Магистратура: қанша және не үшін?

1 шілдеден бастап Қазақстан жоғары оқу орындарына магистратураға қабылдау басталып, үміткерлер апыр-топыр құжат жинауға кірісіп кеткен болатын. Алдын-ала қам жасап қойған пысықтар алғашқы аптада-ақ құжаттарын тапсырып та үлгеріп, емтиханға дайындалып жүр. Жастардың көбі магистр атануға құштар. Мемлекет те білім алам деушілерге жағдайды жақсы-ақ жасап отыр — жылдан-жылға бұл білім бағдарламасына бөлінетін грант саны өсіп келеді. Мысалы 2010 жылы магистрлерді дайындауға бөлінген орын саны 2739 болса, 2013 жылы ол сан 6959-ға жеткен. Биылғы мемлекеттік тапсырыс көлемі әзірге белгісіз, дегенмен былтырғыдан аз болмасы анық. Ал осы бөлінген орын қалай меңгеріліп жатыр? Қабылдау әділетті жүріп жатыр ма? Өзіміздің кезінде магистратураға дайындығымыз зая кетпеген еді, ешкім ренжітпеген.


Сонымен сауалнамаға қатысқан 78 адамның 43-і магистратурада оқыған/оқитын болып шықты. Бұл жалпы санның 55 пайызын құрайды. Жаман емес.



Магистратура оқымаған 45 пайыз не дейді екен? Олардың оқуға ынтасы бар ма екен? Жауап төмендегідей:

ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?

Респонденттердің 14-і «Неғылам оны? Құр қағаз» депті. Оқуға құлшынысы болмаса «елдің бәрі оқып жатыр екен» деп жармаса кетпей, позицияларын айқындап алғандары да дұрыс бір жағынан.

Расында да, неғылады екен? Бұл сұраққа жауапты биылғы құжат тапсырушылардан іздедім.


ЕҰУ-дың қабылдау комиссиясы қызу жұмыс істеп жатыр екен.

ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?

Сонымен үміткерлер не дейді?
ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Әсет, «Ақпараттық жүйелер» мамандығына құжат тапсырушы (2014 жылғы түлек):
— Осы ЕҰУ-да жұмыс істегім келеді, оқытушылық ұнайды. Сол үшін қажет.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Азель, «Математика» мамандығына құжат тапсырушы (2014 жылғы түлек):
— Астанадан кеткім келмейді. Магистратура менің Астанада қалуымның бірден-бір мүмкіндігі.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Зәмзәгүл, «Халықаралық құқық» мамандығына құжат тапсырушы (2008 жылғы түлек):
— Магистратура жұмыста өсуіме керек. Қазір көп жерлерде магистрлік диплом талап етіліп жатыр.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Жәнібек, «Археология және этнология» мамандығына құжат тапсырушы (2014 жылғы түлек):
— Студент кезден қазба жұмыстарына қатысып жүрмін, келесі апта тағы экспедицияға кетіп барам. Магистратура маған осындай зерттеу жұмыстарымды жалғастыру үшін қажет.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Қымбат, «Педагогика және психология» мамандығына құжат тапсырушы (2012 жылғы түлек):
— Қазір көп жерде магистратура дипломы талап етіледі. Тіпті мектептерде де. Сол үшін керек.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Раушан, «Химия» мамандығына құжат тапсырушы (2013 жылғы түлек):
— Өзім ғылыми орталықта жұмыс жасаймын, ғылыммен айланысқан ұнайды. Сол үшін магистратура оқып, ары қарай жалғастырғым келеді.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Инабат, «Педагогика және психология» мамандығына құжат тапсырушы (2008 жылғы түлек):
— Жоғары оқу орнында жұмыс істегім келеді. Ал мен болсам балабақшада жұмыс жасап жүрмін :d


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?


Алина мен Гүлнұр, «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыздандыру» мамандығына құжат тапсырушылар (2014 жылғы түлектер):
— Толық жоғары білім алғымыз келеді. Біздер «Көлік және байланыс» министрлігінде өндірістік практикадан өткенде ол жақтағылар магистратура дипломының болғаны жөн деп айтқан.


ОҒМ жазбалары: Магистратура: қанша және не үшін?
Досжан мен Бағлан, «Заңтану» мамандығына құжат тапсырушылар (2014 жылғы түлектер):
— Просты біздің жұмыс істегіміз келмейді :d Қалжың, мүмкіндік барда оқып алсақ дейміз.



Сауалнаманы қорыта келе және өз ойымды қосып магистратурада оқудың 5 себебін тізейін:

1. Жоғары оқу орнында жұмыс істеу мүмкіндігі
Өздеріңіз білесіздер қазір ЖОО-ға магистратурасыз жұмысқа қабылдамайды. Айлығы жақсы интеллектуалдық мектептерде де магистр дипломын талап етеді.

