Қолданушы жетістіктері және марапаттары

Блог - asaubota: Қолданушы жетістіктері және марапаттары

Сайтымызға жаңа функция қосылды. Қолданушылардың КерекИнфодағы белсенділіктеріне қарай профильдеріне медальдар қосылады. Медальдардың төртеуі автоматты түрде (пікір саны, пост саны, күш және рейтингі бойынша) қосылады. Басқа медальдар жекелей жетістіктері үшін беріледі.

Әзірше мына медальдар қосылды:

— Құрмет белгісі (қолданушы күші/тәжірибесі 500-ден асқандарға)
— Керекинфо жұлдызы (рейтингі 500-ден асқандарға)
— Жазбагер (тақырып саны 200-ден асқандарға)
— Майталман пікірші (пікір саны 1500-ден асқандарға)

Жекелей медальдар:

— Руханият
— Спортшы
— Романтик
— Сексолог
— Ғалым
— Аспаз
— Фотограф
— Тіл маманы
— ІТ-шник

(мұндай медальдар жазған тақырып түрлерінің жиілігіне байланысты беріледі)

Функция әлі шикілеу. Сіздердің ұсыныс және пікірлеріңізді күтемін. Кімге қандай медальдар берілгенін қалайсыз? Басқа қандай медальдар қосылсын?
Бөлісу:

67 пікір

zholantai
оооооооооо, бірінші боп пікір жазып үлгерейш
nurbergen_makym
Былай, марапаттарына сілтеме арқылы өтпей, пікірінен, постынан көріп отыратындай мүмкіндік жоқ па?!
asaubota
жоқ. тек профиліне барып қарау керек, сонда ілініп тұрады ғо қабырғада
MERmukhanov
қыртымбай деген функция неге ьджоқ?
torgai
Бізге әлі ерте екен))
zholantai
сексолог атағына ие болған кім бар?
Daniar-Alan
Назғұл апм
zholantai
дұрес, ал еркек кіндіктілерден ше?
nurbergen_makym
Гаста бар ғой  Бірақ, оған неге «Тіл маманы» атағы берілмегеніне таң қап отырмын…
AKY
бақандай 4 медалім бар екен қабырғамда))
aikarakoz
Қотттеқтаймееез!
AKY
ии жарығееем-ай)))
AKY
Марапаттың үстінен басып қалғанда, өзіңнен де басқа жұлдыз, ғалым, романтик, сексолог, құрметті т.б. тізімі шыға келсе
asaubota
жұрттікін қайтесіңдер? өздеріңдікін өздерің және халық білсе болды ғой

айтпақшы ұсыныстар күтудемін әлі де
AKY
ұқсас адамдарды біліп отыру үшін, типі группа құрып, сыр шертісетін
Daniar-Alan
жәрәйд сексологтар бір-бірін тауып алады. Ал мен фотограф кіммен??
aikarakoz
Сатыбалды атындағы марапат тағайындалсын. Топ бестікке
zholantai
миыңыздан сіздің, айналып ғана кетейін
zholantai
сайт іщінен іздеу жұмыс жасамайд? ештеңе табылмады деп тұрады, соны оталдырып жіберсе,
zholantai
Aldeken ді таба алмай отырмғ, бағанадан, ол кісіге не марапат берілд екен?
asaubota
іздеуді түзеттім. Алдекен профилінде бір қате бар. соны тауып келейін қазір.
zholantai
іздеудің іске қосылғаны дұры болд, а то осы керектегі бірдеңені табу үшін сандалып жүр едім, сырттан іздеп
asaubota
қандай марапаттар керек? қазір дұрыс ойлануға мұрша болмай отыр.
dark_nazgul
Керекинфо жұлдызының рухани «жары» екеніме әлдеқандай болып отырмын.
asaubota
әр көменттің астындағы значокты алып тастадым, сервермен ұзақ жыныстық қатынас жасайды екен.

