Керек инфодан түйгенім!!!

Керек инфода керекті ақпарат алам ба десем, керексіз ақпараттар көп екен. Керек инфода сөз қадірін түсінер әдепті адам бар ма десем, сөз қадірін түсінбес кейбір әдепсіз адам мол екен…
Әрі қарай

Сен едің жұбанышым, мақтанышым!!!

Сен едің жұбанышым, мақтанышым,
Сен едің жалғыз менің қуанышым.
Сен едің жырақ уақ та сағынышым,
Сен едің кейде еркем жан алғышым.

Қайда кеттің мұңайғанда жұбанатын,
Қайда кеттің қуанғанда қуанатын.
Қайда кеттің мен жырақта сағынатын,
Қайда кеттің менің еркем жан алатын!!!
Әрі қарай

Кешір Алла!!!

Жаратушым, бір Аллам, саған сенем,
Саған сенем, нығметіңе, шүкір етем.
Тым жарылқар, кешірер, Аллам ием,
Күнәмізді бір өзің кешір дер ем.

Кешір!!!
Кешір!!!
Жаратушым бір Алла,
Қорғанымсың панамсың өзің ғана.

Кешір!!!
Кешір!!!
Кешір мені бір Алла,
Қиналған мұсылманға болшы пана.

Кешір!!!
Кешір!!!
Қате кетер болса егер құлдарыңнан,
Қателерін, өзің кешір, я Аллам.

Сансыз мадақ, бір өзіңе, арналған.
Тақуа кұлдың, бірі болсын, барша адам,
Шын ниетпен, тілерім, сол жаратқан...!!!
Автор: С. Сансызбай
Әрі қарай

Өнеріңді бағала!!!

Өнер бар ма?!
Онда өнеріңді бағала,
Біреулердің сындарына еш налыма.
Сын болғанға қуану керек мұндайда.
Сынсыз өнер!
Өнер емес ғаламда!!!

Автор: С. Сансызбай
Әрі қарай

Ей, адамдар неге сондай қаталсыңдар!!!

Ей, адамдар неге сондай қаталсыңдар,
Шалыс кетсе, өз досыңды өлтіруге дайынсыңдар.
Мазақ етіп, кейбір жанды, қатырғандай боласыңдар.
Ей, адамдар, неткен қанды, мейірімсіз адамсыңдар…

Адамдықтың мәні неде?!
Мұны дұрыс ұғыңдар,
Адамдықтың көркі неде?!
Бұған жауап табыңдар…
(Ей, адамдар, адамдар, қандайсыңдар,
Кей адамның маңдайының сорысыңдар...!!!)

Автор: С. Сансызбай
Әрі қарай

Ерке қыз

Бақытты бол
Сүйіктіңе адал бол,
Бұдан басқа айтар тілек сөз де жоқ
Ал ендеше ерке қыз аман бол!!!

Автор: С. Сансызбай
Әрі қарай

Ғұламаның айтқан сөзі

Баяғыда бір ғұлама болған екен. Өзі сондай сыпайы, мінезі көркем, әрі тәрбие көрген жанның бірі көрінеді. Оның әрбір ісі және де адамдарға деген әдептері мен адамдармен қарым қатынастары қоршаған айналасына әсер етпей қоймайды… Ал айналасындағы адамдар одан барынша үлгі алып ол ғұламаға деген сенімі ықыласы күннен күнге күшейе түседі. Уақыт өте күндердің күнінде әлгі ғұламаның мұндай мінез құлыққа жетудің нендей сыры бар екенін? Көптен бері білгісі келіп, сұрай алмай жүрген бір кісі, қасындағы ғұламаға көкейіндегі сұрағын жайып салады. Сонда ғұлама әлгі кісінің қойған сұрағына мынандай жауап қайырады. «Сен білесің бе? Менің білетінімнен білмейтінім көп. Ақиқатына келгенде әдепсізге қарап, әдептіні үйренген қарапайым жанның бірімін. Өкінішке орай кейбір адамдар әдептіні өзгеге үйретпекші болады. Бірақ, сөз жүзінде білген әдебін, іс жүзінде өзіне жасай алмайды. Әдепті әуелі өзіміздің амалымызға жарата білу керекпіз, ал егер әдепті сөз жүзіне әлдекімге айтып, іс жүзінде ол амалды өзімізге жарыта алмасак, сонда біздер өзгеге қандай әдепті үйретпекпіз?! Бірінші әдепті өзімізден бастау керек емес пе еді?! Сонда біздің ісімізге қарап, одан кейін өзгелер сөзімізді қабылдап өздеріне амал жасамай ма?! Мен осы күнге дейін өз өзімді зерттеумен келем, кемшілігім болса оны барынша түзеуге әрекет етем… Менің негізгі ұстанымым да сол әуелі өз кемшілігімді өзім түзеп, білмейтінімді білетіндерден үйреніп оған амал жасау, бірақ менде білетінімнен білмейтінім әлі де көп. Сондықтан да мен өзімді міне бүгінге дейін біреуге әдептіні үйретуден марқұм қалған жанның қатарынанмын!!!» — деп күрсіне отырып, әлгі кісінің сұрағына тұшымды жауап береді…
Әрі қарай

Сен қазақсың!!!

Сен қазақсың ең бастысы қанның қазақ,
Сенімен бірге туа келген тілің қазақ.
Өз тіліңді өгейсітпей өзгеден,
Өз тіліңді құрметтей біл ей қазақ…
Діннің Ислам мұсылмансың әлимсақтан,
Шүкір ет де, дұға да қыл жаратқаннан.
Елім тыныш, жұртым аман болғанда,
Бар үмітті үзе көрме бір Алладан…
(Бәрі жақсы боларына сенші қалқам)!!!
Автор: С. Сансызбай
Әрі қарай

Халық арасындағы аңыздарға сенемін бе?

Тылсым күшке сенемін, дегенмен күнде кездесе бермеймін. Көптен бері бірнеше киелі жерлерге бару ойда жүргенмен, сәті осы демалыста түсті. Сонымен тау жолының нашарлығын алға тарта таңғы төртте Кентау қаласы жақтағы (Шымкент облысы) Укаша ата мазарына жолға шықтық.
Блог - Zilola: Халық арасындағы аңыздарға сенемін бе?
Әрі қарай