Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан "водовоз"

Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Бірінің өнері бірінен асқан блогерлер сайысында маңдайыма қара тігілгендей, ешқандай байланыс ұстамайтын, спутник антеннасы арқылы интернетті бастықтан тек шектеулі уақытқа тіленіп алуға болатын жерге көшкенімді қарашы. Уақытым да барынша тығыз. Сондықтан, күніне жарты сағат болса да, блог жазуға бөліп, содан шыққанын оқырманға ұсынамын деп шештім.

06.05.2014
Төрт жылда екінші үйіме айналып үлгерген шағын вагоншығымыздың ішінде, тілге тиек қылар не бар өзі?!
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Осындай қызығушылықтан гөрі сенімсіздігі басым оймен асханамды тінтіп шықтым.

Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Жоқ. Мұның бәрін мен ішпеймін. Канадалық әріптесім екеуміздің ортақ "қазынамыз" бұл. Ол «Фанта», «Кока-кола», «Спрайт» сияқты газды сусындар, жалпы тәттілердің нағыз фанаты. Мен қою сүтті кофені жақсы көремін. Бірақ, жазда олар шөлді басудың орнына, керісінше бойыңды құрғатып, шөлдетеді. Сондықтан, бәрібір, айналып кеп, шөлімізді сумен басамыз.

Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Менің жұмыстағы сусын таңдауым газсыз су, сүт, көк шайға қарай ығысады. Кейде протеин коктейлін ішемін. Ал томат шырынының құрамында тұз тым көп екен. Соны «Гугл» айтпайынша байқаймағаныма таң қаламын. Шынымен де, тұзды ғой дәмі. Әттең, енді бүйректен бүгіліп қалмау үшін, оны да мөлшерлеп ішеміз бе?
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Дүмше сыра

Алдыңғы суретте тоңазытқыштағы сыраны байқап үлгердің бе? «Белсіздікке ұшыраған» бұл сыраның басқа сусындардан ерекшелігі — ол құдайға да, сайтанға да ұнамайды. Тәқуалар сыра атаулының бәріне қыли қараса, ішкіш қауым «алкогольсіз сырадан кейін — резеңке әйелге қырындау керек» деп оны менсінбейді. Сондай бір оңбаған, дүбәра сусын.

Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Күн қияға батқанда, әлеуметтен оқшау Митчел екеуміз отбасымыздың амандығы үшін тілек айтып, «нулевкіні» сылқытамыз. Бұл бізге вахталық тәртіпке бағынған өміріміздің қоңырқай палитрасына, өзінше бір алуандық қосып, жүгенсіз еркіндіктің елесін сезуге мүмкіндік береді.
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

07-05-2014

Маған бәле боп жабысқан бір саптыаяқ бар, осы вагоншықта. Өзінің жиегінде бірнеше сынығы бар, кетік-кетік. Бұдан басқа тәуір саптыаяқтардың барына қарамастан, айналып кеп қолыма түсе береді. Мұнымен шайды да, сүтті де, суды да іше беремін. Ал бастығым «сен сыртындағы сылқымға ғашықсың» дейді.
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Бірақ мәселенің суретте емес екенін ішім сезеді. Осыны талай рет жаңасына ауыстыруға оқталып, ұмытып кете бердім. Мүмкін менікі бала кезден қалыптасқан мүлікке деген энафизмнің, яғни қанағатшылдықтың бір түрі ме екен? Әлде, әдемі сөздермен өзімнің ескі-құсқыға құштарлығым мен қарабайыр дүниеқоңыздығымды ақтап алғым келе ме? Мүмкін бұл менің жасырын фетишім шығар? Білмеймін. Білерім — пайымдаудың бергі, өзіме түсінікті деңгейінде маған бәрібір саптыаяқ сыртындағы суретінен, ішіндегі сусыны маңыздырақ екен.

