Мен көрген Еуро. Киевке сапарымнан фотоесеп.

  • Автор


Сонымен көрген түстей өте шықты Киевке ширекфинал матчына сапарым. 2 күн, 1 түн Киевте. Англия — Италия матчы. Чемпионаттың ең қызықты, ең драмалы матчы десе де болады. Соны көру бізге бұйырыпты.

Ойын болатын 24-і күні таңда түстік Киевке. Біздің жолымызды ұйымдастырған сыра өндіруші компанияның өкілдері күтіп алды әуежайдан. Комфортабельді автобуспен бізге бөлінген қонақүйге тартып кеттік. Жол жөнекей Астанадан бірге келген 9 адам және бізді күтіп алған жолсерігіміз Анямен жақсы танысып, араласып кеттік.

Біз барған «Баккара» қонақүйі Днестр өзенінің үстінде тұр, үлкен кеме сияқты қылып салынған. Айналаның бәрі су. Бәрімізге (Астанадан 9, Алматыдан 43) бір адамдық бөлмелерден берді.

Ұйқымызды қандырып алып, Киевті аралауға шықтық. Фанаймақ құрылған Хрещатик алаңы біздің қонақүйден 3 аялдама жер екен. Метромен бара қойдық. Сол орталықтағы бір кафеден түстендік. Жалпы бағалар жаман емес, украин борщы, картоппен балық және 2 лимонад маған біздің ақшамен 600 теңгеге шықты.

Фанаймақтан және қасындағы жерасты өткеліндегі дүңгіршіктерден естелік сувенирлер алдық. Айта кету керек сувенирлер салыстырмалы түрде қымбат және ассортимент аз. 8 маусымнан бері көп нәрсе өтіп кеткен сияқты.

Жүрістен шаршағандар сол маңдағы қымбат деп есептелетін кабактардың біріне кіріп дем бастық. Кафе-ресторандардағы бағалар бізге қарағанда арзан шынымен және қызметтері де жақсы. Сыра әрқашан салқын бұл жерде және темекі тартып отыра беруіңе де болады.

Кешкісін ойынның алдында стадион қасындағы УЕФА клубының ашылуы болды. Үлкен, кең жер екен. Айналасының бәрі үлкен шатырлар, ортасында концерт алаңы және түрлі ойындарға арналған орындар. Әр түрлі тағам түрлері, ішімдіктер, сусындар, тәттілер, жеміс-жидек, барлығы тегін қанша жеймін десең де. Украин қыздарынан құрылған банд неше түрлі әндер орындады, тек орыс тілінде ғана болған жоқ. Жалпы украин қыздары өте әдемі екен

Ойынға жарты сағат қалған кезде стадионға өттік. Бізге орталық секторлардан алынған екен билет. Бағасы 150 еуро. 79 мың адамдық үлкен стадион. Әр түрлі елдердің жалаулары. Әр түрлі халық өкілдері. Барлығы осы футбол мейрамына жиналған. Бір бірімен қырылып жатқан ешкімді көрмейсің. Итальяны да, ағылшыны да бірге жүр. Ағылшындар ойын бойы 90 минут тоқтамастан нон-стоп қолдау көрсетті командаларына. Тәңірі Патшайымды сақтасын деп бірнеше рет әнұрандарын да айтты. Ойын бойы соларға қараумен болдым.

Ойын туралы жазбай-ақ қояйын, бәріңіз көрдіңіздер қалай аяқталғанын. Мұндай керемет ойынды және ойыншыларды тірілей көргеніме қуаныштымын. Шынымен стадионнан көру басқаша.

Ойыннан кейін ағылшындар мойымады. Бастары тік, өз фанаттары жиналған секторға барып қол шапалақтап кетті.

Матчтан кейін УЕФА клубында пати жалғасты. Ойыннан кейін шаршағанымызды бастық, қарнымыз да тойды. Одан кейін Киевтің түнгі өмірімен таныс болдық. Таңға дейін ұйқы болмады.

Ертеңіне мен бөлмемді тапсырып шыққанша біздің топ ертерек шығып қаланы аралауға шығып кетіпті. Кеше көріп алған жолдарым бойынша метроға өзім барып, орталыққа өзім шықтым. Киевті жалғыз жауладым. Жалғыз жүрген де жақсы екен, ешкімді күтпейсің, ешкімнің артынан ермейсің.
Фанаймақ пен Киевтің орталық көшелерін аралап, шамалап сауда жасап, кешкісін қонақүйге қайттым. Ұйымдастырушы компания әуежайға шығарып салды. Түнгі ұшақпен Астанаға жеттік, киев сапарым да аяқталды.

