Теміртау – құлбазардағылар

Бүгінгі адамды ақша билеп тұрған нарық заманында жақсы тұрмыс кешіп, азық-түлік пен киім-кешектен кемшілік көрмеу үшін тұрақты жұмысың не болмаса жеке кәсібің болуы керек. Ал егер тұрақты жұмысқа тұра алмасаң, кәсіп ашып өз наныңды табуға ебің келмейтін болса ше?
Қоғамда ондай адамдар да бар. Осыдан біраз уақыт бұрын Қарағанды қаласында күшін сатып, күнін көріп жүрген адамдар туралы blogtime.kz сайтында жазба салған болатынмын. Суретті басып оқи аласыздар.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Қарағанды ірі қала, облыс орталығы, тұрғындардың саны да көп, кәсіпорындар да жеткілікті. Сәйкесінше 200-300 адам күшін сатып, түрлі жұмысқа жалданып өз күндерін көре алады. Ал Теміртау тәрізді шағын қаланың жұмыссыз тұрғындары ше?
Қарағандыдағы тәрізді бұл жақтың азаматтары да базар маңын торуылдайды. Кейбіреулері саудагерлерге жалданып, базарда арба сүйреп жүрсе ондай «бақыт» бұйрмағандары жылу трубасын жағалап, базардың кіре берісінде өз нәпақаларын күтумен жүреді. Труба жағалағандардың ұзын саны 70-80 адамға жетеді. Көпшілігі күзетші, аула сыпырушы болып тыйын-тебенге жұмыс істеп, қолдары босаған сәттерінде, демалыс күндерінде трубаға келіп, жұмыс істейді екен. Ал басқа ешқайда еңбек етпейтін, нәпақасын осы трубадан табатындардың саны шамамен 15-20 адам.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Осы жерде жүргендердің пікірін білмек болып қастарына барған кезімде бәрі жақтырмай қарады, расында мына суықта таңертеңнен бері дірдектеп ашқарында жұмыс күтіп тұру кімге жеңіл болсын? Қабақтары салыңқы, ит көрген ешкідей ежірейіп, қастарына жолатқысы келмеді. Ал суретке түсіру тіптен мүмкін емес еді.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Амал жоқ әңгімені алыстан суртпақтап тұрып, біраз жайттың басын ашып алдық. Бұл жердегі жігіттердің көпшілігі Өзбекстаннан қоныс аударып келгендер екен, ол жақта комбинатта ұзақ жыл бойына жұмыс істеген металлург жігіттер де бар болып шықты. Елге келген соң, өндірісті қала, мамандығымыз бойынша жұмыс табылып қалар деген ниетпен Теміртауға қоныстаныпты, бірақ, завод басшылығы жастарың 40-тан асып кеткен деген желеумен жұмысқа алмаған екен. Басқа кәсіп істеу қолдарынан келмеген соң, амал жоқ осы жерді паналапты. Басқалар суретке түсуден қашып жатқан кезде мына бір ағам:
«Құлбазарда тұрып, нан тауып жүргендерің өтірік емес, несіне қашасыңдар? Басқа түспесе мен түсейін, түсіре бер» — деп тұра қалған еді.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Суретке түсуін-түскенімен аты жөнін айтудан бас тартқан ағам осы жер туралы қысқаша айтып берді. Енді сол кісінің сөзімен берсем:
Трубада тұрғандардың денімен сонау Өзбекстаннан бері таныспыз, бізді жастарың асып кеткен деп жұмысқа алған жоқ, бірақ, шүкір деймін әйелім мен балаларыма жұмыс табылды. Олардың тапқан нәпақасына ортақтасып отыруды жөн санамай, тиын-тебен болсада тауып, еңбек етейін деген мақсатпен осында келіп отырмын. Көбінесе орыстар келіп жалдайды, ұсынған жұмыстарының көлеміне қарай ақша төлейді, кей-кездері кісі басына 5-6 мың берсе кей уақытта 2-3 мыңның айналасында ғана ақша ұсынады. Сәтін салған күні 2-3 жұмысқа түсіп, үйге 10-15 мың теңгемен қайтатын күніміз болады, ал кей уақыттарда бірнеше күн бойына жұмыс таппай бос қайтамыз. Күн жылы болып тұрған кездері осы жерде, базарға кіре берісте топталып тұратын болсақ, қыстың аязы қысқан шақтарда анау жатқан жылу трубаларына барып отырамыз, аяқ-қолымызды жылытып алуға көп жәрдемі тиеді.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Бұлай тұра беру денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізеді. Аязда табаннан өткен суықтың салдарынан әрі ауыр жұмыстың кесірінен беліміз, бүйрегіміз сыздап ауырғанда шыдатпайтын сәттер болады. Бірақ, күн көру керек, амалсыздан осын жерді торуға мәжбүрміз.