2. Ғылыми-зерттеу жұмыспен айналысу мүмкіндігі
Ғылым қызықтыратын болса магистратура оған сізді бір табан жақындата түседі. Оның үстіне әрі қарай PhD-ге түсіп, сүйікті ісіңізді жалғастыруға мүмкіндік беретін бірден-бір баспалдақ — магистратура.

3. Қызметте өсу мүмкіндігі
Магистрлік диплом қызметтік сатыда жоғарылауға септігін тигізеді. Бірақ жатыпішер кер жалқаудың өзі болсаңыз, әлбетте, сізге бұл қағаз көмек бола қоймас.

4. Жағдай орныққанша мұрсат алу мүмкіндігі
Бұл енді дипломын қолға ұстап жатақханадан шығып, мәңгіріп қалған жас түлектерге қатысты. Жұмыс өтілінсіз әлдеқандай қызметке тұрып кету оңай емес, оның үстіне қазіргі дағдарыс кезінде. Магистратура сізге екі жыл жан-жағыңызға қарап, лайықты қызмет табылғанша «отсрочкаға» жағдай жасайды. Жұмыс істеуге рұқсат жоқ делінсе де, ол екі жылда өзіңізді түрлі қызметте байқап көре аласыз және аш қалам деп қорықпайсыз. Стипендия бар ғой.

5. Ел, жер көру мүмкіндігі
Құдай оңдап бір бағдарламамен шетелге грант жеңіп алсаңыз, өзге елде кемінде 1 жыл тұрып, салт-дәстүрімен танысасыз, жақсы білім алып келесіз. Тіліңіз де жақсарып қалады.
Қазақстандық ЖОО-ға түссеңіз де қайғырмаңыз, қазір магистратура білім бағдарламасында шетелге міндетті 10 күндік тағылымдама қарастырылған. Алғашқы сапар үшін бұл да жаман емес.


Солай, достар. Оқыңыздар, білім алыңыздар, тіл үйреніңіздер! Адал еңбекпен жүрсек кем болмаймыз.
Биылғы үміткерлерге сәттілік!
Бөлісу:

16 пікір

abzalsariyev
Күшті! Мен де магистратураны бітіргенмін, парасыз)
Ispek92
Біз кәдімгідей сеніватрҚ, парасыз дегенге
zholantai
2012 жылы универді бітіріп, Астанаға бардым. Магистратураға тапсырдым. "Қол қысты тиын беріп" қандай да бір білім алуға ярый қарсы адамдардың бірі ретінде, таныс-паныс іздемедім.
Айналамдағы жақын адамдарға да іздетпедім.
Ну, ағылшыннан аз жинап, грантқа түспедім. Қазақстанда 500-600-700-800 мың, не 1 млн теңге төлеп, білім алуды ақымақтықтың шыңы деп білетін мен үшін ақылы оқу деген топастық болар еді.
Қолды бір сілтедім дағыны, Шымға қайтып кеттім.
Сонда мен магистратураға не үшін түспек болдым. Айтайыншы. Айтып қойыпсың ғо, бірақ. т
Себеп сол:
4. Жағдай орныққанша мұрсат алу мүмкіндігі
Бұл енді дипломын қолға ұстап жатақханадан шығып, мәңгіріп қалған жас түлектерге қатысты. Жұмыс өтілінсіз әлдеқандай қызметке тұрып кету оңай емес, оның үстіне қазіргі дағдарыс кезінде. Магистратура сізге екі жыл жан-жағыңызға қарап, лайықты қызмет табылғанша «отсрочкаға» жағдай жасайды. Жұмыс істеуге рұқсат жоқ делінсе де, ол екі жылда өзіңізді түрлі қызметте байқап көре аласыз және аш қалам деп қорықпайсыз. Стипендия бар ғой.

5. Ел, жер көру мүмкіндігі
Құдай оңдап бір бағдарламамен шетелге грант жеңіп алсаңыз, өзге елде кемінде 1 жыл тұрып, салт-дәстүрімен танысасыз, жақсы білім алып келесіз. Тіліңіз де жақсарып қалады.
Қазақстандық ЖОО-ға түссеңіз де қайғырмаңыз, қазір магистратура білім бағдарламасында шетелге міндетті 10 күндік тағылымдама қарастырылған. Алғашқы сапар үшін бұл да жаман емес.

