Жамбыл тарихы немесе ескерткіштер тарихы

Жеті атасын білмеген жетесіз, өз тарихын білмеген көргенсіз, дегендей, халық дана сөздерін жиі естиміз, сол сөздерді естен шығармай бабалар мұрасын, аталар қазынасын ұрпақтан ұрпаққа айна қатесіз ­ еш өзгертусіз жеткізу ендігі біздің мақсат­міндетіміз. Сан ғасыр өтседе­ әсем бейнесін, ескерткіштерін, көркем мұрасын жадына сақтаған­ қазағымның ғана емес, барша Орталық Азия елдерінде «Тарихи қала» есімімен сақталған. Таразымды жырлаған жыраулар мен ақындардар бүгінде тоқталар емес. Жыл артып көркейген бейнесін көріп тамсанатын мөлдір көзді ай­келбетті арулар мен арыстандай айбатты жолбарыстай қайратты қақ батырларымыздың туып­өскен мекені. Жамбылымның тарихы жетпіс алты жылға созылған болса, Таразым терең тамырмен бойлаған киелі ағаштай екі мың жылдық тарихы бар. Кейбір кітап көздерін оқысан арап елдерінің жеріне кіретін қала десе, ендігі бір деректерде Ұлы Жібек сауда жолында созылған көне шаһарымыз бүгінде көркейіп өз әсемдігіне көзі тоймаған жас қыздай бұралаңдап көркейіп келе жатыр. Жылдан жылға көркейген қала астынан өзіміздің тарихи діңгегімізді кейде көре алмай қаламызба деген ойларда мазаңды қашырады. Бірақта көне ескерткіштері мен аспан асты мұражайларын көріп жаңағы ойыңды лезде жинап аласын. Тарихы терең Таразымда бүгінде Қарахан, Дәуітбек баба, Айша бибі, Бабаджа Хатун, Тектұрмас, Ақыртастай кесенелер шаһар келбетіне әсем келбет беріп келеді, міне сан ғасырдан бері. Ендігі сол саяхаттарым дейін бе әлде бүгінгі көне шаһарымның ескерткіштерін тағы бір еске алып тұстап шығайық. Айша бибі және Бабаджа Хатун кесенелері. Айша бибі ауылының орталығында Тараз қаласынан 12км қашықтықта орналасқан Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. ортағасыр сәулет ескерткіштерінің бірі. Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған.Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Бабаджа Хатун кесенесі — Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.Қарахана және Дауытбек, Тектұрмас кесенелері Тараз қаласының ортасында орналасқан. ХІ ғ. Қарахан және ХІІІ ғ. [[Дауытбек] кесенелер комплексі ХІ ғ. Карахан (Әулие-Ата) ортағасырда пайда болған Тараз қаласының аймағында мәдени-мемориальды комплексқа кіреді.Алғашқы құрылыс қарахандықтар дәуірінде ХІ ғ. басталды. 1905-1906 ж.ж. кесенесі құрылды. ХІХ ғ. Қали-Юнус шығыс моншасы — ХІХ ғ. Әулие Ата қаласының тұрғынымен құрылған монша. Салуда сәулет композицияның принциптері және ортағасырдағы шығыс моншалар жылыту жүйелері қолданылды. Бұл көптеген туристердің қызығушылығын оятады. ХХ ғ. елуінші жылдарына дейін монша істе болған. Қазіргі уақытта ол қалпына қайта келтіріліп, сәулет ескерткішіне айналдырылған. Монша туристік орынға айналған. VIII-IХ ғ.ғ. Ақыртас сарайлық комплексі — Жамбыл облысының, және Қазақстан территориясында қызықты және құпиялы орындардың бірі. Ақыртас тарихы 130 жыл зерттелген. Қазірде қайта зерттеу істері жалғасып жатыр. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған соңғы мәліметтер бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді. Ғалымдардың көпшілігі ойларынша Ақыртас 1714-1715 жж. араб қолбасшысы Күтейбі бұйрығымен салынған. Тектұрмас Х-ХIV ғғ. Сәулет комплексі. Бұл ежелгі діни орындарының бірі. VII-XІғғ. Ислам дінінің келуіне дейін комплекс құрыла бастаған болатын. Кесене ислам кезеңінде салынып, 1935 ж. жойылды. Қазіргі уақытта оны орнында орта ғасыр типімен жаңа кесене қалпына келтірілді. Кесененің жанында қазақ батыры Мамбеттің моласы бар.
Менің туып өскен жерім, менің Таразым Туристерге ұсынылатын Сәулет ескерткіштерін көруге болады. Барлығы Алматы-Самара жолында немесе Тараз қаласының маңайында орналасқан ескерткіштермен ерекшелінеді.
«Мөп­мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасын» деген Ж.Баласағұн
Бөлісу:

1 пікір

merekeee
Даталарды есте сақтау қиын, былайынша, нысандардың тарихымен таныспын.
Суреттер болады деп ойлап қалдым.