Айлық табысыңыз қанша?
Халайық! Общым, сараптама жүргізуге мәжбүр болдым. Неге дейсіздер ғой? Былай, әлеужелілердегі белсенділіктерге қарап отырсам, көп қазақтар Лондондағы, андағы-мындағы суреттерін, пәленше-түгенше қымбат ресторандағы жеген тағамдарын, әртүрлі гаджеттерін, барған концерттерінен репортаж, т.б. қалтаның қалыңдығын қажет ететін нәрселерін жария қылып жатады. Қанша жерден нормально табыс тауып жүрм деп ойласам да қыдырыс-демалысқа дегенде ақшам жетпей қалып жатады, сонда жұрттың баласының айлық табысы қанша екен шамамен? Сонымен дауыс берейік, менің айлық табысым (шабашкілеріңді де қоса беріңдер)…
біреулер өз бетімен емес, компаниясы жіберіп те жатады…
ал, өзі барып жатқан адамдарды қарасаң, еріксіз ойлайсыың Қазақстанда адамдардың жағдайы жаман емес-ау деп. оны көрген жоғарғы жақ анау-мынау жеңілдіктерді алып тастап қысып-қысып қоятындай…
Көбейтсе қарсы емеспін. Жер үйдің қажеттілігі бітпейді.