Сүтсіздік

Кезекті турға «сүт» тақырыбы берілгенде Абзалдың «бәріңе сүттілік» деп жазғаны бар еді. Бірақ, сол «сүттілік» мені айналып өткен секілді.

Блог - konvict: Сүтсіздік

Апта сә(ү)тті басталғандай көрінген. Ойда бірнеше жоспар бар. Алда-жалда соларды орындай қалсам, маған тең келетін ешкім болмайтыны анық-тұғын. Кешелі бері сә(ү)тсіздікке тап келдім. Жалпы сүтсіздікке ұшырағаныма көп уақыт өтіпті…

Сәби кезім. Анашым күнде бірнеше рет сүтімен қоректендіреді. Ештеңе ойламаймын, уайым-қайғы жоқ (Қиындық болса да оған ой жіберіп, алаңдамайтыным анық сол кезде). Уақыт өте келе мен де есейдім. Ана сүті азайып, оның орнын басқа тағамдар ала бастады. Бір жасқа келген соң тіпті тоқтап қалды. Сүтсіздік.

Кейінірек үй жануарларының сүтін іштік. Күнде таңертең сиырды патаға қосып келген соң, піскеніне көп болмаған ыстық сүттен сіміріп саламын. Алда-жалда нағашыларымның үйіне бара қалсам, қымыз бен шұбат дайын тұр. Нағашы атам керден кесеге толтырып қымыз құйып береді. Дем алмастан соңына дейін тауысуым керек. Әйтпесе, қолындағы таяғы жамбасқа келіп сарт етеді. Шұбаттың жөні бөлек. Ыстық күлшемен қосып ішкен қандай керемет еді, шіркін! Алайда, уақыт өте келе нағашы атам қартайды. Ешкім қымыз құйып бермейді енді. Мен қалаға ілім іздеп кеттім. Күнде таңертең анам пісіретін сүт те жоқ. Шұбатты анда-санда ішемін. Тағы да сүтсіздік.

Соңғысы сүтсіздікпен қатар сәтсіздікке де қатысы бар. Апта басында бәрі керемет еді. «Сүт» тақырыбына дайындап қойған жоспар да бар. Тек бейсенбі күні соны іске асыру керек. Өкінішке қарай, мен келіскен адам телефонын көтермеді. Сол күйі жоғалып кетті. Мұның бәрі ештеңе емес еді-ау, алайда сол аз ғана уақыттың ішінде ол менің жүрегімді жаулап алды…

P.S. Мұны оқыған қазылардың реакциясы мен қоятын бағасын жобалап отырмын. Өзім де сондай жағдайдамын.
Бөлісу:

26 пікір

Aya
бір жолға аяр қазыларыңыз)
Marco
«Месси кішкентай кезінде ешкі сүтін көп ішкенде бесінші рет алтын доп алатын еді» деген мақала жазуың керек еді
zholantai
а сол аз ғана уақыттың ішінде ол менің жүрегімді жаулап алды…
негізі, осы туралы тарқатып жазу керек еді, та
abzalsariyev
Сүтін ішіп қалар ма ең дисің ғо)))
zholantai
негізі жақсы түсінісеміз ше, ішу керек екеумізге отырып))
abzalsariyev
сүт ішейікші)
Ispek92
екеуің бірге ме, әлде бір жерден бе? источникті айтам
zholantai
қосылсайш, көресің )))
Aya
өзің сүт туралы жазыпцасаң болды ма не))))
Arys_arlany
қалаға ілім іздеп кеттім
қалаға жұмыс іздеп кеткендерде «сүтсіздікке» ұшырайды. Жұмысқа жайғасып, зарбладысын алғаннан кейін сүт іздейді )))))))
Ispek92
лібәәә, бәрі бірдеме жазып қалғысы кеп отыр тек, ұпайдың қамы негізі түсінуге болады. Ал сол қазылар бұл тақырып менікі емес деп жазбай қоятындарды бағалай ма екен, соны білгім келеді. Осы апта үнсіз кетемін деп отырмын
zholantai
үйтпе, бірдеңе жаз,
Marco
ноль аласың да қоясың. Одан төмен бермейтін шығар. )))
Arys_arlany
ауылда болсам, бүкіл ауылдағы биелерді желіге байлап сауып шығатын едім. Мәсаған сүт деп
Ispek92
Мен негізі сол ауылдың адамымын. Тек біздің сүт беретін ауылдық малдар АКҮ ханымның сиырлары секілді позировать ете алмайды, тым ұялшақ
Arys_arlany
ауылды салшы, кешке қой өрістен қайтқанын, қой бөліп, бөтен іздеген қыздар, дәу текесіне мініп алған баланың суреті, сиыр сауып жатқан жеңгелер, бұзаудың басын ұстап тұрған қайындар, мәәәәә, көп қой материал. Істетсей.
zholantai
Апта сә(ү)тті басталғандай көрінген. Ойда бірнеше жоспар бар. Алда-жалда соларды орындай қалсам, маған тең келетін ешкім болмайтыны анық-тұғын. Кешелі бері сә(ү)тсіздікке тап келдім. Жалпы сүтсіздікке ұшырағаныма көп уақыт өтіпті…
мен ғо мынау, мен, әлі дым жазбадым, жазамын дегенім наққа жіберілді,
Arys_arlany
жазсай жерлес, түндегі фермер қыздан қаласың ба
AKY
Өтірік жылай береді ол, посты дайын тұрғанына сенімдімін!
MamaAya
Абай, мықты пост қой! «Чистосердечное признание-облегчает понимание»-демекші, түсіністікпен қарап, себепті жеткізуіңнің өзін бағалар деп ойлаймын))) Тілектеспін!)
Adiletshu
Сүт ақуызға толы керемет тағам ғой. Жұмыртқа жей берсең асқазаныңды ауыртасың, ал сүттен ондай побочный эффект болмайды. Творог, қаймақ, сүт, айран ішіп-жеп отсаң жардай боп семіресің
Gastarbaiter
Саған болмайды. Ал кей адамдар сүтті көтере алмайды. Лактозаға төзімсіз адамдардың іші өтеді сүтті қай түрінде қабылдаса да. Оларға арнайы өсімдік «сүттері» ұсынылады. Соя сүті мысалы.
qonyrbai
Сүт-сүт деп қоймадыңдар, «асқазан тоздырғышты» ашып, қатық ішіп алдым.
Korkem
Құдайооой, негізі сүтті апта емес махаббатты апта деп көбіміз риясыз сеніп қалып едік. Махаббат пен сүтті біріктіру ойымызға келмепті, сен қуыпсың)))