Сатыбалды Кербабаев Атырау қаласы туралы

  • Автор
Аса құрметті Дәруішөлген графы Сатыбалды Багратионұлы Кербабаевтың Дәркәмп-2009 өткен Атырау қаласы туралы жазған жазбасы. 2009 жылдың 08 маусымында Дәруішөлген порталында жарияланды.

1. Атырау қаласы
Шынын айтқанда, Атырау қаласын, Дәруішөлгенге жақын бір облыс орталығы сияқты -науқан жәрмеңкесі деп ойлағанбыз. Орташа есеппен жалақысы 80 000 қазақ теңгесіне бағаланған тұрғындар біздің жиырма-отыз мың крузейромызды менсінбей, тура вокзалда тәшкі сүйрейтіндердің өзі «ақшаларыңның түрін, ептібайымайттар!» деп, бетімізге тарқылдап күліп кетер деп қорықтық.
Алайда барлық үрейім вокзалдан түсе сала наққа кетті! Ал Солай.Де админдерінің бірі – Алмас Нұрғалиевтің жатын үйге дейін жасаған қысқаша экспресс-экскурсиясынан кейін, күдіктің барлығы сейіліп, өзімізді құрметті қонақ сезіне бастадық.
Біздің қайсыбір көрші облыстағы прессаға ойбайлап, оркестр жалдап ашып, қаланың жартысы — қалған жартысын құттықтап жүретін көпірлер мұнда сан жетпейді екен. Өздеріне керек болған, сосын салып алған. Бұл жерде енесс деген эпитеттен басқа айтарым болмады.
Тағы бір жақсы жері – адамзатқа өзінен-өзі белгілі қағидаларды бұл жақта көп ілмейді екен. Яғни«Денсаулық – зор байлық», «Әлеуметтік жобаларды көбейте түсуіміз керек» деген сияқты ішкен тұжырымдарды жергілікті халық онсыз да өздері де білетін болғасын, баннерге жапсыра бермейді екен.
Айтпақшы бір көпірлері қаланы Азия мен Еуропаға бөліп тұр екен! Сәйкесінше көпірдің бер жағында жүргенде кәдімгідей көздерің сығырайып, бойың кішірейіп қалады екен де, ар жағына өткенде – көздерің бақырайып, бойың ұзарып, «Ниссан Примера» сияқты мәшинелер тарлау көрініп, «Шевроле» сияқты машиналарға қарайлай береді екенсің, әжесстің антропологиясы!
Көпірдің астында Жайық өзені ағып жатыр. Жергілікті халықта, түнде басына папақ киіп алған мұртты жігіттің, өзен жағалап жүгіріп жүрген әруағы туралы аңыздар жоқ екен. Ер Чапай олар үшін — өле қалған, сонымен біткен нақ!

2. Қалалықтар
Қалалықтар бірден қарапайымдылығымен ұнады. Адамдар проблемасын өзінде ұстайды екен, яғни жұмысына жеке көңіл күйін араластырмайды екен.
Таксист деген халыққа да көзқарасым өзгерді. Барлығы әңгімесін айтып, тіпті арзан жерлерді рекомендеп, білім базыңды байытып отыратын жайдары жандар екен. Кей жерлерде өздері мәшинеден түсіп, клиент үшін кіші-гірім келіссөздер жүргізе береді екен.
Сатушылардың ізеттілігінде шек жоқ екен. Мысалы, бір сатушыдан бәлен деген аялдаманың қай жерде екенін сұрап едік, ол … дүкенін тастап, бізбен бірге көшеге шығып көрсетіп берді!
Қалалықтардың нервісіне тию қиын-ау деп ойлап қалдым бір жерде тіптен. Рахат, ұрыс-керіс жоқ, қалтырап-дірілдеу жоқ. «Әжесс-ай, Мастұр батыр армандап кеткен қоғам осы болар!» деп, туалетке тығылып, шамалы жылап алым. Аццсотоноға кезекті лағнат айтуды да ұмытпадым.

3. Қой: «Нақ үй»!!!
Жергілікті қарсы алу комиссиясының фантазиясында шек жоқ екен. Олар дәруіштік сана-сезімімізді ескеріп, мынадай қонақ үйге апарды.



Атауын көріп-ақ, өзімді өз аулымда жүргендей сезіндім.
Іңір үйіріле сала құлқынның клапандары аса жедел режимге көшіп, ішіп-жей бастадық. Іштік, жедік, жеп-іштік, шегіп отырып жедік, ішіп отырып шектік, жеп отырып шектік, очм, ой, бір рахат болды нақтың! Айтпақшы жергілікті кафелерде шылымға тиым салу деген сияқты топас заңдар атымен жоқ екен. Оның рахатын толығымен пайдаландық: сол күні қалалықтар екі аяқты екі паровозды қаланың әр жерінен көрген болуы мүмкін…
Сосын айтпақшы, қасына екі жетім бала ертіп жүретін менттер де кездеспейді екен. Өзіңмен өзің жүрсең ешкім тимейтін рахат жер екен, очм.

