"Тайбурыл" қоры стипендия таратты

Блог - patick: Тайбурыл қоры стипендия таратты
Студенттер кейбір жағдайларда (мүмкін көп жағдайларда) түрлі ұйымдар мен тұлғалар ұйымдастыратын шәкіртақыларға сене бермейді. Олар алдын-ала кімге берілетіні белгіленіп қойылған, стипендия тағайындау жұмыстары әділ өтпейді деп ойлайды. Бірақ барлық жағдайда олай емес екеніне кеше көз жеткізген сияқтымыз.

«Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен іске асқан, «Kaspi bank» демеуші болған «Білімді қолдау» бағдарламасының нәтижесін жариялауға арналған шараға барған едік. Осы бағдарламаның аясында Алматыда оқып жатқан 100 студент ай сайын көктемгі семестр кезінде 30 мың теңгеден алып отыратын болды.

Сертификаттар ресми табыс етілді, «Kaspi bank» пен «Тайбурыл» басшылығы студенттерге өз ақылдарын айтты, келешектеріне сәттілік тіледі. Алайда бәрінен бұрын мені қызықтырғаны мына факт болды: Осы стипендиаттарға банк картасы тегін ашылады және еліміздегі кез-келген (!) банктің кез-келген банкоматынан шәкіртақыны түсіріп алу ешбір комиссиясыз жүргізіледі. Әрине, бұл кереметтей қолдау емес шығар, бірақ, бәрібір бұндай «бонус» болашақ мамандардың аға буынға деген сенімін арттыра түседі деп ойлаймын.

Биыл осы стипендияны алуға еліміз бойынша 1000-нан астам студент өтініш берген. Оның ішінен 252 шәкірт іріктеліп алынған екен.
Бөлісу:

10 пікір

zholantai
Осы стипендиаттарға банк картасы тегін ашылады және еліміздегі кез-келген (!) банктің кез-келген банкоматынан шәкіртақыны түсіріп алу ешбір комиссиясыз жүргізіледі.
мынау зор жаңалық екен, каспи карточкасымен қолма-қол ақша шешіп алудың комиссиясы сұмдық ед.
zholantai
Жалпы бұ стипендияның айналасында норм азаматтар жүр ғо, Олжан Құдайбергеновтың өзі-ақ сенім қалыптастырады
patick
Ие, салмақты адамдар айналысып жүр бұл бағдарламамен
merekeee
Бір реттік шара ма екен. Әлде биылдан бастап жыл сайын үздік жүздік анықталып отыра ма екен, — деп дәметуге мүмкіндік бар ма?
patick
Бір реттік шара емес секілді. «Тайбурылдың» ресми сайтына кіріп көріңіз, мүмкін іздеген нәрсеңіз табылар.
Nodar
Бір реттік емес, алдыңғы жылы болды
Nodar
эххх… менің осы ұйымның төрағасымен жазысқан перепискамды көрсеңдер ғо… өте дөрекі, қалай болса солай жауап берген. талапқа сай келіп, барлық құжаттарды жинасаң да, а ол оңай емес, «Положениені жазған өзім, сондықтан басымды қатырма» деп жауап берген.
AKY
Менің студенттерім де жеңіпті)
patick
«Еуразияға» бірнешеуі кетті деп жатқан
Basic
жыл сайын екі рет ұйымдастырады. Әр семестр сайын. Уже 5-6 жыл болып қалды ұйымдастырып жүргелі.