті, неге екені белгісіз, бес жасымда бірге ойнаған көрші қыз Малика есіме түсті.
Біз пақыр қайдан білейік, әрі сондай таныс, бірақ сондай қайталанбас дәмді тудырған тұздық екен. Бешамель – бұл сүттен жасалған соус. Барлық соустың атасы десе де болады. Өйткені, көптеген танымал тұздық бешамельдің негізінде жасалады.
Әттеңі — бұл жолғы сапарда қасымда жампозым болмады. Уақыт бар. Сена бойындағы шағалаларға жем беріп, Булон орманында қол ұстаса қыдырып, Парижді әлі талай араларымыз анық. Ал, оған дейін бешамельді өзім-ақ жасай бермеймін бе?
Ингредиенттер: сүт, ұн, сары май, тұз, бұрыш. Байқағаныңыздай, дәл өлшемін жазған жоқпын. Өйткені өзім әр кезде әртүрлі жасаймын.
100 грамм майды орташа отта қызып тұрған табаға саламыз. Әбден еріп болғанда, үстіне екі ас қасық ұнды сеуіп, екі-үш минут бойы жақсылап былғау керек. Мұнан соң, үстіне жарты литрдей сүт құйып, отты күшейтіп, қайнағанша араластырамыз. Кейін отты қайтадан бәсеңдетіп, он минут бойы тынымсыз былғап тұрамыз. Қалауыңызша тұз бен бұрыш қосуды да ұмытпаңыз. Тым қою болып жатса, қалған сүтті қолдануға болады.
Вуаля, бешамель дайын. Бұл соусты әрі қарай жетілдіре беруге тек фантазияңыздың тарлығы кедергі болуы мүмкін. Әйтпесе, пияз қосасыз ба, мускат жаңғағының ұнтағын себесіз бе, әлде лавр жапырағын саласыз ба — өз еркіңіз. Мәселен, біздің бүгінгі негізгі тамағымыз — макарон. Демек, мен бешамельге ірімшік қосамын.
Сүт десе бізге елестейтіні айран, құрт, май, ірімшік. Одан соус жасайды дегенді Парижге бармасам, білмес те едім. Жоға, мұным енді артық. Өйткені бешамельді еуропалық тамақ ұсынатын кез-келген мейрамхана пайдаланады. Сенбесеңіз, барған жеріңізде сұрай жүріңіз.
bon appétit

Өзіңнің бәлішіңнің рецептін студияға сұраймыз.
Малахов: — Разрешите на такой ноте завершить сегодняшнюю программу.