Астанада 11-сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиада өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада 11-сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиада өтедіАстана қаласы Білім басқармасы, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндері бойынша Президенттік олимпиада өткізетінін хабарлайды.

Президенттік олимпиадаға бұрын соңды республикалық және халықаралық олимпиадаларының аталған пәндер бойынша жүлдегерлері мен жеңімпаздары болмаған 11-сынып оқушылары қатыса алады.

Негізгі мақсаты:
— Жаратылыстану-ғылыми пәндерге аса қабілетті, дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және дамытуды қамтамасыз ету;
— Дарынды және талантты оқушыларды анықтау үшін, олардың кейінгі интеллектуалды дамуы мен кәсіби бағдарлануына қолайлы жағдай жасау;
— Дарынды балаларды алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру үшін дайындау жолымен үздіксіз білім беру идеяларын іске асыру.

Олимпиаданың өткізілу барысы:
— Президенттік олимпиадаға әр қатысушысы барлық кезеңде тапсырмаларды төрт пәннен орындайды: математика, физика, химия, биология;
— Олимпиадалық қатысушылардың теориялық білімін анықтау үшін тапсырмалар тест және олимпиадалық деңгейдегі есептер түрінде беріледі.

Шарттары:
— Олимпиадаға политехникалық бағыт бойынша интеллектуалдық әлеуеті жоғары оқушылар;

Жалпы білім беру мекемелерінің лицей, гимназияларынан – 2, орта мектептерден – 1 оқушыдан қатысады.
Олимпиадаға қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін алып келулері қажет.
Президенттік олимпиада 2015 жылдың 30 қазанында №30 мектеп-гимназиясында өткізіледі.
Сұраныс электронды және қағаз форматында 2015 жылдың 23 қазанына дейін мына мекен-жайда қабылданады: «Астана дарыны» ӨҒПО, Мәскеу көшесі.41, №62 МЛ, 3 қабат
Қосымша ақпарат үшін. Тел. 39-84-68
Бөлісу:

1 пікір

MERmukhanov
10 жыл бұрынғы мен қатыса алады екем