Жұмыспен қамту статистикасы

Жыл басынан бері Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына 4627 адам жүгінген, 3283 адам немесе 70,9% әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, 2062 адам жұмысқа орналастырылды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

Астана жаңалықтары: Жұмыспен қамту статистикасы

Ең сұраныс көп салалар — білім, сауда, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтану, құрылыс және қызмет көрсету екен.

Әлеуметтік салада 62 адам жұмысқа орналастырылды, 220 қала тұрғыны жастар практикасына жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 919 адам тартылса, 302 адам кәсіптік және қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттырмақ.

Жұмыспен қамту орталығының мәлімдеуінше, тігін жабдығының операторы, мектепке дейінгі білім тәрбиешісі қызметтеріне кадрлар жетіспеушілігі байқалады, сонымен қатар, полиция қызметкерлері мен медициналық персоналға сұраныс жоғары.

Егер сіз де жұмыс таба алмай жүрген болсаңыз, Бейбітшілік көшесі, 25 мекен жайы бойынша орналасқан Жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңызға болады.
Әрі қарай

Жұмыссыздарға арналған қайта даярлау курстары

Астана — жаңа мүмкіндіктер, жарқын болашақ, табысты өмір деп елордаға ағылған адамдар саны еш толастайтын емес. Алайда олардың барлығы арманына бірден оңай жете қоймайды. Оған еңбек нарығындағы сұраныс пен жұмыс іздеген азаматтардың мамандығының үйлеспеуі, біліктілігінің төмен болуы да себепкер болады.
Астана жаңалықтары: Жұмыссыздарға арналған қайта даярлау курстары
Осыған байланысты Астана қаласында жұмыспен қамту бағдарламасы іске асырылуда. Енді мамандығына сұраныс жоқ жұмыссыздар қайта даярлау курстарына барып, жаңа мүмкіндікке ие болмақ.
Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, Астананы дамыту бағдарламасын іске асыру аясында қалада тұрақты тіркеуі бар жұмыссыз жүрген азаматтарды тегін курстарға алдын ала жазу жүргізіліп жатыр. Елорданың жұмыссыз жүрген, кәсібі жоқ, бірақ мамандық меңгеруге ниетті тұрғындары маникюр мастері, шаштараз, электрогаздәнекерлеуші мамандықтары бойынша кәсіптік дайындықтан өте алады.
Кәсіби шеберліктерін жетілдіргісі келетіндер үшін бухгалтерия және салық бойынша біліктілікті арттыру курстары ашылады, аталған мамандықтар бойынша оқу үшін бухгалтерлік, экономикалық немесе қаржылық білім болуы керек. Техникалық білімі бар қала тұрғындары қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерге арналған курстарға жазыла алады. Қайта даярлау курстары сұранысы жоқ мамандықтар бойынша жұмыссыз жүрген азаматтарға арналған. Бұл санаттағы жұмыссыз азаматтардың білімі туралы дипломы болуы тиіс.
Егер сіз де еңбек нарқында өз қалаған жұмысыңызды таппай жүрген болсаңыз, Бейбітшілік к-сі, 25, "Өркен" іскерлік орталығы 2-қабат, 208-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан жұмыспен қамту орталығына хабарласа аласыз.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша дайындалды.
Әрі қарай

Теміртау – құлбазардағылар

Бүгінгі адамды ақша билеп тұрған нарық заманында жақсы тұрмыс кешіп, азық-түлік пен киім-кешектен кемшілік көрмеу үшін тұрақты жұмысың не болмаса жеке кәсібің болуы керек. Ал егер тұрақты жұмысқа тұра алмасаң, кәсіп ашып өз наныңды табуға ебің келмейтін болса ше?
Қоғамда ондай адамдар да бар. Осыдан біраз уақыт бұрын Қарағанды қаласында күшін сатып, күнін көріп жүрген адамдар туралы blogtime.kz сайтында жазба салған болатынмын. Суретті басып оқи аласыздар.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Қарағанды ірі қала, облыс орталығы, тұрғындардың саны да көп, кәсіпорындар да жеткілікті. Сәйкесінше 200-300 адам күшін сатып, түрлі жұмысқа жалданып өз күндерін көре алады. Ал Теміртау тәрізді шағын қаланың жұмыссыз тұрғындары ше?
Қарағандыдағы тәрізді бұл жақтың азаматтары да базар маңын торуылдайды. Кейбіреулері саудагерлерге жалданып, базарда арба сүйреп жүрсе ондай «бақыт» бұйрмағандары жылу трубасын жағалап, базардың кіре берісінде өз нәпақаларын күтумен жүреді. Труба жағалағандардың ұзын саны 70-80 адамға жетеді. Көпшілігі күзетші, аула сыпырушы болып тыйын-тебенге жұмыс істеп, қолдары босаған сәттерінде, демалыс күндерінде трубаға келіп, жұмыс істейді екен. Ал басқа ешқайда еңбек етпейтін, нәпақасын осы трубадан табатындардың саны шамамен 15-20 адам.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Осы жерде жүргендердің пікірін білмек болып қастарына барған кезімде бәрі жақтырмай қарады, расында мына суықта таңертеңнен бері дірдектеп ашқарында жұмыс күтіп тұру кімге жеңіл болсын? Қабақтары салыңқы, ит көрген ешкідей ежірейіп, қастарына жолатқысы келмеді. Ал суретке түсіру тіптен мүмкін емес еді.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Амал жоқ әңгімені алыстан суртпақтап тұрып, біраз жайттың басын ашып алдық. Бұл жердегі жігіттердің көпшілігі Өзбекстаннан қоныс аударып келгендер екен, ол жақта комбинатта ұзақ жыл бойына жұмыс істеген металлург жігіттер де бар болып шықты. Елге келген соң, өндірісті қала, мамандығымыз бойынша жұмыс табылып қалар деген ниетпен Теміртауға қоныстаныпты, бірақ, завод басшылығы жастарың 40-тан асып кеткен деген желеумен жұмысқа алмаған екен. Басқа кәсіп істеу қолдарынан келмеген соң, амал жоқ осы жерді паналапты. Басқалар суретке түсуден қашып жатқан кезде мына бір ағам:
«Құлбазарда тұрып, нан тауып жүргендерің өтірік емес, несіне қашасыңдар? Басқа түспесе мен түсейін, түсіре бер» — деп тұра қалған еді.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Суретке түсуін-түскенімен аты жөнін айтудан бас тартқан ағам осы жер туралы қысқаша айтып берді. Енді сол кісінің сөзімен берсем:
Трубада тұрғандардың денімен сонау Өзбекстаннан бері таныспыз, бізді жастарың асып кеткен деп жұмысқа алған жоқ, бірақ, шүкір деймін әйелім мен балаларыма жұмыс табылды. Олардың тапқан нәпақасына ортақтасып отыруды жөн санамай, тиын-тебен болсада тауып, еңбек етейін деген мақсатпен осында келіп отырмын. Көбінесе орыстар келіп жалдайды, ұсынған жұмыстарының көлеміне қарай ақша төлейді, кей-кездері кісі басына 5-6 мың берсе кей уақытта 2-3 мыңның айналасында ғана ақша ұсынады. Сәтін салған күні 2-3 жұмысқа түсіп, үйге 10-15 мың теңгемен қайтатын күніміз болады, ал кей уақыттарда бірнеше күн бойына жұмыс таппай бос қайтамыз. Күн жылы болып тұрған кездері осы жерде, базарға кіре берісте топталып тұратын болсақ, қыстың аязы қысқан шақтарда анау жатқан жылу трубаларына барып отырамыз, аяқ-қолымызды жылытып алуға көп жәрдемі тиеді.