Теміртау қасындағы құлбазар мен Қарағанды қаласындағы құлбазардың арасында біршама айырмашылықтары бар екен. Алғашқысы адамдар санында және жасында. Қарағанды қаласында «пиятаққа» шығатындардың басым бөлігі студенттер мен араққа ақша іздеп келгендер және жұмыссыз жатудан шаршап, нәпақа іздеп келгендер болса Теміртау қаласында «Трубаға» шығатындардың арасында студенттер жоқ. Себебі Теміртау шағын қала, таныстары құлбазарда тұрғанын көрсе ұят болар деп, ешкім тани қоймайтын Қарағанды қаласына барады екен. Екінші, Қарағандылық «Құлбазаршылардың» көпшілігі «местный қазақтар» болса Теміртаудағылары, елге көшіп келіп жатқан оралман ағайын екен.
Ал ұқсас тұстарына келер болсақ. Біріншісі, екі жақтағылардың мақсаты біреу, амалын тауып, күшін сатып ақша табу. Екіншісі екі жақтағы құлбазарында тек ҚАЗАҚтар ғана тұрады.

Пы/Сы: Жатақхана туралы жазба салып, бірақ оны аша аламадым. Сіздердің пікірлеріңіз былай тұрсын тіпті өзіме ұнамаған жазба еді. Енді, көптен бері көкейде жүрген, өзім барып, көзбен көрген жағдай туралы жазбаны назарларыңызға ұсынып отырмын.
Бөлісу:

