Ернар Патиктің ізімен немесе Corolla күнделігі

Toyota Corolla алғашқы әсер
Бірден айтайын, енді қайтып тура осы бағада, осы жағдаймен, осы жылдың Corolla-сын ала қал десе, бас тартатын едім. Көліктің жағдайы: 2010 жылғы, Алматыға осы жылдың шілдесінде келген, келгелі көз алдымда, досым айдаған, почти жаңа көліктің жағдайы. Қазір екінші деңгейлі автонарықтан көлік алуға қорқасың. Сырттан «свежий» кірмегелі көп болды. Мұнда жүргеннің ұрылып-соғылмағаны, моторы май жемейтіні аз. Ұрыныманы ба дейсің. Сосын өзің білетін көлікті аңдисың. Досым сатамын дегелі жабыстым. Осы жексенбі күні алып, дүйсенбі жұмысқа айдап шықтым. Күні бойы автотұрақта тұрды. Кешкісін келіншегімді алып кетуге 31 арнаға барғам. Оталмай сол жерге қалдырып, үйге таксимен кеттім. Енді алмаймын деудің бір себебі осы.
Әлі көлікті толық сезініп үлгерген жоқпын. Бірақ, бірінші әсер: ешқандай комфортты сезіне алмадым, жүрісі ұшқалақтау, еркін 1100-бен басуға тым әлсіздеу сияқты елестейді, металлы жұқа, сәл бассаң майысады, ходовкасы да әлсіз сияқты көрінді, өзіңді сенімді сезіне алмайсың, кәдімгі Лададан айырмашылығы аз, бірақ аты танымал бренд болғаны үшін өтіп жүрген сияқты көрінді. Мүмкін қателесемін. Болашақ көрсете жатар.
Енді оталмай қалу оқиғасы: Таңертең емін-еркін оталды. Әл-Фарабимен жоғары шыққанда сәл қиналғандай болды. Мотордың ышқынған даусы байқалды. Кешкісін 31 арнаның алдында өшіріп, 10 минуттай отырдым. Қайтып оталдырайын десем, кілт бір бұралды, датчиктер түгел жанды, екінші бұрасам тық-тық етеді, оталмайды. Кілтті бұрағанда винтеляторы гуілдеп істей бастады. Әдетте моторы қызған машинаның винтеляторын тура жалғап қояды. Кілт бұрасаң болды, гуілдей бастайды. Тура сол сияқты. Бірақ, білуімше менікі тура жалғанбаған. Фары, ішкі свет, магниофон, сигнал түгел істеп тұр. Демек аккумулятордан емес. Противоугонкасы әлде кілттегі чиптен ба деп, есікті ашып-жауып, коробканы қозғап, парковкаға қайта қойып, қайта оталдырсам да сол. Қызығы кілтті өшіріп суырып алсаң да, бүкіл датчиктері жанып, чинтеляторы гуілдеп тұра береді. Кез-келген машина кілтті суырсаң өшуі керек. Жолда датчиктер жанбады. Бұрынғы иесі де, ондай жағдай болмағанын айтты. Ақыры ойланып, ойланып, компьютері қуып кетті деген шешім жасадық. Вирус кіріп кеткен компьютер сияқты командаларды дұрыс орындай алмайды. Қуып тұр. Өзіміздің қолдан келер қайран жоқ, тастап кетуге тура келді. Кешкісін форумдарды оқып едім, ақпарат таппадым. Жасағыштар келіп, сканерлеп көріп еді, бір жерден короткий замыкание беріп тұр деді. Іздеп таппады. Екіншісі де. Бүгін СТО-ға кіргіздік.
Әлі іздеп жатыр. Табылса, ауруы неден болғанын жазармын. Біреу-міреуде сондай ауру шығып қалса, оқып, пайдаланар. Жапон алсаң, камридің 25-не дейінгілері, ниссанның 97 жылға дейінгілеріне жететін көлік жоқ түсінгенім. Одан бергілері электроникамен толтырылып тастаған қаңылтырлар.
Бөлісу:

19 пікір

patick
Тойотаға маманданған орталықтарға апарған дұрыс шығар, бір білсе солар біледі
VKM
электрикке көрсетсей, мүмкін оп-оңай нәрсе шығар.Бұрын Мерседес болғанда, от алмай, сонда есіктің қасындағы бір провод үзілген болып шыққан. Кейде СТОларда көбірек ақша табу үшін тіпті қай жері істемей тұрғанын «білмей» жынды қылады
satibaldi
электрикке көрсетсей
Автоэлектрикке деңіз
VKM
енді… по умолчанию ғой)
satibaldi
Қойшы-әй
VKM
күлкіңізді тия алмай қалмаңыз)
DiasBisengali
Негізі автобілгіштер Королланы мақтайды. Мен де жаңартсам осы королла алам деп жүргем, мына пост ойландырып тастады. ай, Каринама жетпейді ғой бәрі бір
DiasBisengali
Ақаулық неден болды екен сонымен?
Erbol
Ақаулық короткий замыкание болып шықты. Тапты. Жалғады. 20 мың теңге алды. Қазір енді ходовкасы тақырлай бастады. Шашка кеткен сияқты. Колодкасы қытырлап жүр. Подушка кеткен сияқты мотор жақ дірілдейді. Қысқасы, сенген қойым сен болсаң.
VKM
граната ма? Жалпы қысқа ходовкасын жасап алған дұрыс ғой.
satibaldi
VKM
:) не болд?қойыңызшы, а, барлық жазғаныма күле бермей.\менде комплекс
satibaldi
Қазір комплексті «кешен» деп айтып жүрміз, қаззақша сөйле
qonyrbai
Клитемнестр кешені ме сендегі?
VKM
неменеееееее? Қазақша,ұғынықты қылып жазшы)
qonyrbai
satibaldi көкеңнен сұра. :) Саған қосылып, мен де не екенін түсініп алайын.
VKM
википедия бір әйел туралы шығады.
qonyrbai
Иә, Википедия бір әйел туралы қалай шығады немесе қайдан шығады? Бірақ мен «Википедия бір әйел туралы шығарды» деп оқыдым.
DiasBisengali
Негізі асығып қарамағансың ғой аларда.