Елордада муниципалды экскурсиялық автобустар жүреді
Астанада 4 тілді (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) аудиожүйемен жабдықталған екі қабатты экскурсиялық автобустар жүретін болды. Қазіргі кезде Есіл өзенінің сол жағалауында ұзындығы 20 км артық арнайы тұйық маршрут әзірленді.
2014 жылы елордада жеке меншікті компания осы сияқты автобустарды пайдаланған болатын. Бүгінде жобаны «Астана Конвеншн бюро» ЖШС жеке меншікті инвестор «Sightseeing tours» ЖШС есебінен жүзеге асыруда.
Экскурсиялық автобус елорданың көптеген көрікті жерлерінің жанынан өтеді, және қозғалыс барысында мына аялдамаларға тоқтайды:
— «Думан» ОО,
— «Хан Шатыр» СОО,
— «Қазақ Елі» монументі жанындағы алаң,
— «Астана Бәйтерек»монументі.
Сонымен қатар, Есіл өзенінің оң жағалауын да қамтып, маршрутты ұзарту көзделген, онда келесі аялдамалар болады:
— Астана Парк – Тұран даңғылындағы орталық кіреберіс;
— Есіл өзенінің жағалауы, жаяу жүргіншілер көпірінің жанында;
— Абай даңғылы, Орталық алаң;
— Республика даңғылы Иманов көшесінің бұрышы;
— ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі.
Есіл өзеніндегі маршруттың ұзындығы – 80–100 минут, автобустардың интервалы 30–40 минут, жұмыс уақыты – сағат 10:00-20:00. Билеттерді алдын ала өтінім беру арқылы және автобустың ішінде сатып алуға болады. Егер экскурсияға қатысқыңыз келсе мына телефон бойынша хабарласуға болады: 8-777- 222-28-38.
Билеттің құны санатқа (балалар, ересектер, зейнеткерлер, студенттер, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар) байланысты әртүрлі болады.
Мұнымен қоса, «Hop-on/Hop-off» билет жүйесі қарастырылған, яғни, жолаушы кез келген сәтте автобустан түсіп, музей немесе көрікті жерлерді аралайды, содан кейін кез келген арнайы аялдама кешенінен экскурсиялық автобусқа қайта отыра алады.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10885
1 пікір