Астанада Қазақ хандығының тойына орай көрме өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының тойына орай көрме өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Зергерлік өнер» атты көрме ашылды. Көрмеге «Әдемі-ай» өнер музейінің топтамаларынан сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылды.

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының тойына орай көрме өтті

«Әдемі-ай» өнер музейінің негізін 2011 жылы танымал коллекция жинаушы, өнертанушы Баһаргүл Төлеген қалаған. Бүгінгі таңда музей экспозициясының қоры мыңнан астам экспонаттардан тұрады. Олардың арасынан ж.с.д. І-ІІІ ғасырларға жататын Құшан патшалығына тән археологиялық жәдігерлерді және VI-ХII ғасырлардың тарихи бағалы туындыларды көруге болады.
Көрмеге 13 жылдан бері тарихи-мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді жандандырумен айналысып келе жатқан «Әдемі-ай» компаниясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы дайындаған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен ұлттық кәдесыйлары да қойылды. Барлық әшекейлер қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты және тамыры мыңдаған жылдарға бойлайтын ұлттық мәдениеттің дамуын көрсетеді.
Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының тойына орай көрме өтті
«Бүгінгі көрме Қазақ хандығының 550 жылдығын ұлықтау мақсатында өткізіліп жатыр. Бұл көрме жиналған жұрттың назарына «Әдемі-ай» компаниясының мемлекет деңгейінде тойланып жатқан мерекеге арнайы кәдесыйлар әзірлеуімен ерекшеленеді. Қазақ хандарының бейнесі бейнеленген кәдесыйлар жаны қазақ, қаны қазақ азаматтардың рухын асқақтатады, ұлттық намысы мен жігерін жаниды деген сенімдеміз. Көрмеге қойылған мыңнан артық коллекция тиісті бағасын алады деп үміттенеміз» – деді «Әдемі-ай plus» ЖШС-ның бас директоры Баһаргүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Көрме 13 қарашаға дейін жалғасады.

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының тойына орай көрме өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының тойына орай көрме өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының тойына орай көрме өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының тойына орай көрме өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының тойына орай көрме өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Қазақ хандығының тойына орай көрме өтті
Бөлісу:

1 пікір

ken
қап, естімей қалдым. барар едім.