Керекшілермен таныстығың қалай басталды?

Керекке 2006 жылы келген болатынмын. Сол кезде де өзінше ешкімді қабылдамайтын аудиториясы болды. Сол керекшілермен қалай таныстық:

Блог - sigma: Керекшілермен таныстығың қалай басталды?Асаубота. Бірде Алматыға командировкаға бару керек болып, билет болмай Ақтөбе арқылы кеттім. Содан, ой келді Аршат дегені кім деген. Тел соғып, -Кеатырм, кездесеміз бе?- дегем, ол да ке әрі болмады. Сол күннен бастап Аршатпен виртуалда таныстық, аськада көп сөйлесіп жүрдік. Ақтөбеге пойызға мінерде, күтіп алам деп хабарласқан. Уәдесінде тұрған тек Ақтөбе вокзалы ғана. Аршат кешігіп қалыпты. Составты тупикке алып кетті, басым төртбұрыш (шайдан, уа амиголар)сынып тұр, тел соқтым тағы да.
-Аршат қайдасың?
-Кеатырм!
Қарасам, басына жапсырып киген телпек, күртесінің алды салынбаған, қызыл жемпір, аузында темекі, тартуға уақыты жоқ, тез адымдам кеатыр, темекі сол бықсыған күйінде қыстырулы тұр. Мені байқап қалып: «Сигмасың ба?»- деп ыржиғанда екі елідей боп қалған күл жерге түсті. Осылай таныстық, кейін Ақтөбе акиматының серверныйы, бірақ қатаң болған жоқ. кешке Алматыға мініп кеттім.

Алматыда оптым бір жолата біраз адаммен таныстық Сабах кафесі шатаспасам, «тещин язык» деген жерде шыр айналып адасқаным есімде. Кездесуге келгендер: Гүлвира-ұйымдастырушы, Көңіл ашар, Марьям, Пыңио, Атыраулық Әсет

2007 үздіктерін марапаттау, Атырау, ақ-қара кафесі:
Блог - sigma: Керекшілермен таныстығың қалай басталды?Қырғи. 2007 үздіктерін анықтау басталып кетті сайтымызда. Түгел ат салысып, ұнаған бес адамды рейтингіне қарай жеке хатпен Аршатқа жіберіп отырдық. Ойда жоқта Аршат Атырауға ат басын бұрып, конверт блэк энд уайтта ашылатын болды. Сәл кешігіп келдім, танығаным Аршат болды, амандасып жатырмыз, ол кезде ник атын айтпаса бірімізді танымайтынбыз. Қырғимен сол кездесуде таныстық. Ол сол баяғы өз репертуарында, әр нәрсеге өлең арнап айналасындағыларды күлдіріп отырды. Оқсатып шай іштік, мылжың проффессор мен маратхан келгесін конверт ашылды. Ия, Бекжанмен ресми шара біткесін "қатаң" таныстық.
Сөйтіп күтпеген кездесуде күтпеген тосын сый болды, жылдың үздік жазушысы атандық. Грамота береміз келесіде деп Нұрғиса да Атыраудан көшіп кетті. Кешегі құрылтайда алған грамотадан сол алмаған грамотаның салмағы бірталай үлкен еді, Нұрғиса жақсы бала.

Блог - sigma: Керекшілермен таныстығың қалай басталды?Үш Анар. Анарлармен "қатаң" отырып таныстым, онда да Аршат келген, Маратхан үшеуміз Мерейде отырмыз. Аршат біреулермен сөйлесіп болды да, Анар келед қазір деді.
Бір Анар — томирис, кейін жақсы араласып тұрдық, жоғалтып алғанша. Келесі Анар- Гүлстан, Гүлстан есімде қалмапты, ұят болд. Қатаң деген қатаң ғо. Келесіде танысқанда ұялып қалдым, өзімше білдірмеген болып, танып тұрм дедім. Қашан, қайда екенін айтпайм.
Үшіншісі құрбылары, қайсысынікі екенін білмим, оны да кейін танымай қалдым.

Айтар деген Оралдық айтары көп жігіт болды, соңғы кездері көрінбейді. Бойдақ кезінде Атырау арқылы өтіп тұратын ед. Тіл, дін мәселелері мықты қозғалатын ед қатаң отырғанда.

Блог - sigma: Керекшілермен таныстығың қалай басталды?Алдекен. Алдекенмен Астанада керуенде жиналғанда танысқам. Кейін жинынның салиқалы бөлімі аяқталған соң, Аршаттың ұсынысын қабыл алдық. Әңгіме өрбіп, таныса келе,
— Мен сені бір жерден көрдім, — десем
— Мен де- дит сболыш.
Ептібайымайт КВНшик екен, КНБшник құсап киініп алған. Баяғыда 2004-2005жылдары керекке дейін танысқан екенбіз. Әрине ол кезде қатаң, мүмкін өте қатаң. Себебі біздің Атыраулық Жерұйық командасы келіп, ойын көрсетіп, екі кубоктың бірін біз, бірін Алдекендер ұтқан болатын. Бірі әкім кубогы бірі не екені ұмыттым. Сол кешке бәріміз шығып, сол кубоктарды ақпен толтырып (қымыз, шұбат емес) бір кубоктан ішкен, кубоктас Алдан екен.