08-05-2014

Күнделікті басшылыққа есеп беру рәсімін аяқтай сала, ұйқы ұясына сүңгіген канадалық әріптесімнің қорылы Қызылқия кен орнының тыныштығын тілгілеп, тымықтығын тәрк етуден 24 сағат, 7 күн жалықпайтын дизельді генератордың гүрілімен децибелдер бәйгесіне түсіп жатты. Сағат кешкі сегіз болатын.


Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Әдетте, он екісіз көз ілмейтін супервайзердің бұл жатысын түсінуге болады. Соңғы күндері еншімізге қатарынан үш рет түнгі кезекшілік тиіп, жастыққа басы бір тимеді. Иә, менің де тап қазір сергектіктен секіріп тұрғаным шамалы. Бірақ даладағы гүріл мен іштегі қорылдың тамаша үндестігі маған бүгінгі күннің әсері кетпей тұрып, блогымды шимайлауға ерекше екпін берді.
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Берілген жоспарға сәйкес, бригадамыз бүгін ұңғының су қабылдау қабілетін тексереді. Алдымен, әрқайсысының орта салмағы 90 келілік құбыр талдарын бір-біріне жалғап, ұңғыға түсіреді де, ұңғының су қабылдай алатын жер қабатынан басқа бөлігін оқшаулайды. Ол үшін осы құбырлар арқылы белгілі бір тереңдікке тығын орнатылады.
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Содан кейін бригада тиісті темір желілер мен жұмсақ шлангаларының бір басын ұңғыға жалғап, бір басын үлкен төртбұрыш, сұйықтық толы «тайқазанға» жалғап, оны агрегатқа қосып, жоғары қысыммен ұңғыға су айдайды. Мастер мен супервайзер басталған уақытты белгілеп, берілген қысымнан түсірмей, 10 минут су айдағанда, құдық қанша су жұта алатынын есептейді. Ағылшынша «injection test» деп аталатын бұл операцияны мен «суарып тестілеу» деп атаймын.

Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

40 кубтық өндірістік су құйылған көлемге сүйенген «Сарыағаш» суын көрдім де, он минутты пайдаланып, жұмысшы құрдасымды сөзге тартып, күніне бригаданың орта есеппен қанша су ішетінін сұрадым.
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

" Жазда онша тамақ та іздемейсің ғой, шай мен «Сарыағаш» болса болды. Қайта қазір күн салқындау боп тұр, шілденің шөлі қысқанда, 6 блокпен тек мұртыңды шылайсың да қоясың"— дейді, Алмат құрдасым.

Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Берілген он минут өткен соң, ұңғымыздың 50-60 атмосфералық қысымда шамамен тәулігіне 480 куб су жұтатынын есептеп шығардық. Иә, жоспардағыдан көптеу. Тек бұл қабылдаушы «скважін» үшін жақсы көрсеткіш.
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Жоспардан артық сусаған тек скважина емес екен.
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Алмат айтпақшы әдеттегіден «салқындау» ауа-райына қарамастан, жігіттердің де, шай мен тамаққа қататын ауыз суы таусылуға келіпті.
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Кенет, терезеден қарасам, ұңғымыздың маңына бір «водовоз» келіп тоқтапты. Жігіттер аттандап, флягтарын алып, сыртқа жүгірді. Су алған мезетті ұстап қалмақ боп, фотоаппаратымды алып, атып шықсам, асыққан «водовоз» қоянның ізін салып кетіпті. Сөйтсем, ол ауыз су бізге арналмаған екен. Бөлек фирманың адасып кеткен тапсырысы. Ал бригада жігіттері «сізді бізге құдай жібердіге» салып, флягтарын бәрібір толтырып алыпты. Ай, сабаздар!
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз

Басында айтқан жылаңқы әңгімем, аптаның соңына қарай жай ғана сылтаулар секілді көрінді. Осындай жағымды жаңалықпен, әрі жаратқанға мың тәубе айтумен хроникамды аяқтағым келеді.
Блог - Gastarbaiter: Қызылқия хроникалары. Алкогольсіз сыра, кетік саптыаяқ және адасқан водовоз
Бөлісу:

