Джеймс Бонд фильмін қазақша қара!
Астанада «007: Спектр» фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі өтті. Бір Джеймс Бонд фильмі қазақша. Қызық, иә? Бізге мұндай фильмдердің өз тілімізде дыбысталынуы әлі де таңсық. Дегенмен үйрене беруіміз керек, қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастауымыз қажет. Бұл фильм қазақшаланған 12-ші фильм «Болашақ» ассоциациясының ұйымдастыруымен аударылып жатқан. Қауымдастық 5 жыл ішінде осымен 12 фильмді қазақ тіліне аударыпты, ал биыл 3 фильм дыбысталған. Жобаны қолдаушы «Нұр Отан» партиясы.
Фильм өте сапалы аударылған, дыбысталуы да керемет. Бұрын қазақ тіліне аударылған бір нәрсе көрсек түрпідей тиетін, есімізде жаман жағымен қалып қоятын бір жерлері болушы еді ғой? Кей сөздерді қабылдай алмаушы едік. Ал Джеймс Бондтың бұл фильмінде бір мін жоқ. Бонд фильмдерін бұрыннан қазақша көріп келе жатқандай, ешқандай тілдік кедергісіз қарай бересің. Демек, аударма және дыбысталу сапаланып келеді деген сөз.
Фильм 6 қарашадан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі. Егер болашақта мұндай фильмдерді өз тіліңде көргің келсе қазақша нұсқасына бар, еңбегі сіңгендерді қолда, қазақшасына да сұраныс бар екенін көрсет. Сонда ғана қазақ тіліндегі нұсқалар да көбейе бермек.
9 пікір