Өміріңіздегі ең керемет сәт. Жарыс.
Әрқайсыңыздың өміріңізде ең керемет сәттер болды. Мүмкін болып та жүр...
… Ең алғашқы махабатыңыз, қол ұстасып парктерде жүрген кезіңіз, үйленуіңіз, үйлену тойындағы жарыңызбен бірге көгершін ұшырғаныңыз, балалы болғаныңыз, перзентханадан көздеріңізден бақыт ұшқындап шығып келе жатқаныңыз, өміріңізде жалғыз-ақ рет барған, бірақ ұмытылмастай болған шет елдегі саяхатыңыз, анаңыздың жанында өткізген әрбір сәтіңіз…
Осының барлығында ең болмаса 1-рет суретке түстіңіз. Ал қазіргідей цифрлі фотоаппараттар заманында түспеу мүмкін емес.
Жарыс та осыған құрылады. Яғни Сіз өміріңіздегі ең бақытты кезіңіздің суретін жібересіз (пікір ретінде), қысқаша түсініктемесін жазасыз (қайда, неге, қайтіп т.б. қарапайым сұрақтарға жауап беруі тиіс), сұрақтар қойылса сұрақтарға жауап бересіз.
Құрамы құпия түрде сақталатын (бірақ соңынан жарияланатын) қазылар алқасы 16.09.2013 (дүйсенбі) күні байқау қорытындысын шығарады. Бірқ бағалы сыйлықтар бермейді. Жалпы мында жариялап, мақтау сөздер есітіп, өз эгоңыздың қажеттіліктерін бір өтеп алғаныңыздың өзі Сіз үшін сыйлық деген ойдамыз. Сонымен, ІСКЕ СӘТ !
менің жапырағым аққала соғуда
очм үй жинап жүргенмін, балапаным үнсііііііііз да. Ойлап қоямын осы уақытқа дейін неге үні шықпай отыр екен әппағымның деп, барсааааааааам, мен аша алмайды ғой деген шоколад кәмпитін езііііп, мәәәәәәәәәз болып отыр екен лағым.
өмірімдегі ең керемет сәт ең қымбат жандарымның қасымда мұңсыз болуы
тіл көзден сақтасын!
Өмірімдегі ең қызық сәт, Атамның алдында мәңгілік бала болу! Менің үлкен азамат болғанымды көру арманы еді! Аманат жүгі ауыр!
толығырақ
совхоздың фальклорлық ансамблі)