Отандық сериал неге нашар?

Осы сұрақты сценарист ретінде жиі естимін. «Білеміз ғо сендердің жазатындарыңды!». «Бәрі нашар!». «И, брат, не анау?!» дегенді қолына қалам алып жүргендердің біразы естіген. Естімесе оны ешкім сценарист деп бағаламайды. Жалпы сен жаздың ба, кінәлісің. Отыз секундтық роликтен толық метр фильмге дейін жазып көрген адам ретінде айтайын. Сонымен біздің сериалдар неге нашар? Себептері:

Блог - kozildirik: Отандық сериал неге нашар?

1. Отандық сериалдардың көпшілігін отандық авторлар жазбайды. Парадокс, бірақ солай. Себебі «ауылдағының аузы сасық». Көбіне «шығыс еуропа» авторлары жазады. Олардың елдерінде қандай сценарист екені беймәлім, бірақ атын, еңбегін біз естімегеніміз анық. Ал «еуропалықтар» біздің менталиетті білмейді. Сапасы біз күткеннен сәл кеміді. 100% сапа 95% ға түсті.

2. Ол сценарийлер сосын аударылып, бейімделеді. Бірақ бұл жерде де отандық сценаристер араласуы сирек. Оған әдетте редактор-аудармашы жалданады. Енді түсіндірме: сценарист-сериалдың жалпы құрылымын, стратегиясын көретін адам. Редактор-тактик. Ол сөздің, сөйлемнің құрылымын түзейді, ал драматургияны бейімдеу кезінде көмегі шамалы ғана. 95% тен 85% ке түстік.

3. Алаңдағы редактор жоқ. Айтпақшы бар, бірақ аз. Сондықтан кейіпкерлер өмірден тым алшақ, әдеби сөйлейді. Редактордың міндеті тұрмыстағы ауызекі тілді актердің аузына салып беріп, дәл автор ойлаған акцентпен айтуына жағдай жасау. Жасалмайды ма, актер өз білгенімен қылады. 75% деген көрсеткіш осы жерде пайда болады.

4. Актер мінездемені оқымайтын сияқты әсер қалдырады. Образға кірмейді. Немесе театр актеры ойнаса тым әсірелендіріп, театралдандырып жібереді. Бір эпизодта көңілді жүрсе, келесі эпизодта тұнжырап отыруы мүмкін. Себебі екеуі екі күнде түсірілуі мүмкін, ал актер кейіпкерінің мінездемесін ұмытып қалған, тіпті білмейтін де шығар, сол жердегі өз көңіл күйін бере салады. Жасандылық осыдан шығады. 60% көрсеткішке қош келдіңіз!

5. Ал сонда режиссер қайда? Алаңда! Ол барлық міндетін әдемі картинка алып шығуға жұмсап, контентке басын да ауыртпайды. Себебі ол не айтылып жатқанын түсінбейді. Ия, дұрыс, біздегі режиссерлардың да көбі «шығыс еуропалықтар». Режиссердан талап болмаса актер басын ауыртып жынды ма? Бұл үшін неше пайыз алып тастауды өзің шеш…

Бұл әрине барлық сериалдарға қатысты емес, сәтті шығатындар да жетерлік. Бірақ сәтсіз шығып жатқанын көрсеңіз бірден титрларын оқыңыз. Бәріне көзіңіз жетеді.

Айтпақшы. Сценарист болам десеңіз жақсы, жаман демей барлық киноны қарап, драматургиясы мен құрылымын зерттеп жүріңіз. Бәрібір ең оңайы диалог жазу :)
Бөлісу:

9 пікір

patick
Өзімдікін де қоса кетейін.

1. Бәсеке жоқ. Тағы Американың мысалына жүгінейік, әнестің:
— Соңғы уақытта «пилоткамен» (өзің азғынсың) қызықтыру белең алуда. Яғни, потенциал сериалдың бірінші эпизодын түсіріп аласың. Бұл болашақ сериалдың презентациясы әрі ресми бірінші сериясы. Әрине, оған сатып алушы табылуы үшін жобаға бар дайындықпен кірісесің, қажетті актерлеріңді шақырасың, ауқымды кастинг жүргізесің, дап-дайын сапалы өнім жасап шығарасың. Форумдар мен фестивальдар шеңберінде түрлі кинонарықтар ұйымдастырылады. Атақты телеарналардың басшылары осы жерге жиналып, «базар аралайды». Кімнің қандай «кәкәйі» бар екен дегендей, жаңағы. Пилоткаң (өзің азғынсың) ұнаса, сені бүкіл командаңмен қосып сатып алады да сериалдың тұтас жобасына тапсырыс береді. 1 сезонды халық терең жұтып жіберсе, екіншісіне дайындала бер.

