Нағима
Түсіме Нағима кіріп жүр...«Тағы кірді» демей-ақ қояйын.Бірінші рет кірді түсіме. Бәлкім соңғы рет… Бота көзі мөлдіреп маған қарап тұр екен деймін. Тура өмірдегідей. Көзқарасын айтамын. Ондай көзді кейін мен кездестірмедім. Жә, басынан бастайын.«Нағимасы кім, Есқалиева ма?» деген сауалдар мазалап өткен болар оқыған жанды.
Ол кезде мен баламын. 92-93- ші жылдар шамасы. Жайлаудамыз. Қарасудың бойы. Көрші жайлаудан, яғни Бесқауғада отырған Жақан атты малшыдан бізге бір тайынша ауысып келді. Шатысып кеткен түгіміз жоқ, айырбастап алдық. Сол тайынша біздің қорамыздағы өзі құралпылас тайыншалардан ірі болатын. Үлкен денесіне жараспайтын киіктің басындай кішкене басы бар. Көзі… Енді, ондай көз тек боталарда бар шығар. Ірілігіне қарап біз оған «Нағима» деп ат қойдық. Есқалиеваның құрметіне. Содан Нағима құнажын шықты. Дөнежінге өткен жылы бұзаулады. Армандап жүрген бұзауымыз болған соң «Арманай»деп (ұрғашы бұзау) атадық.Нағиманың бір ерекшелігі қаншама жыл төлдеді, қаншама бұқа ауысты, барлық бұзауының көзі өзінің көзіндей сиыр малына тән емес бота көз болушы еді.
Нағима дәәәәу сиыр болды.Табын сиырдың ішінде түйедей болып алыстан көрінуші еді. Жеңгемнің салған бақшасының жауы болды. Қоршап қойған торкөз сымдардан жәй ғана аттап кете салушы еді. «Обратка» сүттерді (көк сүт, сеператорджан өткен сүт, ол кезде ешкім ірімшік жасап сату дегенді білмейтін ауыл жақта) бір өзі ішуші еді астаудан. Кей жылдары 18ге дейін сауын сиырын сауатынбыз.Осылардан шыққан сүттің обраткісін өзі жалғыз ішуші еді. Ол кезде басқа ағаларым үйленбеген.Жеңгеме сиыр сауып көмектесетінмін. Басқа сиырлардың барлығын сауа алғаныммен Нағиманы сауа алмайтынмын.Желіні уысыма симаушы еді. Ондай сүтті сиырды содан кейін көрмеппін. 13-15 летірге дейін сүт беруші еді. Кейін жылдар өте қартая бастаған соң күздікке кетті жарықтық. Еті үш үйлі жанға жетті ғой.

біздің үйдегі сиырларға беретінбіз, кейбірі аса жақтырмайтын, біреусі жақсы көретін:)
Бізде де бір кербез сиыр болған. Ауылдың жұлдызына айналды. Өмірінде бір мөңіреп көрген емес. Тек алғашқы бұзауын туғанда көмейімен аздап ыңырсығаны бар. Аты — Ақ кербез болатын. Шөппен бірге сым (шалбар емес, стальный провод, ептілер) жұтып қойып, содан оңала алмайтын болған соң сойып алдық.
Астрахандық тұқым. Бойлары биік болады. Сүйектері ірі, май жинамайды, есесіне етті болады. Сүтті мол береді, бірақ бұзауларына деген аса бір құмарлығы жоқ. Қосылып кетсе де, бұзауы ембейтін. Бірге жайылып жүреді жай ғана.
іші үлкеееен қара сиыр болған бізде, кешке жайылымнан тойып келгенде есікке сыймайтын:)
теңге ауысқан жылы сойып жедік)
Очым сол қыстан сиырлар да, өзім де жүдеп шықтық. 2 сиыр тіптен көтерем болып, біразға дейін итеріп, аузына арақ құйып орнынан тұрғызып жүрдік. Кейін күзге қарай мамам: "құрысын, қызым да, сиырлар да өлетін болды" деп әкеме ұрсып, бәрін сойғызып тастады.
Бұл сиырлар «Веселая ферма» ойынындағы сиырлар емес қой тоқтаусыз сүт бере беретін :)
:)))))))))))) әлгі Назгүл қайда жүр? сценарий жалғасын таптық))
Ақ*-сүт, анау-мынау.
Мынауыңды Гринпис естімесін :)))))
деп таңырқайды ятсыз))))))))))))))
құсбегісің бе шынымен, пост ашып таныстыр өзіңді)
Онда не өзіңше, үйленіп, лақтыру туралы әңгіме айтып отырсың, ваще боқмұрын болдың ғо сен ол кезде:))))
өзіміз тема таппай отырғанбыз, әркімге бір соқтығысып)
— бір сиыр көрінбейді ғой, балам?
— ааа, өткен аптада суатқа батып өлген…
Очым,өмірлік тәжірибеден түйгенім, дұрыстап қарайтын адам болмаса, мал ұстаудың қажеті жоқ.
Артақшылығы: етті, сүтті, берекелі
Кемшілігі: бау-бақшаны отайтыны, күйсей беретіні (бір сиыр көршіміздің жайылып тұрған кірлерін жеп кеткен :))
— әлгі сиырыңыз шынында да көп сүт береді екен. бірақ оны тойдырамыз деп қатын екеуміз аштан қалатын түріміз бар)))
«Сиырлар ұшақта, билетсіз...»
Сиырсыр белгілі «дөкейге»
Білерім біз сиыр емеспіз
Жұқа киіммен шығып кеткем, тоңып қалдым. Мұрынбоғымды жеңіме жағып қойыып, әндетіп келе жатсам, ағам алдымнан шықты, жанұшырып. Мен үшін қатты қорқыпты, жүрегім ауырып кетті деп қояды:)))
тайөгіз-бұқа)
Біздің үйдің сиыры майда болатын, бірақ сонда да сүтті молынан, аямай беретін еді.
Көздері әдемі ғо, әдемі, тек мөңіремесе болды :)
Баяғыдағы сиырлар еске түсті.
Бізде де бір ірі сиыр болды, теуіп тұратыны болатын сауған кезде, сосын мүйізі үлкен, басқа сиырларды менсінбейтін. Сонысына біз жынды сиыр дейтінбіз:)))