«Қаллеки» театры «Көлеңкесіз жолаушыны» Атырауда қояды

Астана жаңалықтары: «Қаллеки» театры «Көлеңкесіз жолаушыны» Атырауда қояды
«Қаллеки» театрының ұжымы 26-31 қазан аралығында Атырау қаласында өтетін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың Халықаралық театр фестиваліне қатысады.

Аталмыш фестивальге театр ұжымы автордың «Нашақор новелласы» атты шығарма желісі бойынша сахналанған режиссер Нұрлан Жұманиязовтың «Көлеңкесіз жолаушы» қойылымен қатысады.

«Көлеңкесіз жолаушы» драмасының премьерасы 2014 жылдың 10-11 желтоқсанында өтті.

Спектакльдің басты кейіпкерлерін ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Ақыш Омар, Кеңесбай Нұрланов, Боранбай Молдабаев және Майра Омар, Айнұр Бермұхамбетова, Ержан Нұрымбет, Сая Тоқманғалиева, Жасұлан Ерболат, Ақарыс Әшімхан, Алтынгүл Серкебаевалар сомдайды.
Бөлісу:

5 пікір

ken
қаллеки деген не?
MERmukhanov
Театр атауы, будь внимательнее, Кен! )))
VKM
неге солай атады екен?
asaubota
Қалибек Қуанышбаевты достары Қаллеки деп атаған. театрдың атауы да содан. негізі Қалибек Қуанышбаев атындағы театр деп аталады