Блогиада #20. Менің стереотиптерім қалай бұзылды?
Өмірімнің өткен бөлігіне шолу жасасам, өз басымда да стереотиптердің сынғаны деп айта алатын оқиғалар жеткілікті екен. Бұл жерде нақты айту қиын — олар жалпыға ортақ стереотиптер ме, әлде жеке басымда қалыптасып, бұзылмас деп есептеген принцептер ме. Дегенмен, солардың бірнешеуімен бөлісіп көрейін.
Миф #1. Атырауда тудым, Атырауда тұрамын, Атырауда өлемін
Қалада тусам да, ауылда өскен мен секілді мәмбеттің болашағы белгілі еді. Өзімнің пайымым бойынша: «Ауылдың орта мектебін бітірген, грантта оқуға шамасы жоқ, әдеби кітаптарды сүйіп оқиды, романтик. Демек, Атыраудағы бір газеттің ортаңқол редакторы болып күнін кешеді. Әйелі көрші ауылдан, немесе университетте танысқан өзі секілді бір малшының, не балықшының қарапайым қызы болады. Екі-үш баласы болады, жасы қырыққа жақындағанда әупірімдеп баспанаға қол жеткізеді. Сөйтіп жүріп елеусіз өмірден өтеді де кетеді. Мүмкін артында 1-2 кітабы қалатын шығар».
Мен бұдан артығын күткен де емеспін, қалаған да жоқпын. Біреу тіпті маған Атыраудағы өмірің 1,5 жылмен шектеледі десе, қарқылдап бетіне күліп кетер едім. Не болды, ал? Бір күні заттарымды бір рюкзакқа тықтым да, қалтамдағы 30 мың теңгемен Алматыға тайып тұрдым. Барлығы әп-сәтте болғаны сонша, есімді қалтамдағы ақша таусылғанда ғана жидым. Атырауға оралуға намысым жібермеді. Алматыда 1-2 жыл жүре тұрайын деп шештім. Ол 2007 жылдың жазы болатын.
Миф #2. Мен танымал болмаймын
— Саламатсыздар ма! Эфирде жаңалықтар, микрофон алдында Ернар Бекенов.
Түсінесіздер ме — мен ауылдан бірнеше ай бұрын ғана келген баламын, бойымда мәмбеттігім әлі бар. Маған біреу 1-ші курстың соңында радио-диктор боласың десе, бетіне күле қарап тұрып, жерге «харқ» еткізіп бір түкіріп тастап, бұрылып кетіп қалар едім. Радиоға қайдан тап болдым? Білмеймін, әйтеуір басында өндірістік практика дедім, одан кейін стажировка дедім, тағы бір ай — мен штаттағы радиожүргізушімін.
— Сіз Ернар Бекеновсыз ғой жаңалықтар оқитын?!
Олар мені қайдан таниды? Қызық екен, қалалық «Тандем» радиосының өз фан-клубы бар екен және олар радиодағы барлық өзгерістерді бақылап отырады. Уау! Менің де фанаттарым бар!
Миф #3. Басшылық лауазым маған бұйырмаған
Сіз 19 жасар бас редакторды танисыз ба? Ол мен. Радиодағы 1 жылдық өмірімде бас редакторлыққа дейін көтерілдім. Екінші курста оқып жүрген кезім еді.
Әлгі газеттің ортаңқол редакторы туралы ойларым миф болып қалды. Бас редактор қайда, қарапайым газетші қайда?
Миф #4. Менің әйелім нағыз қазақ болады
Мен тілімді сүйемін, мен ұлтымды сүйемін! Орыс тілділермен ешқашан, естисіз бе — ешқашан дос болмаймын. Астраханның бір ауыз қазақша білмейтін қызы? Ха-ха! Ондайлардан алыс жүр, сенің әйелің нағыз қазақ болуы керек.
2010 жыл 8-9 қазан. Атыраулық Ернар мен астрахандық Светаның үйлену тойларына қош келдіңіздер.
Кейде менен әйелім әзілдеп сұрайды:
— Бір ауыз орысша білмейтін, ұлтшыл, ашушаң, жағымды бір қылығы жоқ ауылбайды қалай сүйіп қалдым?
— Білмеймін, өзім де осы сұраққа жауап таба алмай талай таңды атырдым, — деп шын жауап беремін.
Миф #5. Қайын жұрт — жауың
Өзімді бөтен адамдармен жарасып кетуі қиын адам ретінде білемін. Оның үстіне қайын жұртпен жақын араласу күшік күйеулікке алып келеді деген сенімде едім. Мүмкін тәрбиеден шығар, әкем мысалы өз қайын жұртымен әлі күнге дейін жақын араласпайды. Әкем менің болашақ әйелімнің ауылына танысу үшін, келінге сырға салып, құда түсу үшін алғаш барып келгенде ашуланып келді:
— Құда қызық адам екен, әлі көрмеген болашақ күйеуді балам деп отыр!
Мен үшін де бұл біртүрлі қылық көрінді. Кейін таныса келе көп нәрсеге көзқарасым өзгерді. Жыл сайын жазда Ресейге қайын жұртқа барамыз. Атам құшақ жая қарсы алып, мен үшін алып қойған сыбағасын береді, сырасын құяды (ол жақта сыра ішімдік болып есептелмейді). Енем де «Балам, қарның ашпады ма?» деп күні бойы құрақ ұшып жүреді. Өмірімде бұндай құрмет көрмеген мен үшін бұл тосын көрінсе де, кейін үйреніп кеттім. Бажам марқұм тіпті бар жұмысын тастап, шекарадан келіп күтіп алатын. Сосын қайтқанша думанды демалыс басталады.
Қарап отырсам, өзгерістердің көпшілігі қазіргі әйеліме қатысты болыпты. Бірақ жеке мен үшін ғана, көпшілігіміз үшін қалыпты емес болып есептелетін тағы бір стереотипті бұзыппын: Ешқашан күйеуі әйелінен кіші болмайды. Иә, әйелім өзімнен 3 жас үлкен.
«Ешқашан ешқашан деме», — дейді ғой орыс халқы. Принциптер мен стереотиптер талай өзгереді екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын өміріңде осындай оқиғалар болады десе сенбес едім. Әлі де талай нәрсе өзгерер, тек ең бастысы өзіңді жоғалтып алмау.

— ешқашан журналистикада істемеймін
— Астанаға бармаймын
Баян Өлгийден Астанаға барып, журналист боламын.
(12 жыл бұрын)
Ол жақта бәрін әділетті шешеді, қазақтарды тартады.
Презерватив бір шелек суды көтеруі мүмкін емес
журналист болмаймын дейтінмін, журналистикада жүрмін, бірақ өзімді журналист сезінген емеспін,
Түркістандағы жоо-да оқымаймын дейтінмін, оқыдым, дұрысы диплом алдым, текке кеткен 4 жыл уақыт
Шымкентте, жалпы Оңтүстікте жұмыс істемеймін дейтінмін, Шымда жұмыс істеп жүрмін, Шымға да үйренісе бастадым, осында қалып қою туралы да жиірек ойлайтын болдым
Өзің сияқты артық понтсыз, жасандылықсыз және барынша шынайы.
ПС. сен мақтап айтатын бажан марқұм болды ма? арты қайырлы болсын!
9-10 класста Ақтаудағы бір университетте оқимын деп ойлайтын едім, Алматыдан бір-ақ шықтым;
4 жыл оқып болып, диплом алған соң, бір күн де Алматыда қалмаймын деп сенімді түрде айтушы едім, жүрмін әлі Алматыда