38 пікір

rakisheva
Фантазияң күшті! Қарап тұрсаң сен жүрген жақта жазатын дым жоқ сиақты. Алайда постты күшті алып шыққансың. Бір деммен қызығыыып отырып оқып шықтым
Gastarbaiter
Рахмет! Ұнағанына қуаныштымын
patick
Ландшафт пен әңгімелеу Марста жүргендей әсер береді екен. Әлде бұл менің қаңғыған қиялым ба?
zholantai
қаңғыған қиял емес деп отырм, менде де сол әсер
Gastarbaiter
Күн батарда, Қызылқияның топырағы алқызыл болады. Сол кезде мен де Марста жүрмін бе деп қаламын. МИтч та," It's like walking on the moon" дейді бұл жердің топырағын басып көріп.
zholantai
айтпақш, фотодағы 8 ядролы жаңа ноутың ба?
Gastarbaiter
Иә, дәл өзі. Жаңа туған баладай жалаңаш, бірақ. Фотошопақ пен вордты үйге жеткен соң орнатам.
zholantai
acer шіркін ат ғо, ат. мыңқ етпейд, ырзамын өзім,
Gastarbaiter
Бұған дейінгім, қос ядролы Тошиба болған. 4 жыл қолдандым. Әлі ұрып тұр, трактор. Тек тым ауыр видеомонтаж бен графикасы көлемді прогаларға буксовать етеді.
sammita
4 жылың не, Тошиба менде әлі істеп тұр, 2007 ж. алғам. о кезде күшті еді қос ядролы. қазіргім төрттік леново.
zholantai
обалы не керек, Тошибаның сүйегі асыл ғо, таза
zholantai
мен де acer алган едім, 4 ядролы, i3.
видеомонтаж бен ойынга әлсіз болып шыкты, кайтсем деп отырм енді
zholantai
acerдің итжандылығы унайд, журе беред го, өлмей,
satibaldi
Итжанды ноут — ол Fujitsu-Siemens. Сенбесең, теміржолға бар, тепловоздың компына қосылып, көрсеткіштерді алу үшін бәрі Fujitsu-Siemens ұстап жүр.
Acer үтік қой нақ, жаман-ақ. Бірінші болып бірдеңе шығарып, жыл бойы драйвер жазад сосын. Құсық ноут нақ!
zholantai
Fujitsu-Siemensті деген жоқ қазір, Fujitsu бар, дизайны нашар
Ispek92
Ең мықты ноут НР деп ойлаймын
satibaldi
Ең құсық ноут, блок питаниеден кетед бірден.
zholantai
сосын мойны тез құриды
Gastarbaiter
Acer V5 i7 — деген моделі.
Мені әзірге пәлендей ештеңемен таңқалдырмады. Экран жүзсексен градусқа жатады, сосын тачпадының функционалы кең. Мышка іздемейсің. Бірақ ондай осырғыш-ысқырғыштарға алдана бермейм өзім.
Ұнағаны жылдам, реально жылдам. Жіңішке, екі келіден әзер асады, бірақ начинкасы мықты. Ұнамағаны дисплейдің обзоры Тошибамда кеңдеу еді. Мынау қаңғып кетеді, сәл қисайтсаң.
Соңғы түзету:
zholantai
менікі FullHD, сосын жұп-жұқа, екеуміздің моделіміз бір екен, сенікінің характеристикасы басқа, жетілген нұсқасы ғо. Ультрабукғ, дисковод жоқ, подсветка клавиатура, dolby digital, AC/DC-ді бақыртып қойып тыңдау дегенбір кайф, тачпады функционален, опшым сұлу ультрабук
Nodar
Кім болып жұмыс жасайсыз?
Gastarbaiter
Тауып көріңіз бір әрекеттен
Nodar
түсініксіз болып тұр. Мұнай саласының кәсіптерін біле бермеймін. Жобалаушы сынды бір зат болар
Zhan
неге екенін білмеймін, флягпен су алып қалғанына мен де қуанып отырмын!!! +5!
aikarakoz
Жұмыс орныңыз қорқынышты емес пе? Мен қорқар едім  Қыста тоңбадыңыздар ма?
sammita
жоқтан бар жасайтын қасиетің
AKY
Менің де компымда блогиадаға арналған папкім бар
satibaldi
Уәхабтардың уағызы екен, пост емес.
Armanjan
Әйел заты жоқ қиындау емес па (әлде бар ма), ас-су дайындайтын тым болмаса. Енді жалпы араларыңда тым болмаса бір келіншек жүрсе жаман болмас еді дегенім ғой
Gastarbaiter
Сексист болып көрінсем де айтайын, бұндай жерде әйел заты жоқ болғаны дұрыс.
Janasil
Диск бөлінбеген ба? неге файлдар «С» да тұр?
Nodar
Тақырыптан тыс сұрақ туындады. Гаста, спикингты қалай жетік етуге болады? Ауру белгілері: Сөздік қорым өте жақсы, ғылыми мақаларды оңай түсінем. Ағылшынша репорт, жобалар қорғап жүрмін. Сонда да, еркін сөйлей алмаймын, пауза көп. Оңай сөздерді қолдануға бейіммін. Жалпы тілді үйрену жүйең жақсы болса, бұл проблеманың жойылатынан сенемін.
Профессионалды кеңес керек. Ғаламторда өтірік мақалар ғана
Gastarbaiter
Басқалар қалай жетілдіргенін білмеймін, менің өзімнің ноухауым бар, бірақ үйренем дегенше қасыңдағыларды мезі қыласың. Мен аудармашы боп алғаш жұмыс істегенде, шетелдіктердің сөйлеу жылдамдығына ілесе алмайтынмын, сол үшін оларды ішімнен әр сөзін дәл сол интонациямен қайталауды әдетке айналдырдым.
Жынды адам сияқты попугай болдым.
— Stop fucking repeating!
— Stop fucking repeating!
деп з, б-ын шығаратынмын.
Сосын түсіндірдім, солайша мен разговорныйды үйренем деп. Өйткені интонация ауызша сөйлесуде ол спикингтің альфасы мен омегасы.