4. Исатай мен Махамбет
Атырауға барып тұрып, Махамбет пен Исатайдың ескерткіштерін көрмеу – саунаның иесі бола тұра, биттеп кету сияқты қисынсыз нәрсе шығар, нақтың. Оларға арналған ескерткіштер комплексі жынд екен. Әрине, Воронеждегі скульптуралық инициденттен кейін, олар мінген аттардыкін тексеруді де ұмытпадық. Шешіміміз: батырлар шынымен ат мініп алған-ей!
Алғашқы рэппер Махамбеттің өлеңдері де тастарға қашалып жазылған екен. Баяғы сол: энергетика ұрып тұр! Әдебилігіне қаймықпай, қашап жаздырған адамға құрмет пен ріспектен басқа айтарымыз қалмады, нақтың!

5. Шетелдіктер
Шетелдіктер орнына қойылған жер екен бұл. Еш шетелдік компаниясының ауласынан әскери күзет, фортификациялық құрылыс, зениталық-ракеталық қондырғылар мен танк дивизиясын байқамадық. Кәдімгі кез-келген мектеп сияқты, мекеме сияқты ашық үйлер. Әсіресе, «Шеврон» сияқты мегамонстрдың ғимаратының қарапайымдылығна таң қалдым.
Сосын, Дәруішөлгенмен көршілес бір облыстағы сияқты, шетелдіктердің мәшинесіне сары нөмір беріп, құтыртпайтынға ұқсайды. Әйтеуір мен байқамадым.

6. Дәруішөлгендіктер ұйымдастырған төртбұрыш үстел
Салиқалы, тәрбиелік мәні бар әңгіме айтып оттағанымыз жоқ. Тілек айтып қойып, тарта бердік нақ! Сондықтан болашағымыз туралы бір бағдарлама қабылдап, қыртып кеткен жоқпыз. Алтын уақытты мейлінше пайдалануға тырыстық. Дәл солай болды да!

7. СаянҮш
Өкінішке орай, Солай.Де-ден СаянҮшті сатып алу туралы ұзаққа созылған келіссөздеріміз сәтсіз аяқталды. Солай.Де админі, гуманизм тұрғысынан — адамды еркінен тыс сатудың адамгершілікке жатпайтынын айтты.

Рейхспроктолог Сатыбалды Кербабаев, СаянҮшті жалпы адам деген анықтамаға сәйкестігіне күмән келтіріп, осы тұрғыдан — оны сатқанның еш сөлекеттігі жоқ екенін алға тартып бақты. Алайда, тіпті СаянҮшті де адам деп танитынын жеткізген Солай.Де-ліктер бұл тақырыптың жабылғанын жеткізіп, келіссөздердің соңғы нүктесін қойды.

Қорытынды
Қайтқымыз келмей кетті, нақтың!

arshat.kz/daruisholgen/?p=657
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

42 пікір

asaubota
22 камент жазылыпты сол кезде arshat.kz/daruisholgen/?p=657&cpage=1#comment-800

