СYТтер ЖАЙЛЫ... (деректер, қызықты фактілер, аңыздар)
Сүтқоректілер тобына жататын бірқатар жан-жануарлардың «сүттері» жайлы табылған ақпараттар, деректер, қызықты фактілер мен аңыздар легін ұсынамын.
ҚЫМЫЗ АТАУЛАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?...
Құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп, төрт түліктің ішінде биенің сүті ғана альбуминдік (сүттің ерекше түрі) қасиетке ие, ана (адам) сүтімен пара-пар, ақуыздар, майлар, көмірсутегілері басқа сүтке қарағанда ерекше болып келетін "қымыз" — қазақ жұртшылығына дәстүрлендірілгендігі және қасиеттілігімен кең танымал сусын.
Біз білетін қымызды бабы мен күйіне қарай Қазақ: уыз қымыз немесе бие бау, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, жуас қымыз, құнан қымыз, қысырақ қымыз немесе ту қымыз, қысырдың қымызы, сары қымыз, сірге жияр қымыз, түнеме қымыз деп бөледі.
СИЫР СҮТІ ПАЙДАЛЫ МА ЗИЯН БА?
Сиыр сүтінің пайдасы мен зияны туралы деректер мен фактілер өте көп.
Құрамы жағынан сиыр сүті адам ағзасына ең пайдалы әрі құнды өнім болып табылады. Ондағы бай мөлшердегі дәрумендер адамның ерте жасынан бастап егде тартқанша адам ағзаның қалыптасуына көмектеседі.
Сиыр сүтін 1 жасқа толмаған балаларға бермеген жөн. Себебі сүттің құрамындағы өте бай мөлшердегі ақуыз бен май баланың бүйрегіне теріс әсерін беруі мүмкін. Сондай ақ, әлемдік бір топ ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде, орта жастағы адам ағзасына сиыр сүтінің кері әсер беретіндігі дәлілденіп отыр.
Онда неліктен біздің көпшілігіміздің ағзамызда ондай ауытқушылықтар байқалмайды? Оның себебін ғалымдар жер бетіндегі адамдардың ағзасының 70%-ында ренин қызметін атқаратын пепсиндер бар екендігімен, ал қалған 30% бұл өзгеріс байқалмайтындығымен байланыстырып отыр. Осы 30% адамдардың сиыр сүтін
ішкенде іштің кебуі мен түрлі аурулардың байқалуы да сондықтан.
ЗЕБРА СҮТІНІҢ ТҮСІ ҚАНДАЙ?
Қызықты фактілер:
Біршама зерттеулер жүргізген ғалымдардың қорытындысына сүйенсек, зебраның терісі ақ түсті. Яғни қара жолақ сол ақ түстің үстіне түскен. Олар өзінің туысын осы жолақтар арқылы таниды мыс. Әлемдегі әрбір зебраның терісіндегі жолақтар әртүрлі. Табиғатта терісіндегі жолақтары бірдей екі зебраны кездестірмейсіз.
Зебраның төлі туыла сала бар болғаны жарты сағаттың ішінде алғашқы қадамын басып, анасын еме бастайды. Ал зебраның анасының сүті дәстүрлі ақ түсті емес, қызғылт түске ие.
Зебра хайунаттар әлеміндегі таза жануарлар сапына кіреді. Олар бір-бірінің арқасын үйкелеп, иық қағыстырғанды ұнатады. Осы күнге дейін зебра малын адамдар үй жануарларына қосуды қалағанымен ешқандай оң нәтиже берген емес.
ЕШКІ СҮТІ – АДАМ АҒЗАСЫНА ЕҢ ПАЙДАЛЫ, ҚАЖЕТТІ СҰЙЫҚТЫҚ...
Ешкі сүтінің құрамынан табылатын көп мөлшердегі калий: жүрек-тамыр ауруларына таптырмас шипа.
Бета-казейн дәруменіне бай ешкі сүтінің әйел затына берер пайдасы мол.
Б.э.д. VI ғасырда өмір сүрген, ежелгі грек ғұламасы, әйгілі философ, математик Пифагор Самосский, өзінің ұзақ өмір сүруінің сырын: өмірінде тек жабайы бал мен ешкі сүтімен, көкөністер мен жеміс-жидектермен қоректенгендігін жазады. Бізге жеткен деректерге сүйенсек, Пифагор 90 жыл (шамасында) өмір сүрген.
БҰҰ: ЕСЕК СҮТІН ІШУДІ ҰСЫНАДЫ...
БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы ресми түрде халықты белсенді түрде есек сүтін ішуге шақырады.
Әдетте есек сүтін сиыр сүтіне аллергиясы бар жандарға да ішуге ұсынылады.
Оны адамдар түрлі аурулар мен төзгісіз лактоза кезінде пайдаланады.
Есек сүтінің емдік қасиеттерін ежелгі Римдіктердің әйелдері жақсы меңгерген. Олар күнделікті тұрмыста есек сүтінен жасалған ванналар қабылдап отырған. Сенім бойынша бұл әрекет адамның жастық қалпын ұзақ уақыт сақтап тұруға көмектесетін таптырмас құрал.
ПИНГВИНДЕР ДЕ «СҮТ» БЕРЕДІ....
Негізі пингвин — сүтқоректілер емес құстар тобына жатады. Дегенмен пингвиндер өздерінің балаларын былайша айтқанда «сүтпен» қоректендіреті. кездері болады екен…
Пингвин жұмыртқалаған соң, араға 60-80 күн салып теңізден оралады. Міне, сол қайтып келген уақыт ішінде жұмыртқаларды жарып шыққан балалары тіршілік белгісін көрсете бастаса, пингвиндер оларды «сүт» беріп бағатын көрінеді. Пингвин сүті протеинге және эзофагиальды темірге өте бай.
Мұндағы «сүт» деп отырғанымыз – пингвиннің асқазаны мен өңешінде түзілетін шырын ғана. Ол шырынның құрамының 28%-ы май, ал ақуыздың мөлшері 60%-ға тең. Пингвин аналар әлгі балаларын 3 аптадай емізеді екен.
КӨК КИТТІҢ БАЛАСЫ КҮНІНЕ ҚАНША ЛИТР СҮТ ЕМЕДІ?
Сүтқоректілер тобына жататын хайуанаттар ішіндегі ең ірісі. Салмағы шамамен 100-120 тоннаны жуықтайды.
Көк киттің сүті қою кілегей тәріздес, қоңыр крем түстес, май мен ақуызға өте бай.
Көк киттің төлі күніне 200 литр мөлшерде сүт емеді.
Анасының баласын қоректендіруі су астында өтеді және бірнеше секундтар ғана жалғасады. Аналық кит баласын сүттендіру үшін оның аузына туралап тұрып сүтін өз бойынан сығып береді.
МАЙМЫЛ СҮТІ «ЭКСПОРТТАЛАДЫ»...
Ұлыбританияның Дарем Университетінің биолог-ғалымдары Роберт Бартон мен Изабелла Капеллини, жануарлар сүтінің, оның ішінде маймыл сүтінің адамның ми құрылысының қалыптасуына қосқан үлесін зерттей келе көптеген қызықты тұжырымдарға келген.
Маймылдың ұрғашысы сүтті көп мөлшерде беретін өнімділігімен ерекшеленеді.
Африканың бірқатар елдерінде маймыл сүті өндіріс ошағының негізгі қайнар бұлағына айналып, бұл күндері тіпті контитент асатын экспорттық өнімге айналып отыр.
ШОШҚА СҮТІ НАРЫҚҚА ЕНГІЗІЛУДЕ...
Торайлау кезеңінен кейін аналық шошқа оз балаларын тәулігіне 25 ретке дейін емізеді екен.
Орташа есеппен аналық шошқа күніне 8 литрге дейін сүт бере алады.
Тұрмыста шошқа сүті өндіріледі, қолданыста және сатылымда бар.
Шошқаның сүті қою әрі құнарлы.
Болашақта шошқадан тек ет өнімі ретінде ғана емес сүт өндіру шаруашылығының алға қойылу мүмкіндіктері қарастылуда.
ӘЛЕМДЕГІ «ЕҢ ҚЫМБАТ» СҮТ — ТЫШҚАННЫҢ СҮТІ...
Біле білсеңіз, тышқанның ұрғашысы өз сүтінен адамның ақуызын синтездеп шығарады, ал ол — фармокология саласында бірегей дәрі-дәрмектер жасап шығару үшін қолданылады.
Тышқанның сүтінен жасалған дәрілер — науқастарға қан құйып болғаннан кейінгі қанның түзілу үрдісін ынталандыру үшін қолданылады.
Тышқандарды өте шағын түтіктер арқылы арнайы электрондық құрылғылардың көмегімен сауады.
1 литр тышқан сүтін алу үшін шамамен 4000 тышқан сауу қажет.
1 литр тышқан сүтінің нарықтағы бағасы 22 500 АҚШ долларын құрайды.