ойлайм, бізде магистр оқып уақыт өлтіргенше, сол уақытты шетелде магистратура оқуға жұмсау керек пе деп. Не, шетелде басқа бір мамандық бойынша бакалавр оқуға кетіру керек пе деп.
Біздегі магистратураның жайы ішкі кухнясында жүрмесем де, магистратурада оқитын таныстарымның оқып-тоқып жүргендерін қарап, «көтінен кері кеткен оқу жүйесі» ме деп ойлайм.
Ал, шетелде 10 күн тағылымдамадан өтуді ақша шығындау деп қабылдадым. Барады, қыдырып қайтады, турист болып.
Соңғы уақытта магистратураның арқасына мініп, 10 күндік тағылымдамадан өтуге барып, келгендердің ол жақтағы күндеріне қарап, сондай ой түйдім.
Ал, шетелдің норм универ, не институт, не ғылыми орталықтарында бір жыл, не одан да көп мерзімге білім алудың пайдасы бір бөлек. Оны құптаймын.
AKA
Оқытылатын пәндер мен жалпы жүйеге қарап магистратураның оқуын былай да үйренвалуға болад деп ойлап қоямын. "Құрылыс" мамандығын бітірдім, ертең ұстаздыққа, ғылымға кетіватсам керек бов қала ма деймін дипломы. Ал, былай жобалаушыға теориядан гөрі сызуды мықты білу керек девойлайм. Өзекті жазба!
Gastarbaiter
Кезінде «магистратура оқу не екінші жоғары білім алу» деген таңдау болғанда екіншісін таңдап едім.
Ispek92
Мен өз мамандығымды(инженер-гидротехник) бітіріп, магистратураға түскім келген, соны бітірсем алдымнан көп жол ашылатын еді және мүмкіндігі де жоғары болатын, алайда түсу үшін 400 мың теңге сұрады, бұтақ қойып кетіп қалдым, қазір басқа саладамын…
aikarakoz
Қайбір жылы… бықақақа… қайбір жылы магистратураға тапс-хи-хи-хи, күліп алайыншы
Магистратураға тапсырмақ болам ғой. Құжаттарды тапсырып, ағылшынның емтиханынан 83 балл жинап, оқуға түсетініме сенім пайда болған. Содан спецтан болатын емтиханның күнін білместен Астанаға қыдырып кеткем  Екінші емтихан болып жатқан күні есітіп, жылап-еңіреп  Ұшып кетіп, үлгеруге де болатын еді, «бәрібір ақша төлеу керексің» деген соң, бармай қойдым. Әйгерім куә
AKY
Осындай да қожанасыр болады екен деп шок болғам сол кезде
aza
Жоғарыдағыларды оқығам жоқ, таза жеке пікірімді білдіргім кеп кетті: Магистратура, екінші дипломм деп қыртып жүргенде заман қасымнан сырғып баратыр да. Тіл үйренуді қолға алып, шетелге барып, өзім айналысып жүрген салада тәжірибе жинасам. Магистратура да, диплом да сатылатын заманда оқып керегі не? Сатып ала салмайм ба???
MERmukhanov
Мен магистратураға өз мамандығым бойынша түспегем, о жерде нан жоқ, ақша бергім келмеді...
сосын келесі жылы басқа мамандық бойынша түстім де (конкурс аздау) — өйтіп бүйтіп бітірдім
Daniar-Alan
Түстім. Оқып жатырмын. Білім үшін емес, қағаз үшін
NaimanKa
магистратураға түсуге өз басым қарсымын. Қазір жастар жұмыс іздеу барысында опыт тәжірибе сұрайды. Ал магистратураға түскен азамат, тағы 2-3 жыл өмірін оқуға жіберіп, ертең 24-25 жасында қолында дипломы бар тіпті қызыл болсын, бірақ тәжірибесі жоқ болып шығады. Нәтижесінде, кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар бакалавр дәрежесін иемденген азамат тәжірибесіз магистрдан жоғары тұрады… опшм как-то так…
sammita
мүмкіндік болды, қызығушылық жоқ. әншейін диплом үшін оқығым келмейді. Оның үстіне, биыл мамандығымыз Стандарттау және сертификаттау бойынша Аграр.универге 23 грант бөліп отыр жұмыста, мысалы.
AKA
Түүүй, мүмкіндікті жіберіп алғандай боп отырмын. Құжаттарыңды тапсыра сал деп еді үйдегілер, мен елдің сөзіне еріп… Ақшамен алватр, қанша жақсы тапсырсаң да орындарды бөлівалад бәрі деп еді. Сонда да тапсыра салғанда ғой деп отырмын қапаланып.  Қазір сұрақтар кеватр суретке түсіріп жіберген, ал оған ыспакойны жауап беруге болады. Ауызша өтетінін де енді білівотрм. Маған ҰБТ сияқты тест болад девед, ауызша болса сайрап айтуға болады ғоо  Аййй, ұстаздарымның қолдауы боп тұрғанда тапсырып алу керек пе еді. Ішім ашыватр, бірақ мен Қызылордада оқығым келмеген деп өзімді ақтап алайыншы, әйтпесе басқа себеп жоқ  Қайырлысы!