«Астана» Мадридке ұшты

Астана жаңалықтары: «Астана» Мадридке ұшты

Бүгін Чемпиондар лигасының «С» тобында ойнап жатқан «Астана» футбол клубы Испания астанасы Мадрид қаласына ұшты.

21 қазаннан 22 қазанға қараған түні сағат 00.45-те мадридтік «Атлетико» командасымен кездесетін елордалық клуб «Висенто Кальдерон» стадионында матч алдындағы дайындықтарын өткізеді.

– Жағдайға шынайы қараған дұрыс. «Атлетико» бізден әлдеқайда әлеуетті екені айтпаса да айқын. Бірақ біз шама-шарқымызша шайқасып, соңына дейін берілмейміз. Сондай-ақ, қандай құраммен алаңға шығатынымызды да жақсылап ойластырған жөн. Өйткені алда «Қайрат» командасына қарсы шешуші матч бар. Бұған да бар күшімізді салу керек. Одан кейін «Атлетико» және «Бенфика» командаларын «Астана-Арена» стадионында қабылдаймыз, — дейді «Астана» ФК бас бапкері Станимир Стойлов.

«Астана» ҚПЛ-да «Қайраттан» кейін екінші орында тұр. Соңғы рет өз алаңында шымкенттік «Ордабасымен» ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бөлісу:

1 пікір

Marco
Астана Мадридтен ұшты де )))