«Astana Bike» велосипедтеріне қолжетімділік артады

Астана жаңалықтары: «Astana Bike» велосипедтеріне қолжетімділік артады
«Astana Bike» пилоттық жобасының велеосипедтерін пайдалану бұрынғыдан қарағанда тиімді бола түсті. Енді қала тұрғындары мен қонақтары велосипедті жалға алу үшін қаптаған құжаттарын түгелдеп әуре болмайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен тіркеу жолы жеңілдетілді. Абонементтік карточканы алу үшін жеке куәлік қана талап етіледі. Бұрынғыдай тұрғылықты мекенжай мен жұмыс істейтін орнынан анықтама қажет емес.

Кез келген пайдаланушы велосипедті жалға алу барысында карточка сатылатын жерге келіп, оны рәсімдеп, пайдалану тарифінің ақысын төлейді.

Тіркеудің екінші нұсқасы – интернет арқылы онлайн төлемдер жасау мүмкіндігі. Ол үшін www.velobike.kz сайтында тіркеліп, СМС-хабарлама арқылы жалға алу түрін таңдау қажет. Бұл жерде тек банк карточкасының нөмірін ғана теріп, төлемақы жасап, тіркелгеннен кейін СМС-код жіберіледі. Пайдаланушыға өзіне қолайлы бекетті таңдап, СМС-кодты теріп, велосипедті жалға ала алады.

Биыл 15 сәуірден 13 қыркүйекке дейін велосипедтер шамамен 65 мың рет жалға алынған. Жалпы, жолдың ұзақтығы 18 126 сағатты құрады, қашықтығы – 133 211 км. «Astana Bike» қызметін 2621 адам пайдаланған, соның ішінде 122 пайдаланушы велосипедтерді СМС арқылы жалға алған.
Бөлісу:

1 пікір

bake
Биыл жазда барып тебе алмай табан тоздырғанымыз бар еді…