Arular.kz

Жастардың арасында қандай саладағы тақырыптар көп қызықтырады?

Жастардың пікірін білу үшін арнайы сауалнама. Алдағы уақытта ұсыныстарыңыз қабылданады.
image image

Дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның xал-аxуалы қандай?

Ұялы телефоныма қажетті заттың барлығын Орталық Әмбебап Дүкеніндегі (ЦУМ) сатушы болып жұмыс істейтін танысымнан сатып алатынмын. Әрине, таныс болғаннан кейін әр барғанымда түрлі жеңілдіктер жасап, кеңпейілдік танытып жатады.%) Қазіргі дағдарыс кезінде студент үшін бұл кішкене болса да жеңілдік. Өткен аптада аталмыш...

Қандай үлгіде киінген жігіт бірден көзіңізге түседі?

Қыздарға арналған сауалнама. Қыздар, қалыспай дауыс беріп тастаңыздаршы. Классикалықты білесіздер, спорттықты да. Қысқаша түсінік бере кетейін. Сasual стилі — күнделікті қарапайым киіну. Мысалы жемпір мен джинсы киіп, аяғына мокаси киюі мүмкін.

Айлық табысыңыз қанша?

Халайық! Общым, сараптама жүргізуге мәжбүр болдым. Неге дейсіздер ғой? Былай, әлеужелілердегі белсенділіктерге қарап отырсам, көп қазақтар Лондондағы, андағы-мындағы суреттерін, пәленше-түгенше қымбат ресторандағы жеген тағамдарын, әртүрлі гаджеттерін, барған концерттерінен репортаж, т.б. қалтаның қалыңдығын қажет ететін нәрселерін жария қылып жатады. Қанша жерден нормально табыс тауып жүрм деп ойласам да қыдырыс-демалысқа дегенде ақшам жетпей қалып жатады, сонда жұрттың баласының айлық табысы қанша екен шамамен? Сонымен дауыс берейік, менің айлық табысым (шабашкілеріңді де қоса беріңдер)…
image image

Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?

Екінші . Екінші қадам, екінші өмір, екінші бақ. Ылғида бірінші болуды қалайтын жандар үшін «Екінші» болу етек жеңін жиған адам үшін өрескел көрінеді. Бағзыдан «екінші сыңар» болу қалыпты дәстүр болса, бертін келе бұл әдіс өзіміздің қоғамда теріс пікірге ие болған еді. Дегенмен, бұрыңғының баянды...
image image

Қайран менің өз үйім

Кең сарайдай лашығында көсіліп жатқан Жиреншенің айтқан сөзі ХХІ ғасыр қазағы үшін де аса өзекті болатынын кім білген. Мүмкін, шешеннің іші сезген де шығар. Қалай десек те, Жиреншенің жағдайы қазіргі көп қазақтан артық болғанына дау жоқ. Оның боз үйі, ең бастысы, өз үйі бар еді.
image image

Магистратура: қанша және не үшін?

1 шілдеден бастап Қазақстан жоғары оқу орындарына магистратураға қабылдау басталып, үміткерлер апыр-топыр құжат жинауға кірісіп кеткен болатын. Алдын-ала қам жасап қойған пысықтар алғашқы аптада-ақ құжаттарын тапсырып та үлгеріп, емтиханға дайындалып жүр. Жастардың көбі магистр атануға құштар. Мемлекет те білім...
image image

Жүйкеңіз қалай? Жүрегіңіз аман ба?

Мен де жұрт қатарлы бойында абыройы мен кемшілігі қаз қатар өрілген қарапайым пендемін. Басқалар секілді күнделікті әртүрлі категориядағы стресс туғызатын жағдайларға душар боламын, сосын ашуланамын… уайымдаймын…

Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?

ФК Шахтер: Еуропа Лигасының топтық кезеңіне алғашқы болып шыққан қазақстандық команда, соңғы жылдары ширақ ойын көрсетіп жүрген топ, қазақстан футболының сенсациясы, еліміздің 2 дүркін чемпионы. УЕФА рейтингі 246-шы орын. ФК Ақтөбе: Еуропа ойындарына ұзақ қатысып келген, бірақ соңғы сәттерінде жолдары...

Қай тілде жиі сөйлесесіз?

«Аталмыш қазақтілді сайт қолданушыларына мына сұрақты неге қойды екен?» — деп сұрарсыз. Иә, керекшілердің басым бөлігі (ұлттарына қарамастан) қазақтілділер, бірақ "қазақ тілін білу" мен "қазақ тілін қолдану"-дың арасында үлкен айырмашылық бар. Біз мында барлығымыз қазақ тілінде ой бөлісіп, пікір...

Жүйеәкімдеріңіз ренжітеді ме?

Оқуға кетер алдында, ректораттың шешіміне сәйкес, жұмысқа қажетсіз сайттарды жауып тастаған едім. Қажетсіз сайттарға кіру әрекеті жасалған кезде, сайттың не үшін жабылғаны, және жұмысқа тіке не жанама түрде қажет болатын болса ресурстың толық адресін көрсетіп, қызметтік хат жазу керектігі жазылған болатын. Әрине кім фейсбук, мой мир керек еді деп жаза қоймасы анық, дегенмен агент пен скайпқа рұқсат бердік. Ал БАҚ.кз сайтының қазақстандық БАҚ бөлімінің телеарналар беті жабылды. Түсініп отырған боларсыңдар, трафик көп кетеді. Ал мекеме мемлекеттік болғасын нағыз жұмыс түске таман басталады (ерте сегіз жарымда келгенмен) да, кешке жай бітеді. тоғыз, ондарда. Кешке жіберіп алған телесериалдарының қазасын түске дейін өтейтін хатшы қыздар жетіп артылады. Сонымен бүгін сырқатыма байланысты үййде отыр едім. Оны мұны шұқып, мал агентім, шырылдай қалғаны. Сол стандартты "Қал қалай,...

Сіздің ойынызша Әлемнің ең үздік қақпашысы кім?

Әлемнің үздік қақпашысын таңдаймыз. Дауыс береміз!!!

Отбасылық жағдайыңыз?

Біздің қоғамда «отбасылық жағдайыңыз» деген сауалнаманы толтырғанда екі-ақ пункт болады. Отбасылық жағдайдың өзге түрлерін мойындай бермейтін сияқтымыз. Осылай етіп тарқатса да болады ғой. БІРЕУІН ТАҢДАҢЫЗ. Сізде басқа да варианттар болса, қарап отырмай тізімді ұзартайық.

Қай шығарманы қайталап оқыр едіңіз?

Қазақ жазушыларының жазған дүниелері жетерлік. Іліп алары да бар, сүрте саларлары да жетерлік. Мына сауалнамада көрсетілген шығармалардың қайсысын қайталап оқуға қарсы емессіз. Сауалнаманың мақсатын сұраққа қатысты таза 35 пікірден соң жариялаймын. Жылдап күтуге де әзірмін.