Халық арасындағы аңыздарға сенемін бе?
Тылсым күшке сенемін, дегенмен күнде кездесе бермеймін. Көптен бері бірнеше киелі жерлерге бару ойда жүргенмен, сәті осы демалыста түсті. Сонымен тау жолының нашарлығын алға тарта таңғы төртте Кентау қаласы жақтағы (Шымкент облысы) Укаша ата мазарына жолға шықтық.
Укаша ата
Таудың қара жолының орнына асфальт жол төсеген мыңжасағырлардың атасына рахмет, анасына рахмет! Тез жетіп алдық, таң атып қойған уақ, түнегені бар, енді келгені бар, әжептеуір халық жиналып қалыпты. Атаның басынан шыққандар құдыққа қарай беттеп жатыр екен. Ұзындығы 20 метрге жуық сағананы алғаш көруім. Құдыққа барар жолда шелек сататын үй бар екен, 500 тг бір шелек сатып алдық. Құдықтың басында жиналған жұрт көп екен, киіз үй пішінінде жасалған үйшікке 5-6 адамнан кіргізіп жатыр. Кезекте біраз тұрып түрлі адамдарды көрдік, түрлі мінез бен ниетке куә болдық. Әкем, әпкем, мен бірге кірдік, бізбен бірге тағы бірігіп келген үш кісі кірді. Құдық дегенде ауылдағы құдықты елестетпеңдер, тастың ортасын тескен сияқты, 8-10 л шелекке арналған кішкентай тесік. Өз шелегімізді байлатып әкемнен бастап бір-бір реттен салып көріп едік, су шықпады. Екінші рет салғанымда жарты шелектен көп су шықты. Жеке ойым тастардың арасынан өтіп жатқан өзен бар, судың шығу/шықпауы шелектің қай қуысқа түсіп кететініне байланысты сияқты.
Естіген әңгімелерімнен: Бір кәріс қыз Ата жолындағылармен керуендетіп келген екен Укаша атаға. Құдықтан су алса, шелектің ішінде раушан гүлдері болыпты. Қыз қатты қуанып «бүгін туылған күнім екенін ата қайдан білді» деп таң қалған екен.
Әлі күнге сол раушан гүлі суда қайдан пайда болғанын ойлаймын.
Сонымен су алдық, көңіл жәйланды, апарған баклажкамызға құйып алып Түркістанға жол тарттық.
Ғайып ерен, қырық шілтен
(Шымкент облысы, Төле би ауданы, Кеме қалған ауылдық округының маңы)
Таудың етегінде біршама адамдар жиналып қалдық, шырақшы (темекі, насыбай, арақ ішкендер мен басқа да себептермен таза емес адамдарды қалу керек екенін ескерткен соң) бәрімізді тауға алып шықты. Айтуы бойынша бұл киелі жерде ешкімнің мазары жоқ, тек тастарда адамзат бастауының белгілері бар екен. Алдымен бірінші белгі «босаға» деп аталатын екі тастың арасынан өттік. Бұл жерде көптеген белгілер бар, жеміс ағашы, ананың құрсағы, дастархан, дастархан басындағы пілдің, арыстанның, адамның т.б белгілер. Белгілердің ең үлкені екі тастан тұратын ата мен ананың белгісі, атаның белгісі шұрық-тесік – ананы барлық сыртқы қауіп-қатерден қорғап тұрады. Ата мен ананың тасын қосып тұрған «жастық» тас бар, «ата мен ананың басы тек жастықта түйіскен, жастықсыз ұрпақ тарамас еді» дейді шырақшы. Атаның белгісінде «атаның қолтығы», «атаның алақаны» белгілері бар. Атаның алақанына ер адамдар саусақтарын салып, сәлемдесті, атаның қолтығынан өтті. Ананың белгісінде «ананың шарасы», «ананың қамыры», «ананың сүті», ұл мен қыздың белгілері бар. Барлық белгілерге қолымызды тигізіп, тек жақсы тілектермен бет сипадық. Бірінші рет барып тұрған соң аздап скептикалық күйде қабылдадым барлығын. Екі тастың арасынан өтерде тілімді кәлимаға келтіріп, жаратқаннан кешірім сұрап, оң аяқпен бастап, оң қырыммен ешбір кедергісіз өтіп кеттім. Өте алмағандар болды, айтулары бойынша өте ыстық болғанға ұқсайды, жүректері қысылыпты. Мен ешнәрсе сезіне алмадым, дегенмен жаратқанға шын ниетіммен сыйынғанымды жасыра алмаймын.
Таудың етегіне келген соң, бұлақтан су іштік, шырақшының айтуы бойынша үш бұлақтың тоғысқан жерінен су алып ішсең құлақ, мұрын, өңеш ауруларына дауа екен.
Естіген әңгімелерімнен: Екі тастың ортасынан өтетін кісінің дене бітімі толық болса да егер ниеті түзу болса, ешбір кедергісіз өтеді екен. Кейде тіпті ап-арық адамдардың өзі өте алмай қалып жатады екен. Өте алмаған кісілер жылап, құдайдан кешірім сұрап, «бір мал құдайы беремін» деп айтса өтіп кетеді екен.
Айша бибі
(Жамбыл облысы, Тараз қаласы іргесіндегі Айша бибі ауылы)
Халық арасында Айша жайлы аңыздың бірнеше нұсқасы бар. Мавзолейдің айналасы өте кең, ауласында гүлдер отырғызылған, күнмен нұрланып тұрған керемет жер екен. Мазардың қасына жақындағаннан ақ керемет аура сезілді. Толассыз келіп жатқан керуеншілер, мазардың ішіне топ болып кірдік, шамамен сыйымдылығы 15-20 адам. Керуеншілер әкелген ақ маталарын, орамалдарын жауып, дұға оқылып болған соң қайта алып жатты (нұрландырып алып жатқан шығар деп топшыладым). Шырақшы әрбір сүрені нақышына келтіріп оқиды екен, керемет сезімде болдым. Айша бибі мазарының қасында орналасқан Бабаджа хатун кесенесіне кірдік. Бұл жолы дұғаны керуеншілерді бастап келіп отырған аға оқыды, дұға соңында қасымда отырған 2-3 қыз-келіншекке «кісілер шығып кеткен соң, мына жерге 3 рет аунап алыңдар» деді (бала көтере алмай жүрген аналар деп ойладым). Кесененің бір бұрышында үйілген ақ маталар бар екен, дұға оқыған ағадан «мына ақтықтан алсам болады ма» деп сұраған едім «тәберік па» деп дереу қолына ілінген бір матаны суырып берді (2 м мата екен). Келгелі жастығымның үстіне жайып қойып ұйықтап жүрмін

Алайда, несібеме айтар шағымым жоқ… Қарап отырып сағынып кеттім сол кездерді…
P.S. Тверьліктердің почухонецтерден купон қырып жүргені рас па?