43 пікір

zholantai
аноу «Тұлпар» таксидің бүйіріндегі суреттер Гиоргий лентасына ұқсайд ма дейм, қалай ғана сынға ілініп кетпей аман-есен жүр екен :) :) :)
tomarlik
Сыншылардың назарына ілінбей жүрген болар )))
qonyrbai
Сурет аз екен. Теміртауда тек осы бір базар ма орталық?
tomarlik
Екі базар бар… Мынау орталық базар, жұрттың көбі осы жерден өз керектерін алып жатады, ал Экспресс аталып кеткен тағы бір базарда бірен-саран адамдардан басқа ешкімді көре алмайсыз… Тек жәрменке өткізілген кезде болмаса басқа уақытта бос болып тұрады…
Boltirikbek_Alshyn
Ал егер тұрақты жұмысқа тұра алмасаң, кәсіп ашып өз наныңды табуға ебің келмейтін болса ше?
Тұрақсыз жұмыс дегенің қайсы сонда, сіңлім?
Boltirikbek_Alshyn
Суретті басып оқи аласыздар.
Суретті баспай-ақ қалай оқуға болады?
Boltirikbek_Alshyn
Сәйкесінше 200-300 адам күшін сатып, түрлі жұмысқа жалданып өз күндерін көре алады.
Көре алады ма сонда? Сондай мүмкіндіктер қарастырылған ба? Бәлкім, сондай адам саны солай күнін көріп жүрген шығар, ә, сіңлім?
tomarlik
Ер адамға «Сіңілім» деген сөзді қолданғаныңызға қарағанда өзіңізді қатын рөлінде көретін тәріздісізғой ))))
Boltirikbek_Alshyn
Логикаң нөл екен. Сені қатынға санап отырмын. Сөйлемді дұрыс оқы, бірінші жақтан айтылып тұр.
tomarlik
Болар елдің баласы бірін бірі батыр, өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дер… Қатын дерліктей сізге жасаған жамандығым жоқ тәрізді… егер нақты притензияңыз болып жатса, шынайы өмірде бетке айтыңыз, сөйлесіп көрейік…
Boltirikbek_Alshyn
Абайдың заманы өткен, сіңлім. Бетіңе о дүниәда айтармын. Бұл өмірде саған уақыт жоқ.
Boltirikbek_Alshyn
базардың кіре берісінде өз нәпақаларын күтумен жүреді.
Нәпақаны күтіп жүре берсе, қатынын итермей, арбаны итеріп жүреді. Нәпақасын табу керек! Табу!
Boltirikbek_Alshyn
демалыс күндерінде трубаға келіп, жұмыс істейді екен.
Стриптиз билейді ма?
Boltirikbek_Alshyn
нәпақасын осы трубадан табатындардың саны шамамен 15-20 адам.
Труба дегенге анықтама берсең ше?
Boltirikbek_Alshyn
ит көрген ешкідей ежірейіп,
Мүмкін сені КТК-ның «ешкісі» шығар деп жолатқысы келмеген шығар?
Boltirikbek_Alshyn
Ал суретке түсіру тіптен мүмкін емес еді.
Ал шимай-шатпағыңдағы суреттер ше? Сіңлім, мойындай ғой бірден. Репортажға дефлорация жасай алмадым деп мойындай ғой.
Boltirikbek_Alshyn
суртпақтап тұрып,
Бұл не сөз, не мағына?
Boltirikbek_Alshyn
заводъ басшылығы
Еьй, нъемэніье жазьғяңсіңъ?
Boltirikbek_Alshyn
Басқа түспесе мен түсейін түсір бер»
Түсіре бер деген шығар ағаң?
Boltirikbek_Alshyn
Теміртау қасындағы құлбазар мен Қарағанды қаласындағы құлбазардың
Қарағандыдағы құлбазарың қайда ал? Басқа сайтқа жарнама жасағаның қажет емес. Құлбазар дегенің не? Құл сатылатын базар ма? Құдайдың адамдар баратын базары бар ма өзі?
tomarlik
Бұл жерде тұратын осы араны өз араларында "Құлбазар" деп атап кеткен… Ал Қарағанды туралы жазбаны қайталап баса бермей, жазылған жерге сілтемені көрсетіп өтуді дұрыс санадым…
Boltirikbek_Alshyn
Ешкім сенің қайталап басқан шатпағыңды оқымайды. Бұрынғы жазған шимайлар қабылданбайды. Ал бұл фоторепіңде (фотореп көріп тұрғаным жоқ) салыстыруды көріп тұрғаным жоқ. Тек салыстырМАЛы түрде жазғансың нақ.
tomarlik
Бұл фото репортаж деп кім айтты сізге? Репортаж тек фото реп болуы керек пе? Репортаж туралы жақсылап оқып алғаныңыз дұрыс болар…
Boltirikbek_Alshyn
Енді неге суреттерді түсіруге мүмкіндік болмады деп жылайсың?
Boltirikbek_Alshyn
«пиятаққа»
Пәтақты шайнайды екенсің.
Boltirikbek_Alshyn
жұмыс жатудан шаршап,
Жұмыс жату деген қандай жұмыс ал?
Boltirikbek_Alshyn
«местный қазақтар»
Көтриот болмасам да айтайын: жергілікті тұрғындар.
Boltirikbek_Alshyn
Суреттеріңді ампиған күйі сала беріпсің. Құл деп тек қана қазақтарды жаза беріпсің. Айтпағың Қазақстанда тұрса да қазақтардың жағдайы жоқ дегенің шығар. Бөлінгенді бөрі жейді, сіңлім. Басқа ұлт адамдарын да есепке ал.
Boltirikbek_Alshyn
амалын тауып, күшін сатып ақша табу.
Хастлер еркектер ма сонда?
Boltirikbek_Alshyn
Екіншісі екі жақтағы құлбазарында тек ҚАЗАҚтар ғана тұрады.
Неге қазақтарды үлкен әріппен жаздың? Бір қазақ та ЖЕЗӨКШЕ деп жазған еді сенің алдыңда. Қазақтар деген сөздеріңмен қазы-қартаның ондығын алғың келді ма? Жарайды делік, ал енді суреттері қайда фотореп болатын?
Boltirikbek_Alshyn
Сіздердің пікірлеріңіз былай тұрсын тіпті өзіме ұнамаған жазба еді.
Қанеки, түнде төсекті көз жасыңмен шылқытқан фоторепіңді в студию!
Boltirikbek_Alshyn
Енді, көптен бері көкейде жүрген, өзім барып, көзбен көрген жағдай туралы жазбаны назарларыңызға ұсынып отырмын.
Фотореп деген тек қана өзің көруің емес. Мына бізге түк те көрсетпедің ғой. Ақысын төлесең де, суреттерін алуың керек.
zholantai
Boltirikbek_Alshyn , цитата пікірлеріңмен #бз болдығ :)
Boltirikbek_Alshyn
Бұл сарттарға мен пікір жазбасам, жұрт тек 5-6 пікірге жеткізер. Бұл бейшараларға көмегім болсын. Бөрібайдың інісі екенімді бұл сарттар біле бермейді екен. Мини блогиадаға шолу жасамасам да, пікір жазайын. :)
Sunshine
тАМАША жазба. сіз де пысызсыз — ау. екі ортада үлгеріп жүрсіз :)Жарайсыз!
Daniar-Alan
Пост ұнады. Нуу енД… былай… жауыр болған тақырыптардың бірі ғой. Сонда да…
Мүмкін, жұмысқа қ ам ту орталығы қызметкерлерінен де бір-екі сөйлем, пікір ала салуың керек па еді…
8 балл
yerlanospan
Солғын жазба. «Бұрын жазып едім, сол кезде жілігін шағып, майын шығарған тақырыбым еді, мынаны соған қосымша ретінде қабылдаңдар. Әйтпесе тағы да айтам — бұрын + енді айтатын түк қалдырмай жазып тастап едім!» дегендей екен. Құлбазар атмосферасы тіпті жоқ.
Бауырым, жазбаны көп адам — шимайлата салып, тез бедел жинауға болатын нәрсе деп ойлайды екен. Тіпті де олай емес. Жазба — оған сенің қатынасыңмен бірге оқырманға тура жетеді. Мынауың өлі жазба. Ойдан жазып, үш фотоны былай қоса салғансың.
3 ұпай.
xsanatos
жазуды дұрыстау керек екен. дегенмен, жезөкшенің қасында нанымды репортаж екен.
asaubota
тақырып қызық, бірақ ақпарат аз. қанбай қалдым

7
Gastarbaiter
Біреуді ұрғызуға жалдана ма? Жалпы криминалға қатысты ұсыныстар түсіп тұра ма? Мысалы, мәйтті технично жерлеп тастау деген сияқты.