Керек тілші: Теміртау – құлбазардағылар

Бұлай тұра беру денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізеді. Аязда табаннан өткен суықтың салдарынан әрі ауыр жұмыстың кесірінен беліміз, бүйрегіміз сыздап ауырғанда шыдатпайтын сәттер болады. Бірақ, күн көру керек, амалсыздан осын жерді торуға мәжбүрміз.

Теміртау қасындағы құлбазар мен Қарағанды қаласындағы құлбазардың арасында біршама айырмашылықтары бар екен. Алғашқысы адамдар санында және жасында. Қарағанды қаласында «пиятаққа» шығатындардың басым бөлігі студенттер мен араққа ақша іздеп келгендер және жұмыссыз жатудан шаршап, нәпақа іздеп келгендер болса Теміртау қаласында «Трубаға» шығатындардың арасында студенттер жоқ. Себебі Теміртау шағын қала, таныстары құлбазарда тұрғанын көрсе ұят болар деп, ешкім тани қоймайтын Қарағанды қаласына барады екен. Екінші, Қарағандылық «Құлбазаршылардың» көпшілігі «местный қазақтар» болса Теміртаудағылары, елге көшіп келіп жатқан оралман ағайын екен.
Ал ұқсас тұстарына келер болсақ. Біріншісі, екі жақтағылардың мақсаты біреу, амалын тауып, күшін сатып ақша табу. Екіншісі екі жақтағы құлбазарында тек ҚАЗАҚтар ғана тұрады.

Пы/Сы: Жатақхана туралы жазба салып, бірақ оны аша аламадым. Сіздердің пікірлеріңіз былай тұрсын тіпті өзіме ұнамаған жазба еді. Енді, көптен бері көкейде жүрген, өзім барып, көзбен көрген жағдай туралы жазбаны назарларыңызға ұсынып отырмын.
Әрі қарай

Жоғары білімге жоғары талап керек

Биылғы жылы елімізде ЖОО-да оқу ақысы тағы да көтеріліп отыр. Қ.Р. Статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстанда барлығы 148 ЖОО бар. Олардың 53-і мемлекеттік саналып, онда 310092 студент немесе жалпы санының 49,9%-ы білім алуда. Қазақстандағы студенттердің 77,3%-ы ақылы негізде оқиды. Оқу ақысының көтерілуі жоғары білімге сай келе ме?

Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (ҚазҰУ), Каспий унисерситетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін (ҚазЭУ), Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін (ҚазҰТУ) және Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясындағы (ҚазБСҚА) оқу ақысын салыстыра келе бір мамандықтың әр оқу орындарында әр түрлі екендігіне көз жеткіздік. Мәселен, ҚазЭУ-де бакалавр деңгейінде бір жылға қаржы мамандығына оқу ақысы – 450 мың теңге, экономика – 360 мың тг, кеден ісі – 280 мың тг, ал ҚазҰУ-де сәйкесінше қаржы және кеден ісі – 635,8 мың тг, экономика – 560 мың тг. Ал Каспий университетінде экономика мамандығына оқу ақысы – 180 мың тг екен. Сондай-ақ құрылыс факультетіне ҚазБСҚА-да 350 мың тг болса, ҚазҰТУ-да 320 мың тг екен. Байқағанымыздай, бір мамандықтың оқу құнында едәуір айырмашылық көрінеді.
Әрі қарай

Тіліңді тартып жүр, қысқарып кетесің

Мені ҚазАқпараттан қысқартпақ. Астанаға барып келген бастығымнан естіп шок болып отырмын. Жоқ, жұмыссыз қалам деп қорыққаннан емес. Менен кейін келген (бір-екеуін өзім жетектеп келіп, жұмысқа кіргізіп, үйреткен едім жазуға) бірнеше адам бар, неге аға
Әрі қарай