Енді суреттер мен видео қарайық.


Киев жоғарыдан қарағанда


Тарихи қала екені бірден көрінеді, ескерткіштер көп.


Украина Радасы (мәжілісі)


Көшеде барлық жерде Еуро иісі шығады


Атақты Лобановский атындағы Динамо Киевтің тарихи стадионы


Фанаймаққа барар жол


Фанаймақтың алдындағы фонтандардың алдында «ескерткіш-адамдар» жүреді


Фонтанның алдындағы алаңда Украина спорт жұлдыздарының аттары жазылған


Бізге берілген бөлме осындай, 2 адамдық төсекте жалғыз ұйықтадым. Басқа ой мазаламасын, ештеңе болмады


УЕФА клубының ашылуының алдында


1 шілде күні Еуро чемпионы мына 2 украин сұлуы күзетіп тұрған кубокты алады


Аспаздар австриялықтар екен, no pig (шошқа емес) тамақтардан салып берді. Әр үстелде шелектер тұр, олардың ішінде мұз және сыра


Мына ұзын бойлы, денелі кісі кімді түсіріп тұр екен? (Сәлем Рафаелло!)


Ол кісі мына сұлу музыкант қыздарды түсіріп жатыр екен


«Бұл Қазақстан ғой!» деді маған бір украин кісі Ақтөбе деген жазуды танып


Ағылшындар жиналған сектор


Ойын алдында түрлі жерден келген футболсүйер қауым өз байрақтарын іліп жатты, солардың бірі Галатасарай фанаттары


Ойын алдындағы қойылым


УЕФА клубындағы әр диванның алдында осындай астаулар тұр


Ертеңгі «head writing»


Фанаймақтағы фанбазар. Жәй футболкалар бізідң ақшамен 3000-4000 тг. Құрама командалардың формалары 6000 үстінде


Ескерткіш-адамдардың бірі жергілікті арнаға сұхбат беруде


Фанаймақтағы ең үлкен экран. Стадионға билет таба алмағандар осы жерге жиналып қарайды


Фанаймақ осы монумент тұрған жерден басталады, жанында үлкен сахна және үлкен экран


Жолсерігіміз Анямен қимай қоштастық

UEFA клубынан көріністер



asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

102 пікір

patick
уау, уау, уааааааааау
Aikona
күшті қандай!
aza
Баззааааааар жоқ кеткен екен, бырат!
aza
Сыра әрқашан салқын бұл жерде және темекі тартып отыра беруіңе де болады.
тәәәк)))
ushkin
пүліс
ushkin
пүлістеу қай жерде еді? ))
Daniar-Alan
жоғарғы жақта саусақ таңбасы бар. негізі былай админде пүліс онсыз да жетед. онан да жылы жылы сөз айтсаңызЧ
ushkin
 Бұндай матчты көрсең де арманда, көрмесең де арманда ғой
alisha
Күшті! Жолдасым барлық «нормальный» еркектер сияқты футбол десе өлуге бар… Сондықтан да, мұны көзбен көріп, осының бел ортасында жүрудің сендер үшін қандай бақыт екенін түсінемін «Сен көрген Еуролар» циклының беташары осы болсын, төрт жыл сайын толығып тұрсын
asaubota
бұл да наркотик сияқты, дәмін бір көрсең дәнігіп аласың. енді тағы осындай бір жиынға барғым келіп тұр
Zhan
Жақсы барып қайтқаның көрініп тұр, өзіміз көріп келгендей болдық))
Daniar-Alan
бәрін көрсеткен жоқ админ
nurbergen_makym
Анямен көріскеніңді бір атап өту керек ед...
Daniar-Alan
асықпа Нұреке… сыралатып отырып бәрін естиміз..
asaubota
Анямен аға-қарындастай сипаттағы достығымыз болды, жеке ештеңе жоқ
Daniar-Alan
Жалпы украин қыздары өте әдемі екен
Бізге берілген бөлме осындай, 2 адамдық төсекте жалғыз ұйықтадым.
1 шілде күні Еуро чемпионы мына 2 украин сұлуы күзетіп тұрған кубокты алады