Лоламен танысу мына жерде

Әбіләкәммен былай таныстым

Блог - sigma: Керекшілермен таныстығың қалай басталды?
Сатыбалдының Атырауға сапары мына жерде

Жалғасы бар… Сендерде жазып отырңдар
Бөлісу:

40 пікір

bizbike
Қарлығаш, менің есімім де Анар, мені де танисың. Мен жақында Атырауға көшіп баратын сияқтымын осы. Атырау айтпақшы бой көтеріп қалыпты, ағаш егіліп кәдімгідей керім.
asaubota
Қарлығаш та кіре ме сайтқа?
sigma
Қарлығаш?
bizbike
ой кешіріңізші, шатастым.
alisha 21 желтоқсан 2012, 15:55 ↑↓
0 Қарлығаш осындағы Сигманың "қабырғасы"
сол есімде сигма деп қалып қойған, Қарлығаш деп қалсам.
asaubota
Сигма aka Декан тек үлкен артиллериямен таныстығын жазған екен. мен де келесіде жазайын алғашқы кездесулерімді.
sigma
Шыны керек қазіргі кездесулер баяғыдағыдай көрсем екен, қандай екен деген қатты қызығушылық туғызбайды
bazuka
қатаң деген не? бірнәрсе ме деп ойлап отырмын сол ма))
sigma
Мен меңзегенді ойлап отырсаң сол
Daniar-Alan
қатаң деген не? бірнәрсе ме деп ойлап отырмын сол ма))
Zhan
Сендерде жазып отырңдар
Аршатпен ең алғаш 2011 жылы Назарбаев университетінде өткен семинарда таныстым. Сол жерде Есенгүл апай, Асхат Еркімбай, Айсұлтанмен де таныс болдым. Алдан мен сіз, сосын Нұрғиса, Бекжан, Димаш (Қисық), АКУмен «Керуендегі» басқосуда таныс болдым. Ал қалғандарын Блогқұрылтайда көрдім. Мадлен, Айжан, Роза, Тимур Бектұр, Көкбөрі, Анар, Тоты, Назгүл, Жалғас Ертай, т.б. Жанасыл, Даниярмен КВН-ге жиналған кезде таныстым. Айтпақшы, гламур Маркомен Алдан таныстырды
Соңғы түзету:
kokbori
Менімен де КВН де танысқансыз, ханым) Данияр, Жанасыл үшеумізбен)
zholantai
Аза, Нұрберген, Асаубота, Данияр Алан, Жанасыл! Бұ кісілермен 2012 жылы, тамызда хоккейде таныстым, есімде жоқ әйтеуір Қазақстан спорт кешенінде Барыс пен бір хоккей клубы ойнаған.
Нұрғиса, Марко, Айқаракөз, АКУ! Керуеннің алдында өткен ең алғашқы Домбыра Патиде таныстық.
AKY
2009, күз. Ең бірінші рет Гаста, Альмира, Бальзаминкамен Астанаға Гаста келгенде таныстым. Боулинг ойнадық.
2010, көктем. Сосын көктемде Алматыға барғанда Монтимен кездестім. Екі күн қасымда жүрді)
2010, күз. Алматыға барғанда Ақзере, Патик, Салта, Қалдықыз, Ай Шешек.
2010, қыс. Блогкемп алды жиын: Аршат, Асхат, Ерлан Оспан, Виктория, Айжантабын, Нұрғиса, Бекжан.
2010, көктем. Мадлен, Қисық, Розатай, Айконтай, Жанна, Талғат, Қуаныш, Ұшқын, Мәншүк, Тоты, Қараназгүл, Садық, көп адамдар очм.
Сосын 2011 жылғы блогкемпте Айдайқаракөзім, Гүлістан.
Соңғы түзету:
AKY
Алдекен, Жан, Сигмаларды Жан айтқан Керуенде бірінші рет көрдім.
AKY
Сосын 2011 жылғы блогкемпте Айдайқаракөзім, Гүлістан.
Блогкемп алды жиындарда Данияр Алан, т.б. көөөп адамдар очм)
AKY
Нұрбергениймен Керуенде, Олимпиада кезінде Сәпиев алтын алатын күні жүзтаныс болдық)))
sigma
Әбіләкім де гардопты жарған екен ғо, қосып қойдым оқи отырыңдар
Aya
қызықты, әсерлі таныстықтар екен  Сізді өз басым блогқұрылтай 2013-те көргенмін, танысқан жоқпын.
sigma
Танысқың келіп таныспай кеттің бе?
Aya
ой ол кезде таныспақ тұғыры, біреуге бірдеңе дей қоюға жүрексініп біртүрлі болып жүрген едім, өз-өзіммен ұялыыып
sigma
Енд танысамыз ба?
Zhan
Мейіргүл, Эльвира, Ернар-Патик, Еркебұлан, Қасым Олжас, Жанның саясы, Айжантабын, Ақзере, Назира эстетика, Әйгерім Бегімбет, Мәншүк, Абай Отариус, Алтыградус т.б. біраз блогерлерді екінші құрылтайда көрдім. Бәрімен керемет сөйлесіп, тіл табыспасам да Интернет әлемінде жүрген белсенді алғыр жастар екенін, «Керектің» де, Уордпресстің де жастардың басын біріктіріп, ұйытқы болғанына риза болып жүретінмін. Жастар қаласа идеялар тоғысы үшін бас қоса алады екен ғой, жұмыс деп ештеңені сылтауратпай келеді екен ғой деген ойда болғаным рас.
Adiletshu
Абайды екі рет көрдім
balyqshy
Алдан кішкентай фотоға сыймады ма
Arys_arlany
енд-енд танысып жатырмыз. Таң қалғаным, Сатыбалдымен танысқаны туралы ешкім жазбапты, соған қарағанда ол адам реалда жоғау деймін))) әлде, өте құпия агенттіктің өкілі! Маған осы кісімен танысу ғана қызық, сосын, kariim мен таныссам. Керекинфошылардың көпшілігін керекинфоға келмей тұрып, блогкэмп-2013 те көрдім, блогкэмптен кеткеннен кейін суреттерін көріп, еее осы ма еді деп, бір-бірлеп танып жатырмыз
Sashok
Сатыбалдымен танысқаны туралы ешкім жазбапты, соған қарағанда ол адам реалда жоғау деймін))) әлде, өте құпия агенттіктің өкілі!
Сатыбалды Астанада тұрады, соны білем.
Marco
Сатыбалдымен танысудың сценариі бір ғой — Кездестік. «А сен ба» дедік. Іштік!
sigma
Керекті басынан оқы, бұттан кетпе, Сатыбалдымен кездесу мына жерде
Жоғарға да қосып қойдым.
Соңғы түзету:
sigma
Мынаны да қосып оқы, ішің өтіп кетер
patick
Одминмен реалда танысқанымды жазуға болмайды. Оны тек таңдаулылар ғана біле алады
asaubota
мен жалпы алғашқы таныстықтарымды жазбай-ақ қойсам ба деп отырмын

