Қазақстан Тәуелсіздік алатынына сенімім шексіз еді…

/ / 1 / 1183 / 0

Кеше 16 Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Измирде білім алып жатқан қазақстандық студенттер Измирдегі Алаш Қазақ жайлауында атап өттік. Жайлаудың иесі Шеризат ақсақал соңғы уақыттарда сыр бере бастаған денсаулығына қарамастан...

Жылқы кісінескенше...

/ / 4 / 3663 / 0

«Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген екен бізден бұрынғы қазақтар. Ия, жан-жануарларда сөйлейді. Бір-бірімен қалжыңдаса да алатын шығар бәлкім. Ауылда өскен бала болған соң әр малдың жүріс-тұрысын аңдап өскенбіз. Жүні қалың қойларға қарап «Осылар ыстықтамай ма екен?» деп бала кезімде талай ойланушы едім. «Денелері қышымайды ма?» деген...

Мал бауыздау

/ / 141 / 5803 / 1

Ауылда өскендіктен көбіміздің көзіміз бала кезімізден сойылып жатқан малды көруге үйреніп кеткен болар. Бала кезімізде үлкендер жылына бір рет таң алакеуімде ұйқымыздан тұрғызтып алып, қой сойғанда сол малдың бір сирағына жармасқызтып қоюшы еді. сөйтсем айтқа шалынған құрбандықтың шарапаты тие берсін дегендері екен ғой. Кейін дін жақсылап...

Ат құлағында ойнау

/ / 7 / 1207 / 0

Екінші не үшінші класс бітірген жылғы жаз. Жайлаудамыз.Асау аттарға міне алмасам да үйдегі бір-екі аттың жалын тартып мінетін дәрежеге жеткен ем. Бізден 10-15 шақырым жердегі жайлаудағы құда балалар келе қалды. Қанжығаларында киік. Жолай иттері алған екен, бізге бұйырған сыңайлы. Содан кешкілік құда балалар өз жайлауларына қайтпақ болды. Менен...

Нағима

/ / 156 / 3143 / 0

Түсіме Нағима кіріп жүр...«Тағы кірді» демей-ақ қояйын.Бірінші рет кірді түсіме. Бәлкім соңғы рет… Бота көзі мөлдіреп маған қарап тұр екен деймін. Тура өмірдегідей. Көзқарасын айтамын. Ондай көзді кейін мен кездестірмедім. Жә, басынан бастайын.«Нағимасы кім, Есқалиева ма?» деген сауалдар мазалап өткен болар оқыған жанды. Ол кезде мен баламын....

Бензіннің летірі 18 теңге...

/ / 25 / 1212 / 0

"Қай жақта?"-деп отырған жеріңізден атып тұрмай-ақ қойыңыз. Баяғыда, жайлауда естіген әңгімем ғой бұл. Үлкендер өзара әрнені қыртысып отыр. Бір кезде біреуі«Бензіннің летірі 18 теңге болды, 20-ға барғанда жаяу жүретін шығармыз...» деді. Содан бері әжептеуір уақыт өтіп, бензін бағасы да әжептеуір өзгеріске ұшырыпты. Бірақ, машинасын...

Жүзіп(малтып) үйрену

/ / 24 / 4010 / 0

Адам ананың құрсағында суда жатқанымен суға жүзуді үйреніп тумайды екен. Бала кезім Қарасу деп аталатын жайлауда өтті. Түбі көрінбей қарайып жататындықтан солай атаған халық. Дегенмен бастауын бұлақтан алатын басқа бір өзенде бартын маңайда 1 шақырымдай жерде.Суы қыста да қатпайды(бұлақ қой). Жаздың ыстық күнінің өзінде суы салқын болып тұрады....

Жайлау.Мен.Әке-шешем.

/ / 10 / 3707 / 0

Бала кезімнен жайлауда өскен қазақтың бірімін. Мектептегі сабақтарымыз аяқталар-аяқталмастан жайлауға тартып кететінбіз.Шамамен он жастағы кезім.Мен ата-әжемнің қолындағы баламын ғой.Немерелерінің үлкенімін (ер балалардың ішінен). Әке-шешем ауылда жеке тұрды. Оларды онша мойындай қоймасамда іштей оларды көргім келіп тұратын сол кездерде де....

Әзірше айызың қанбайды немесе кезбенің арманы.

/ / 4 / 3504 / 0

Кейбір кездері — Қазақстанның құстары, немесе аңдары, табиғаты т.с.с пайыммен өз тілімізде қызықты графикалық мәліметтер іздесең аз табасыңда, орыс тілінде құмарың қанғанша түрлі мәліметтерге қарық боласың. Әңгіме жасап отырған нәрсем — түрлі форматтағы суреттер. Қазақстанның бұрыш бұрышындағы небір ғажайып табиғи көріністерінің...

Жайлауым

/ / 0 / 1543 / 0

Шешетін көңіл байлауын Жайлауым, ай-хой жайлауым Шыңғырған құлын желіде Кете алмай үзіп байлауын. Өзім мінген тайынан Алааяқ менің құнаным Тұр ма екен қазір ат болып Қайшылап қос құлағын Бұлдыраған сағымдай Кішкене жота тауым-ай Көзіме биік көрінер Жоңғар Алатауындай Көзінен шыққан бұлақтың...