Қайран менің өз үйім
Кең сарайдай лашығында көсіліп жатқан Жиреншенің айтқан сөзі ХХІ ғасыр қазағы үшін де аса өзекті болатынын кім білген. Мүмкін, шешеннің іші сезген де шығар. Қалай десек те, Жиреншенің жағдайы қазіргі көп қазақтан артық болғанына дау жоқ. Оның боз үйі, ең бастысы, өз үйі бар еді.
Біздің адамдар есеп беруге құмар. Әсіресе шенеуніктер. «Пәленбай мың пәтер пайдаланылуға берілді», «Пәленбай мың пәтер пайдаланылуға беріледі» деген қуанышты хабарды, ең құрығанда, жылына бір рет естіп тұрамыз. Шынымен де, құрылыс қарқыны ерекше. Әсіресе бас қаламызда бірінен соң бірі зәулім-зәулім үйлер бой көтеріп жатыр. Тұрғын үй салу көрсеткішінен Астана елімізде бірінші орында тұр. Бұл да ресми есеп.
Елорда көшелерінде жүргізілген сауалнама қортындысы бойынша, тұрғындардың алпыс пайызы өзгенің пәтерін жалдап жүр. Бақытты қырық пайызды әзірге жайына қалдырып, құрқылтайдың ұясындай болса да өз қуысын аңсап жүргендерді әңгімеге арқау етелік.
Үй алу үшін бір жалақы жеткіліксіз. Өйткені, Астана халқының орташа еңбекақысына әрі кеткенде орташа есепті пәтердің 0,3 шаршы метрін ғана сатып ала аласыз. Ал, бұған қоса отбасын асырау керек, байланыс, жол ақысы, демалыс секілді шығындарды да ұмытуға болмайды.
Біреулер, ипотека құтқарады деген ойда. Алайда, біздің банктердің ұсынысы жұбатудың орнына жылата түседі. Шамамен 12 млн теңге тұратын пәтер құнының 20 пайызын жарна ретінде төлеп, 15 жылға несиеге алғанның өзінде ай сайын 121 мың теңге төлеу керек. Бұл, орташа жалақының 81 пайызы. Мәселен, орташа жалақысы мен орташа пәтер бағасының қатынасы Астанамен шамалас Лондон тұрғыны дәл осындай ипотека үшін айлық еңбекақысының 40 пайызын ғана жұмсайды.
Жыл басында қала әкімі Астана астана болғалы 12 млн м2 тұрғын үй салынғанын мәлім етті. Егер мұны орта есеппен 60 м2-ден бөліп тастасақ, барлығы 200 000 отбасы пәтерлі болуы керек. Әр отбасыда кемі 4 адам бар десек, барлығы 800 000 адам шығады. Ал, Астана тұрғындарының саны әлі 900 мыңнан асқан жоқ. Демек, пәтерсіздер саны әрі кетсе 100 мыңның айналасында болуы тиіс. Жә, бұл енді Джордж Оруэллдің де ойына келмеген утопия болып кетті.
Былтыр, салық комитеті басында 160 пәтері бар кісі туралы хабар таратқан еді. Масштабты елестетете алдыңыз ба? Менің фейсбуктағы бірде бір постым мұншама лайк жинап көрген жоқ.
Құрылысшылар, одан қалды Өңірлік даму министрі пәтер құнын көтеру керек дейді. Бірақ, қазіргі бағаның өзі шынайы мөлшерінен әлдеқайда жоғары. Және қалыптасқан жағдайдың жуық арада өзгере қоятын түрі көрінбейді. Өйткені баспананың қымбат болуы, анау 160 пәтердің қожасы сияқтыларға тиімді.
Әй, Жиренше-ай… А, айтпақшы, сіздің жайыңыз қалай?

Саны 17 млннан аз асатын азаматы бар Қазақстанда баспана деген нәрсе қалай ғана проблем болады?
басым жетпейд, ойландым, ойландым, сұрадым, сұрадым, салмақты себеп таппадым,
бұл әдейі ұйымдастырылған саясат және биліктің әлсіздігі мен немқұрайдылығы деген байғұс себептің бетіне жиналып қалған тозаңды үрлеп, аршып-аршып қойдым.
қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету жөнінде мықты бір мемлекеттік жүйенің әлі күнге дейін жоқ екендігі үшін үкіметтің басынан тепкім келетін кездер үнемі болып тұрады.
Қазақстан билігі, или там үкіметі, өзінің 17 млн адамының баспанасы жоқ бөлігін баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне шын ниеттен көңіл бөліп, бел шешіп, жеңді қайырып кіріскен емес.
Басыңда баспананың жоқтығы, баспана алуға қажетті қаражатты жинаудың орындалуы қиын (тіпті мүмкін емес) план екендігі, пәтерден пәтерге көшу — ертеңгі күнге деген сенімсіздікті күшейтіп, еңбектенуге, табыс тауып, отбасын құрып, перзент сүюге деген құлшынысты бірте — бірте жойып жібереді.
баспананың жайы салқын ойды қыздырып, эмоционалды сөйлемдердің тетігін өйстіп ағытады ғо енді.
Атор, тәуір жазбаның астына еңкілдеп кеткенім үшін айып етпе
Шаңырақтарыңның шаттығы құтты болсын! Терезесінен нұр төгіліп, шаңырағынан жыр төгіліп, табылдырыққа жетпей мұң көміліп, ақ пейілді әкелер сыр сөгіліп тұрсын! Үйіңде тек той болсын! Баланың былдыры үзілмесін! Балалардың қос тірегі, мақтанышы болып ауырмай, сырқамай тек қана бақытты күндер өткізіп жүре беріңдер!
Жаңа үйдің қоныс тойы құтты болсын! Жаратқанның берген бұл сыйы ұзағынан сүйіндіріп, шуақ әкелген үй болсын! Қазақта болатын барлық тойлар: келін алу, қыз ұзату, бесік тойы, тұсау кесер, сүндет той, Ораза, Құрбан айт, құда түсу, туған күн, барлық мереке-мейрам, мектепке бару, мектеп бітіру, диплом алу, осылардың барлығы осы шаңырақта өтсін! Жаратқанның берген барлық сыйы сендерді айналып өтпесін!
Тілек мына жерден көшірілді.