Бізде жағдай керісінше — телеарна мемлекеттен «есірткіге қарсы насихат» бойынша сериалға тапсырыс алады, әлбетте ақшасын да бірден алывалад. Сосын «түсіріп бере қоятын» бос біреулерді іздейді. Әдетте конкурс болмайды, келіскен студиямен қол қойысып, түсіре береді. Тапсырысты орындаушы да ақшасын қалтаға басқан соң «отъебись, блә» принципімен түсіріп тастайды. Бітті.

2. Актерлер жоқ. Жоқ емес бар ғой. Бірақ сүйреп шығатын нағыз шеберлер жоқ. Шақырылған жұлдыздардың да, кастингтен кездейсоқ өтіп кеткен театрал-студенттің де деңгейлері шамалас. Керемет актер болу жеткіліксіз. Актер интеллектуал болу керек, кітап оқитын, кез-келген темаға кіре алатын ақылды болу керек. Яғни, не істеп жатқанын түсіну керек. Біздің жұлдыздардан Австралия туралы сұраңдаршы — көбі оның бөлек материк екенін де білмейді.

3. Пост авторының сценарийге қатысты пайымдарына қосыламын. Сценарий жазуға да бас керек. Оқиға құрастыру оңай, бірақ ол қалай құрастырылған — бұл бөлек әңгіме. Америкада сценаристер мен жазушылардың статусы бірдей, тіпті сценаристер «writer» деп те атала береді. Бұған да жоғары интеллект пен сауат керек.

4. Халыққа пох. Өнім сапасы мен көрермен деңгейі бір-бірімен тығыз байланысты. Қара халық "Қазақстан", «Хабар» ұсынған шлактарды қиналмай жұта береді. Демек, осы деңгей де жарайды, деп ойлайды сериал жасаушылар. Бір жағынан, өнімнің сапасы өспесе — халықтың ойы қалай өседі? Ал, халық талап қоймаса сериалдың сапасы қалай жақсармақ? Тұйық петля, обшым. Біреуі суырылып алға шығуы керек. Әйтпесе, бұл ұзаққа барады.
asaubota
мында біраз сериал бар екен kaztv.kaztrk.kz/kz/serials/

автордың бастапқы ойы дұрыс сияқты, қазақы менталитетпен жазылмауы туралысы
ken
3. Алаңдағы редактор жоқ. Айтпақшы бар, бірақ аз. Сондықтан кейіпкерлер өмірден тым алшақ, әдеби сөйлейді.
әдеби деп айтуға да келмейді көбіне. үйдегілер көріп жатқанда құлағым шалып қалғандары: көздерін ашты (көзін емес); қазақтармыз; мен(ің) баруым керек емес, маған бару керек дейді (мне надо идти). есіме түскендері.
merekeee
Әдемі адамдарды (актер деген жоқпын) түсіру сәнге айналған. Қай ел болса да. Тіпті орыстар да әдемі боп кеткен.
DinaAbdigalieva
Бұрын мүлдем отандық сериалдарды көрмейтінмін. Қазір «Айман-Шолпан», "Өгей жүрек" сериалдары ұнап жүр. Ютубтан көруге түрарлық бірнеше кинолар да бар. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы жағдайына қарағанда жаман емес сияқты. Кезінде дәл сіздей ойлайтынмын);)
zholantai
өзіміз сериал түсірмей-ақ, со шығынға америкалық сериалдарды сатып алып, аударып берсе разы болатын едім
RaymbekEgemberdiev
Кейде сериалдарды сатып алудан ремейк жасай салу арзанға түседі. Ресейде қазір сол белең алып келеді, бәрінің зығырданын қайнатып. Ол жақа қазақтардың бет бұрмағаны дұрыс))
asaubota
Побег па алғашқыларының бірі?
RaymbekEgemberdiev
Аха, ең танымал дегеннен сол алғашқы, одан басқа, «Доктор Хаус», «Теория большого взрыва» сериалдарына жасалған екен. Жақында «Во все тяжкие» сериалына да түсіріліп жатыр деп шулап жатқан.