Маскадағы адам

1995 жыл. 1-сынып оқушысымын. Қыстың жаңа түскен кезі болуы керек. Сабақ түскі 1-30-да басталып кешкі бестерде бітетін. 4 сабақты аяқтап мектептен 4 бала болып келе жатқанбыз. Үстімде ағама алған, одан кейін әпкем киген, әпкемнен кейін маған бұйырған капюшоны бар, тіземе дейін сөлеңдеген сұр пальто. Аяғымда қоңыр етік. Етігім өзіме керемет ұнайтын. Аязды күндері қайқайып қатып қалғанда аяңның ұшымен жүрсең майыспайды.

Тылсым дүние: Маскадағы адам

Автовокзалдан өткеннен кейін бізге жекжат болып келетін Сөкен ағаның үйінің артына жақындап қалған болатынбыз. Бір кезде қара девятка тоқтай қалды. Ішінен ақ маска киіп алған адам шығып айқайлап, қолын ербеңдете бастады. Төртеуміз қаштық. Артыма қарауға қорқып жүгіріп келем, жүгіріп келем. Ентіккенше жүгіріп артымызға қарасақ мәшіне жоқ.
Бөлісу:

7 пікір

neoaskar
маскадағы адам ол кезде машинасына отырып кетіп қалған сендер байқамай қалғансыңдар ғой деймін.
Adiletshu
Сөйткенін білем ғой. Бірақ 1кластағы балаларды не үшін қорқытқанын қазір ойласам түсінбеймін.
araika
Сендерге проба жасап көрген болу керек
Adiletshu
Нені проба жасап көргісі келді?
007
мумкiн педофил болган шыгар ол адам
bake
блогқа жазба жазылды деп хабар келгенде бірден оқып шықтым, пікір жазғанға қол тимеді. Үш оқталып әйтеуір жаздым ғой. Кішкене кезімде, бастауыш сыныпта оқығанда бір танымайтын ересек ер адамның бет келбетін көріп шошып анама айтқам. Сонда анам, ол адамнан қорқуым орынсыз, оған қарап ерекше көңіл бөлмеуді сұраған, өйткені оның туа біткен бет жарасы барын және беттегі бедер -бедері өсіп үлкейген сүйел деп түсіндірген. Айналадағылар әлгі ер адамға бетін танып жүруін сұрапты деседі.