СУСИЫРДЫҢ СҮТІНІҢ ТҮСІ — "ҚЫЗҒЫЛТ"!
Бір қызығы, сусиырдың сүтінің түсі – қызғылт боп келеді!
Алайда, асықпаңыз, ол олай емес!
Сүттің қызғылт көрінуі оның негізгі түсі екендігін білдірмейді.
Сүттің қызғылттану себебі: сусиырдың негізгі ақ түсті сүті мен оның тері екеуінің қосылуында! Жалпы сусырлар өте тершең жануар. Оған климаттық жағдайлардың да әсері мол. Сондықтан, сусиыр терлегенде оның терінде күннен қорғайтын антимикробтық агенттер қызметін атқарушы «гиппосудорлық қышқыл» бөлініп шығады да, ол сүтке қосылып, біздің көзімізге қызғылт түсті эффект береді.
КЕРІКТІҢ СҮТІ ІШУГЕ «ЖАРАМДЫ»...
Керік сүтінің ерекшелігі оның жоғары майлылығында.
Керік сүтінің дәмі ешкі сүтіне келеді, ал нәрлілік қасиеттері сиыр сүтінен кем түспейді.
Жуырда ғана Израйльдік ғалымдар бірқатар зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп керік сүтінің ішуге жарамдылығын дәлелдеп шықты.
Ұлыбритания елінің бірқатар дүкендерінде керік сүті сатылымға қойылған. Сүттің кішкене қорапшасы 5,99 фунт (≈1850 теңге) шамасында тұрады. Оның өндіріс көлемінің де шағын болғандығы себебінен, аталған сүт «аса сұранысқа ие, тапшы өнім» болып табылады.
БҰҒЫ СҮТІ — «ЕРТЕ ҚАРТТЫҚТЫҢ» АЛДЫН АЛАДЫ...
Ресейдің солтүстігінде балғын сүттің бірден-бір түрі ол — бұғы сүті болып табылады.
Ұрғашы бұғы 5-6 айға созылатын лактация кезінде 100 кг сүтке дейін береді.
Бұғының сүті құрамы жағынан сиыр сүтінен 3 есе ақуызы көп, 5 есе майлы. Бұл қасиеттер қатал климат жағдайында таптырмас, құнды өнім.
Норвегия мен Финляндия елдерінде арнайы мамандандырылған фермаларда бұғы сүтінен ірімшік өндіріледі, ал тывалықтар мен алтайлықтар – «сүтті арақ» жасайды. Бұғы сүті түрлі аурулардың алдын алатын, «ерте қарттықпен» күресетін керемет дәрі деп саналады.
Бұғы сүті өзінің майлылық ерекшелігімен сиыр сүтінен құндылығы жоғары өнім. Сүт өте қою, ауыз қуыратын дәмі бар, сондықтан оны таза, өңделмеген күйінде іше қою қиынға соғады.
ҚАСҚЫРДЫҢ СҮТІ – ТҰНҒАН «АҢЫЗ»... Қасқыр сүтінің ерекшелігі сол оны Бөлтіріктер ана сүтін алғашқы кезеңде (шамамен 1-1,5 ай) ғана емеді. Сосын ата-анасы онымен күнделікті «олжасымен» бөлісіп отырады. Адам баласының қасқырдың сүтін тұтынуы жайлы нақты деректерден гөрі ел аузында ол жайлы аңыздар кең таралған. Мысалы: Римнің негізін қалаушылар: Ромул мен Ремді белгісіз қасқырлар сүт беріп асыраған; Түркілер – өздерін көкбөріден жаралғанбыз деп сенеді. Дегенмен, қасқырдың сүті ішуге жарамсыз. | ҚОЙДЫҢ СҮТІ – ҚОРҒАСЫН! Қазақтың ұлттық тағамдарының қатарына кіретін қой сүті Орталық Азия кең танымал тағамның бір бірі. Қой сүті сұрғылттау ақ болады. Тарихта қой сүті сиыр сүтінен де бұрын пайдаланылған, яғни ол ежелгі тағам саналады. Ол сиыр сүтімен салыстырғанда, ақуыз бен майға 1,5 есе бай және дәрумендерінің мөлшері де анағұрлым көп. Қой сүті тағамға сауылған қалпында еш өңдеусіз пайдаланыла береді. Қойдың сүті тал түсте оны қосақтап, күніне бір-ақ рет сауылады. Мұның барлығы қой сүтінің құрамының күшті, дертке дауа, денсаулыққа пайдалы екендігін білдірсе керек. |
Сүтте аз мөлшерде биологиялық активті заттар – ферменттер, гормондар, простогландиндер, организмнің инфекциялық ауруларға қарсылығын арттыратын микробқа қарсы қасиеттері бар заттар (лизоцим, лакторферрин, иммуноглобулин) бар.