әлі де сау ұсыныстар күтудемін айтпақшы
omarbirat
Значокты алып тастағаның дұрыс болған. Керек адам профильге кіріп, қарай жатар
abzalsariyev
жаңағы медалдарды басқанда оның иегерлерінің тізімі шығатын болса… қарааап ішімізді күйдірііііп отқанға)
Ispek92
Керемет өгеріс, маған ұнады. Археолог(іздеп тапқыш), плагиатч(щ)ик (көт ашқыш) секілді медальдар қарастырылса
asaubota
аха археологтар бар екен ғой айтпақшы. сосын тек жетістік емес кемшіліктерді де қосуға болады. оффтоп, флуд жасайтындарды мысалы немесе құсық жазба авторларын
бірақ әрине олай істемейміз. бұл функциялар жас қолданушылар үшін жақсы стимул болады деп ойлаймын.
Ispek92
археолог атағына Данияр братты ұсынамын, сосын Кен братты
dark_nazgul
Дәкең онсыз да археолог.
konvict
Айжантабынға Аққонжық)))
Korkem
түү маған да лайық бірдеңе қойқойыңдарш, жаман бов отырым
AKA
Сен жазшиш көбірек, бар ғой сенің тақырыптарың. Анау, әлгі… тігіп жүрген көрпе-жастықтарың туралы күтемін и
П.С. "Қолөнер" блогына қатысты бір марапат болса екен. Көркем лайықты болар еді.
dark_nazgul
"Үздік провакатор" атағымды медаль түрінде талап етемін.
Ispek92
Екі аяқтап қолдаймын
sigma
Курмет орденин мемлекет бермесе де керек берп тстапты
asaubota
салмақты ұсыныстар күтудемін. ұялсаңдар жекеге жазыңдар.
kariim
Руханияттың арасынан исламиятты бөліп алып шығу керек па деймін.
asaubota
дінге арнайы медаль тағу шамалы ыңғайсыздау емес пе молдеке?
kariim
Жай ұсыныс айтқаным ғой. Тағы бір нәрсе ойланып отырмын. Жеке статус ретінде көп кірмейтіндерге арнап бір деңгей белгілеуге болар ма екен? «Белсенсіздер» деген сияқты?
Edu
«Белсенсіз» — белсіз??
kariim
Жоға, белсендіге кері ұғым ғой.
Ispek92
юрист(заңды жақсы білетіндер), психолог дегендер қосылас қалай болады екен
AKY
Party-men — Домбыра -патиден есеп жазатындар (Марко, Нұрғиса, Аза), жалпы басқа да патилерден есеп жазатындар, қатысатындар.
AKY
Демотиватор, Комикстер жасап, сурет салатындарға бір ортақ медаль.
AKY
Әқіндар, ән сөздерімен бөлісушілер, қызық видеолар, мп3-пен бөліскіштер, мен ұсынатын 3 ән-ге, тыңдау керекке жазғышатарға медальдар.
AKY
Мистика жанрында жазып жүрген Бәкеге бір номинация.
AKY
Провокаторлар, интриганттар, керосин құйғыштар
AKY
Деееп, әр затяг сайын жазып кетсең тақырып иесінің нервісіне тиіп
asaubota
иә, бөлек-бөлек жазғаның не то болып тұр  дегенмен осының бәрін маған дұрыстап жинақтап, жекеге жазып жіберші. рахмет!
ken
меніңше, қажетсіз нәрсе.
қызығы кеткесін жайына қалады.
Dzhuli
Алга керекинфо блогшылары, стимул да айкындалды
Daniar-Alan
«алқаштар» ордені, «дәруішөлген азаматы» статусы, «пензец қиялог құрушы», «оқуерман көзайымы» — соңғысы 1-3 пост жазған бірақ өрт тақырып жазғандар. мысалы: БДСМ, гей клубқа бару т.б.
bizbike
жақсы бастама меніңше, атақ беру жиілігі жылына бір рет пе қалай?
asaubota
жоқ, әр түрлі бола береді ғой. қолданушы өзі жетеді кей біреулеріне. мысалы пікір саны, пост саны, рейтинг бойынша. ал кей атақтарды жеңіп алады.
Aikona
менде бір атақ екен
Ispek92
сағат 15-00 шамасы болды
AKY
«Блогиада қатысушысы» деген жаңа атақ ұсынам  Және ол нәән әрі көрнекі болса
sammita
мына постан кейін көрдім, бақандай 3 атақты алып үлгеріппін баяғыдоооо
Arys_arlany
НӘН, біздіңше үлкеен немесе дәәәәәәәәәу болса