түк салиқасыз, небір приключениялы кездесулер екен кілең
balenti
1992-1993 жылдары ау деймін, балабақшада бір томпақ, орта бойлы (пезнес өзімнің бойым сол кезде ұзын кісіше), қара домалақ бала келді… әйййт деп қалдым қарасам «Джангооо» екен, ол кезде жаяу жүр, солай таныстым Нұрбергенмен…
sigma
Рахметолла деген класниктеріңмен, Нұрберген үшеуіңнің Қаламқас апайдың етегінен тартып, тақтаның алдында: «Маған бес қойш» деп тұрғандарың әлі көз алдымда.
Gulistan
Келесі Анар- Гүлстан, Гүлстан есімде қалмапты, ұят болд. Қатаң деген қатаң ғо. Келесіде танысқанда ұялып қалдым, өзімше білдірмеген болып, танып тұрм дедім. Қашан, қайда екенін айтпайм.
Аршаттың көзінше «Бір Атырауда тұрып көріспеген бе? „деп қатал сын естігенше, “ия, білеміз, таныспыз» дей салдық ау деймін, бірақ сол кезеде мен де бірінші рет көрдім өзіңді.
Үшіншісі құрбылары, қайсысынікі екенін білмим, оны да кейін танымай қалдым.
ОЛ-менің жиен сіңлім, орысқолдау, не үшін және қайда барғанын соңына дейін түсіне алмаған сияқты.
Рахмет, сенің арқаңда көп нәрсе еске түсіп отыр. Сол отырыс алдында Аршат құрдасын (ака мені) темекіге жұмсаған, соны дұрыс әкелмеген сияқтымын.Қазір есіме түсіп отыр.
asaubota
памятың жоский екен құрдас, әлде миыңның бір бөлшегін тек мен туралы естеліктерге арнағансың ба?

айтпақшы подружкаң бар ед Бақтыгүл деген, күйеуге шығып кетті ма?
Gulistan
Жоқ, шықпады ғой.
ПАмять деген кейде қай-қайдағына еске түсіреді. Мвндағы достарым мені «черный ящик» деп атайды ғой. Студент кездегі былық-шылықтарды айтып отырсам, отырғандары ауыздары ашылып…
Сол кездер расымен қызық еді. Арнайы кездескенде, пост жазу үшін емес, виртуалдан реалға көшкендегі ара-қатынасты байқап көргіміз келетін
AKY
Мен де сондаймын, керекті-керексіз ақпаратты миыма жинай берем, жинай берем)))