Адам ағзасында сүтті қалыпты түрде және толықтай сіңіру үшін арнайы фермент — лактоза қажет. Қазіргі заман адамдары аталған ферменттің жеткіліксіздігінен зардап шегуде. Лактозаның толық қорытылмауы метеоризм, ішек жұмысының бұзылуын тудырады. Бұл соншама қауіпті емес, бірақ жағымсыз құбылыс.
СҮТТЕР ЖАЙЛЫ ТОП 20 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТІЛЕР:
1) 1 кг май алу үшін — 21 литр сүт, ал 1 кг ірімшік алу үшін 10 литр сүт керек.
2) Бұты талтақ, басы жалпақ кәдімгі құрбақа — cүтті ашытпай сақтап тұру қасиетіне ие. Ол үшін оны сүт толтырылған ыдыстың ішіне салып қою керек. Брррр…
3) Найзағай жарқылдағанда сүт ашып кетеді (екен).
4) Сүтке күннің тікелей түсуінен қорғаңыз және қараңғы жерде сақтаңыз.
5) Сүтті ұйықтататын дәрі ретінде пайдалансаңыз әсері мол.
6) "Үй шаруасындағы бикештер мен ханымдарға:
— асханадағы техникада пайда болатын қара дақтарды сүтпен сүртіп кетіруге болады;
— алтынжылтыр темірлер мен кәдімге айнаны сүтпен сүртсеңіз жарқылдап тұратын болады;
— ақ түсті переделерді жуған да кір жуу машинасына кішкене мөлшерде сүт қосып жіберіңіз."
7) Жаңа сауылған сүтті ішуге тыйым салынады.
8) Сиырдың сүті токсиндерді ыдыратушы күшке ие. Көптеген өндіріс ошағында жұмыс істейтін қызметкерлерге сиыр сүтін тегін беру жеңілдігі қарастырылған.
9) Африкада, сүттің ақ түске ие болуына байланысты, балаларын ана сүтімен 2-3 жасқа дейін емізеді екен. Одан кейін сүт ішу мүлде тоқтатылатын көрінеді.
10) Активті түрде сүтті тек жас балалар ғана ішуі керек.
11) Сүтті мынадай образда ішуге тыйым салынады. Тіпті әзілсіз. Себебі жаңа сауылған сүттің құрамындағы улы заттарды өлтіру үшін кемінде оны пісіріп ішу қажет. Ал, лажы болса, оны сосын стерильдеп, термикалық өңдеп барып, гомогениздегеннен соң ғана ішкен жөн.
12) Балық жеп болғаннан кейін сүтті пайдалануға болмайды.
13) Адамдар жануардың сүтін 10мыңжылдықтан бері пайдаланып келеді.
14) Әлемде бір жыл ішінде 400 000 000 тонна сиыр сүті тұтынылады екен.
15) Статистика бойынша Финландия елі сүтті ең көп пайдаланатын ел болып саналады.
16) Ең майлы сүт — түлендікі (50%), ал майсызы — есекте.
17) 1964 жылдан бастап сүтті пакеттерге орап өндіре бастады.
18) Әйгілі Фета, Каприно және Рокамадур сырларын жасап шығару үшін ешкінің сүті пайдаланылады.
19) Ұзақ уақыт сақталып, ашып кетпейтін қасиеті бар сүт — шұбат.
20) Ағылшындықтар сүтті «ақ кофе» деп атайды.
суреттер: etsy.com
оқылуы жеңіл, миллион аласың))
Бірақ тұра берсінші. Мен бар ынтаммен, шынайы беріліп барыммен жаздым. Қатем болса түзететіндер бар, маған керегі сол!
Таблицаны қалай орналастырдың?
сүті де осы санатқа енген болды ғой
ес білгелі балықтан соң ағарған қолданып келем.
осы тиымның негіздемесі табылған емес
Жер шарына Америка құрлығы кірмей қапты ғой. Әлде янкилер мен латиностар лактозаның не екенін де білмей ма? Бірден үш (3/1) па әлде үштен бір ме (1/3)?
Деректер қызық, суреттер ваще
Ал, шұбат — өнім емес, түйенің сүті (алғашқы, түпкі)