«Аялаған Астана - 2016» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Оқушылар сарайында IV «Аялаған Астана — 2016» республикалық конкурсы аяқталды. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 7-мен 13 жас аралығындағы 11 талантты бала қатысты.
Биыл астаналық Сәдуақас Жанель телекөрермендердің ең көп дауысын жинап, Гран-при иеленді. Сонымен қатар, жеңімпаз «Артек» лагерінде өтетін «Балалар Жаңа толқыны — 2016» халықаралық конкурсына қатысуға жолдама алды. «Қазақстан» телеарнасының шығармашылықты қолдау бойынша «АҚ Балапан» сертификаты Маңғыстау облысының өкілі Аружан Сағынғалиеваға табысталды.
Конкурс «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде өтті, жас қатысушылардың өнерін жобаның бас продюсері Лина Арифулина бастаған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Соның ішінде, белгілі қазақстандық әртістер Гүлнұр Оразымбетова, Серік Ибрагимов, Құрмаш Маханов және «Балалар Жаңа толқыны» конкурсының бас директоры Александр Румянцев те бар. Тыңдармандар қатысушыларға сәйкес номер бойынша СМС жіберу арқылы дауыс берді.
Конкурсты ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, «АРС» компаниясы(Ресей), «Қазақстан» РТРК және «Нұр Отан» партиясы.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10903
1 пікір