Сағыныш
Жампозым мен Жігерімнің Ақтөбеге кеткеніне бір апта болды. Сағындым, шынымды айтсам. Тіпті түнде ұйықтай алмайтынды шығардым. Бір жақсысы — енді тек бір күн шыдау керек. Ертең келеді.
Қарап отырсам, биыл үйленгенімізге тоғыз жыл болады екен. Мені қуантатыны, біздің шын сағынатын ортақ естеліктеріміз көп. Тоғыз жылдың биігінен қарасам, бұл — отбасының берік болуының ең басты критерилерінің бірі. Тума-туыс, дос-жаранның арасында өткен уақытты айтпағанда, біздің ерекше еске алатынымыз — Англияда тұрған кезіміз.
Бұл бір шынымен де думанға толы шақ болатын. Ел көрдік, әртүрлі болмыспен таныстық, біреуден прагматик болуды, енді біреуден оптимистікті үйрендік. Әсіресе, көршіміз — француз қызы Жюлиді жиі еске аламыз. Мұндай көңілді, бауырмал адамды кездестірмеппін. Екі езуі екі құлағында, елпілдеп, асты-үстіңе түседі де жүреді. Францияға қайтар кезде соңғы рет дастархан жайып, өзі қайнатқан пунш ұсынды.
Иә, Самалдың да Жюлиді сағынғаны анық. Ертең шай ішіп отырып, тағы бір еске алып, мәз болармыз. Өткенімізге сағына көз салып, сол сәттердің қайта оралмайтынына әлде мұңайып, әлде қуанармыз. Әлде. Әлде, мүмкін, естеліктеріміздің бояуы қанық болу үшін пунш дайындап қоярмын. Тамаша идея! Ол үшін маған 500 грамм қант, екі лимон, бір апельсин, бір стақан коньяк пен 150 грамм ром және 1,5 литр су қажет. Мұның бәрі үйде бар. Дүкеннен консервіленген жеміс-жидек ала салу керек. Ендеше іске кірісейін.
Алдымен, апельсин мен лимонның қабығын үккіштен өткізіп аламыз. Оны қантпен араластырып, ыдысқа салып қою керек. Енді цитрустардың қалған қабығын тазартып, домалақтап тураймыз. Сүйектерін алып тастауды ұмытпаңыз.
Енді, ингредиенттердің бәрін ыдысқа салып, үстіне қайнап тұрған 1,5 литр су құямыз. Қант еріп кеткенше жақсылап араластыру керек. Бұдан соң 50 грамм коньяк пен 200 грамм ромды құйып, қақпағын жауып, әбден суығанша жайына қалдырамыз.
Үш сағаттай уақыт өткен соң сусынды сүзіп алу керек. Негізі, дәстүр бойынша пунш ыстықтай тартылады. Алайда менің дайындағанымды салқындатып ішуге де болады. Ол үшін шөлмекке құйып алып, қақпағын жақсылап жауып қойыңыз. Әйтпесе, өзі азғантай алкоголь ұшып кетуі мүмкін.
Міне, бәрі дайын. Енді Жампозымды күтіп алып, кешкі астан соң бір-бір бокал пуншты қолға алып, Англиядағы күндердің альбомын бір қарап шығуға болады. Ал Жігер ше? Меніңше, екеуміздің ең ерекше ортақ естелігіміз (әзірге) оның велосипед теуіп үйренген кезі секілді. Қуанғанын көрсеңіз! Оның мақтанып тұрған көздерін сағындым. Ендеше, демалыс күні велосипед тебуге шығу керек.

аспаз қыздарғажақсы болды ғой. Түрлі-түрлі рецепттер үйреніпkerekinfo.kz/blog/11066.html
kerekinfo.kz/blog/10921.html
kerekinfo.kz/blog/ascook/10906.html
kerekinfo.kz/blog/10075.html — мыналарды да бір шолып өт онда)