КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты

Бүгін «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі барысында 10 мыңнан астам көшет отырғызылды. Жыл сайынғы шара қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі күзгі экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.

Бір топ блогер «Хан Шатыр» маңындағы аймақта сенбілікке қатысып, көшет отырғызып қайттық. Мұндай қоғамдық жұмыстарға бұдан кейін де белсене қатысып, отбасылық демалыс түріне айналдырмақшымыз.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Біз барған жер Жамбыл облысынан келген делегацияға арналған екен. Олардың және Павлодар облысының бүгін жәрмеңкесі де болып жатыр.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Сенбілікке балаларды да апардық. Еңбекке баулу!

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Бізге жақын маңда Астана қаласының әкімдігі де шыққан екен. Ортадағы бикеш Астана қаласы әкімінің орынбасары екенін біліп таң қалдық. Малика Ерланқызы ақжарқын, қарапайым кісі екен. Шәйға шақырып, дастархан басында өзі шәй құйып жүр.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Жас жігіттер де аздап жүрек жалғап алды жұмыс ортасында.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Қыздар да Малика апаларымен фотоға түсу мүмкіндігін жібермеді.
Бөлісу:

5 пікір

ken
Әдемі емес ауданға сенбілікке шығар ма едіңдер?
asaubota
шығамыз ғой. тек сенбіліктер белгіленген жерлерде болып жатыр. келесілерге де балаларды апарамыз
zholantai
Шымдағы бір проблемді айтайын ба, сенбілік, тағы да бір сондай науқандар кезінде бәрі жаппай ағаш егіп, яғни көшет отырғызып кетеді, и все ол көшеттерін сосын ұмытады, күтіп-баптамайды, көшет отырғызғандарын біледі, бірақ оның жағдайы не болғанын білмейд, и ол көшеті қурап қалады,
қаладағы сол ағаш күтіміне жауапты мекемелерге де оңай емес, ол көшеттердің бәрін күтіп баптау
сөйтіп, жыл сайын көшет егіп жатады, бір мекенге :)
zholantai
Астанада бұл жағы қалай екенін білмеймін,
но Астананың бір мақтана алатыны, ол айналасындағы: жасыл белдеуі
прям күшті, тәнтімін
zholantai
енді бір 10-15 жылда Астананың айналасы орманға айналып, күшті қала болады деп білем