күлмеңдер, 22 камент деген ол кездерде едеуір сан еді.
qisyq
Ық-ық… Қазіргідей түске дейін 70, түстен кейін 150 пікір жазылатын болса, шу болатын сияқты ғой ол кезде.
sigma
сол түске дейінгі жетпіс, кейінгі дүзжетпіс пікірдің зардабын хостер.кз шегіп отырғанын жылап жазған хатын оқып бір түрлі болып, Аршатқа форвардтағам.
Бірақ сол жерма пікірдің салмағы, қазіргі дүздің салмағынан артық па деймін.
serjan
Жалпы осы Сатыбалды деген өмірде бар адам ба? қайда тұрады не істейді?
Aramza
О дүниеден жазып отырм деген еді бір пікірінде
patick
Ол күндер де тарихта қалад деп кім ойлаған
konvict
Анда екінші сурет көрінбейді ғой
VKM
саунаның иесі бола тұра, биттеп кету сияқты қисынсыз нәрсе шығар
қайдағыны қайдан шығарасыз?))))
Өзімнен -өзім күліп отырмын. Позитив!
satibaldi
Позитив!
Құдайым-ай… Әбден, әбден қажыдым(((
VKM
кешірім өтінемін… сіз қажысаңыз біз де қажып, бақытты болсаңыз бірге бақытты болып… хех! өмір ақырындап өтіп жатыр)))
satibaldi
Әлі аттай 95 жыл мықшыңдауыңа тура келеді, сенің өміріңнің өтіп жатқаны байқалмайд.
VKM
120-ға келіпғ немере-шөбере-шөпшек-туажаттың арасында бейбіт өлесің.
деп алып, бір сағат ішінде бес жылды неге алып тастайсыз. Аядыңыз, иә?
sigma
бәлкім сол жасқа келгенде сізді бағушыларды аяған болар
GulL
)))))))))) риспект!
Blogshy
«Сосын, Дәруішөлгенмен көршілес бір облыстағы сияқты, шетелдіктердің мәшинесіне сары нөмір беріп, құтыртпайтынға ұқсайды»
Негізі ТШО ның машиналары сары нөмірмен жүреді.
kokbori
Мысалы, бір сатушыдан бәлен деген аялдаманың қай жерде екенін сұрап едік, ол … дүкенін тастап, бізбен бірге көшеге шығып көрсетіп берді!
Шыны керек, Астанаға барып келіп, атыраулықтардың осы қасиетімен жылап көрісесің
kozildirik
«Астаналықтар» айтқысы келсе де өздері білмейді ғой, қайтсін енді…
kokbori
Айтқысы келмейтіндігінде ғой әңгіме, тіпті бетіңе де қарамайды
aza
Бул астаналык деген ажесстер билмейтин едим, кеширш демейди. Зилмен жауап юереди: бильмейм!!!
kokbori
Мен білмеймін десе де, мәз болатын сияқтымын. Тыжырына қарап өте беретін секілді. Кім білсін, қазақтың бас ордасы ғой, қонақ жиі келеді, жөн сұрап зайыптарын алып болған шығар)))
aza
Озим кошеде биреу жон сураса, жаным калмай жон силтеуге тырысам, жагдайым жеткен жерге дейин. Куле рахмет айтканына маз болам, жаксылык жасаганга не жетсин, иненин жасуындай болса да)))
sammita
кейде себепті өзіңнен іздеген де жөн болар
kozildirik
«Астаналық» емес екенін біліп қояды деп ұялатын шығар
aza
Сары номермен журетиндер тек Актауда емес, Астанада да бар екен гой…
sammita
сары нөмір шетелдік кәсіпорынға тиесілі көлікке беріледі. жігіттер соны білмеуі ұят қооой
aza
хехе))) не деген, білімдарлық мынау?!)))
sammita
шүкір әйтеуір))) Просты Астанада да бар екен ғой деп таң қалуың қызық болды да)))
aza
Жоғи, танғалмадым… Атырау сары номер бермейміз, көрші облыста сары нөмір бер қояды екен дегеннің жауабы ғой… Сіз де)))
a63a1
ТЕк шетелдік кәсіпорынға ғана емес, Қазақстанда жүрген барлық шетелдік заңды, физикалық, химиялық азаматтарға беріледі
sammita
саламатсыз ба, а63а1 тәтей? Толық сөйлейінші бұдан былай: бірлескен кәсіпорын, шетелдік кәсіпорын және жеке тұлғаларға беріледі. Оның өзінде айырмашылығы бар, ашық сары, қою сары түс.
a63a1
менде блёмлә лә лә
Marationok
Оған арнайы термин бар «резидент емес», яғни -нерезидент.
sammita
жаңа білдің бе
aza
Білетінім, Ақтауда ондай сары нөмірлілерді маи тоқтатпайды. Жолдас жігіттерде болды, рахат енді… Ешкімнің алдында ақталып тұрмайсың)
ademi_alem
Қалалықтардың нервісіне тию қиын-ау деп ойлап қалдым бір жерде тіптен.
))))))))))
Сосын айтпақшы, қасына екі жетім бала ертіп жүретін менттер де кездеспейді екен.
күшті ғооой. Бізде көөөп.
GulL
қазір біздеде көбейіп кетті, көшед үшеуі ұш жаққа қарап тұрып алады
alisha
ия, түрлері аянышты көрінеді… көше бетке қарап тұрғаны ештеңе емес, қақшиған қабырғаға қарап бақшиып тұрған «жетім баланы» көрген кезде тіптен аяп кетемін
Ottegin
Тек қана керемет дейміз, әңгіме туралы
Jolaushi
білім базыңды байытып отыратын жайдары жандар екен
Құдай-ау, мынау баяғы СаянҮштің сөзі ғой
sigma
Сатыбалдыны көрмегелі біраз болған екен ғо
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.