Дрессировкадан өткен итке «Сидеть» десең де, «Пиздеть» десең де ең бастысы бір интонацияға үйретсең, ол отырады. Тап сол сияқты, интонация ауызша сөйлесудің жүрегі
Интонациясын ағылшынша сериалдарды қарап, соларды ішіңнен дәл солай қайталап отыру арқылы үйренуге болады.
Алдымен сен ілесе алмайсың, мейлі ұра бер, арасындда естімей қалғандарыңды «быдыды» деп айта сал да, әрі қарай қайталай бер, тоқтама.

Ми астындағы мишығыңа және бұлшық еттіңнің зердесіне сен. Олар уақыт өте келе, өздері ақ машина айдауға икемделгендей икемделіп алады. Тек қысылмай қайталай бер.

Сосын, аузыңа ручка салып алып қайтала.
Аузыңның суы бес литр болып, кейде сүлгімен сүртіп отыруға тура келед. Бірақ соңында, ручканы алып тастағанда, рахаттанып тұрып сөйлейсің, ағылшынша.

Құйдай қаласа, үш ай сондай мазохизмнан кейін, сен тісін жуып тұры сөйлеген адамды да, жөтеліп жатып сөйлегендерді де түсінесің, және өзің де солай жүгіртіп сөйлей алатын боласың.

Сәттілік!
Соңғы түзету:
Gastarbaiter
Былайша, қайталау, кинодағы актерлардың монологтарын жаттап, соларға еліктеу кәдімгі жаңа туған баланың ана тілінде сөйлеп үйренуі сияқты, табиғи процесске ең жақын тәсілі. Сондықтан, нәтижесі де жылдам болады деп ойлаймын.
Соңғы түзету:
zholantai
аса құнды кеңес, опшым тіл сындыруды бастап жүрм, Interpressтің курсына жазылатын болдым, жақында мен де саған тіл үйренуге қатысты сұрақтарымды жаудыратын сияқтымын