Алғашқы қар.

Керек Инфолықтар алғашқы қарларыңызбен!.Сіздерді қайдам өз басым әжептәуір қуандым, сұмдық жаурағышпын, неге қуандым өзім де білмеймін?. Бірақ аяз болмаса, жапалақтап дәу-дәу болып, баяу жауып тұрса керемет емес пе иә, нағыз романтика мен үшін.
Қар жауа бастағаннан ақ таныстарыма агент арқылы «алғашқы қарларыңызбен» деп сүйіншілей бастадым.Шым қаладағы таныстарыма да бұл жаңалығымды жеткіздім. Сөйтсем олар көздері бақырайған мынандай смайликтер жіберді. Және сұрағандары бір-екеуінің "қар қалың ба?".
Айтпағым Шымкентте ыстық дейді. Бір лямкамен ыстықтап жүрміз дейді.Менің Шымкентке барғым кеп отырса ыстықтаған Шымкенттегі бірді-екілі таныстарым Астанаға келгілері бар. Ыстықтан ығыр болдық дейді.
Негізі адамға дауа жоқ ше
Бөлісу:

2 пікір

Beytanis
Астанаға алғашқы қар ірі болмаса да, ұсақ-ұсақ шекердей 29 тамызда жауған-сыды. Көзіммен көріп бойыммен ызғарын сезіндім. Шымда рақат, күнге қыздырынып жүрміз )))
MERmukhanov
Негізі адамға дауа жоқ ше