Жыл басынан бері 4490 адам жұмысқа орналасты
Ағымдағы жылдың 9 айы қорытындысы бойынша жұмыс іздеп 8156 адам хабарласып, әлеуметтік қорғау шараларымен 8310 адам (101,9%) қамтылды. Олардың 4490-ы жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Есептік кезең ішінде 13 614 жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде өнеркәсіп – 1076, сауда – 3211, құрылыс және коммуналдық шаруашылық – 2048, көлік және байланыс – 859, білім және денсаулық сақтау – 2260 және басқа да салаларда 4160 жұмыс орны ашылды.
Жыл басынан бері жұмыссыздарды, оның ішінде жастарды, өз бетінше жұмыспен қамтылмағандарды, табысы аз адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту шеңберінде 11 бос орындар жәрмеңкесі, 11 шағын аукцион және бірқатар кәсіптік бағдар шаралары өткізілді.
1 пікір