Жолсерігіміз Анямен қимай қоштастық

иииииииииищщщщщща де!!"
patick
Фейсбукте келіншегінің фотосын алдын ала не үшін салып қойғанын енді түсіндім
Daniar-Alan
 ааааааааххххх ішпиееееееееееен бәсе бәсе
Daniar-Alan
былай бәрі сынды негізі, тек мен әйелім бар болғасын сынған жоқпын.
деген сияқты әңгімелер айтад еще
aza
Аня сені көбірек қимай қалғандай ма…
Daniar-Alan
әдемі қыз екен шынында да…
asaubota
былай бәрі сынды негізі, тек мен әйелім бар болғасын сынған жоқпын.
omarbirat
Жұғысты болсын! «Мен көрген UFC» деген пост жазуды бізге де жазсын
Janasil
Керемет!!!  Міне пивоның пайдасы.
asaubota
блоггингтің арқасы ғо сыраның емес. қатыстық, орын алдық, бардық.

сыра теңіз болды енді шынымен. сапалы, жақсы сыра. іш те бас та ауырмайды.
sammita
украиндықтар Қазақстан, қазақтар туралы көп білуге тиіс. Кезінде қоныс аударғандары көп қой еліне.
7-суреттегі қыздың украин веногында түсті лентаның орналасуының мәні бар, ақ лента бірінші тұрса қыздың басы бос дегені, басқа түстер некелі, атастырылған т.б.)))

Сапарың сәтті болыпты, қуаныштымын
asaubota
қазақтарды жалпы Қазақстанды жақсы көреді екен. барлық жерде украинше жазулары, біздің топтағы орыстар тіл жағынан біраз қысымшылық көріпті. түсінбеген болып тұра береді дейді орысша айтсаң. ал менде ондай мәселе болған жоқ, мені көргендердің барлығы алдымен ағылшынша бастайды әңгімелерін. сосын ағылшыншам жетпей бара жатқан кезде орысша айтсам еш ренішсіз солай жалғастырады.
ken
орыстардың «вечно недовольный, возмущенный нытиктер» екенін ескерсек, «орысша айтсаң, түсінбеген болып тұра береді» дегені олардың әдеттегі қытымырлығы болуы әбден мүмкін
alisha
Аршат украиндар жөнінде айтып жатыр ғой
ken
Аршаттың жазғанын тағы да бір рет оқыңыз. Тек мұқият оқыңыз
alisha
«орысша айтсаң, түсінбеген болып тұра береді»
дегенде украиндерді айтып тұр ғой ол

Мен сіздің әдеттегі қытымырлығы дегеніңізге қарап айтып отырмын, түсінсе де түсінбеген кейіп танытып жатқан орыстар емес қой бұл жерде

Немесе біз бір-бірімізді түсінбей отырмыз
ken
тууй, сіз де бір. )))
мен түсінбеген кейіп танытып тұра беретін украиндер туралы емес, «түсінбеген кейіп танытып тұра береді» деп жылаған орыстар туралы жазып отырмын.
және орыстардың кейбір қасиеттерін ескере отырып, Киевте әлгіндей жағдайдың (украиндердің орыстарға қысым көрсету жағдайының) орын алғанына күмән келтіретінімді жаздым.

егер сіздің орыныңызда басқа біреу болғанда әлдеқашан ұрсып берер едім. просто көріктілігіңіз үшін ғана шыдап отырмын.
asaubota
суреттердің үлкен түрлерін Фейсбуктен көре аласыңдар www.facebook.com/media/set/?set=a.4194533311818.172115.1539255627&type=1
SaZhaM
Жарайсың, бауырым!
zhandarm
ма кушті екен алдырмай жулдырмай аман келдіңбе әйтеуәір туу, тек касыңда мен жүретін жер екен а
asaubota
айтқыш екенсің бөле  мені кім көресің, 5 жасымнан далада өскен адаммын. алып көрсін, жұлып көрсін біреу
saken
Чемпионаттағы ең тартысты ойынды көру бақыты бұйырған екен. КЕРРРЕМЕТ!
Janasil
Келесі ойындарда балаңмен баруды жазсын!
asaubota
рахмет, мен де соны ойладым. ұлдар қазірден ауру, меннен жұқты. апарам ғо бұйырса
Daniar-Alan
адамдар Киевті емес Аняны сұрап зықыңды шығарад әлі, көр де тұр..
aza
Сен өзі анядан айналып шықпадың ғой.
Daniar-Alan
қызығып кеттім дә просты…
aza
пернетақта былғаушылар өңшең)
Daniar-Alan
Аняны көріп кейбіреулердің мониторына дейін бүлінген шығар
GulL
 Сәтті сапар болған екен, кадимгідей барып келгендей болдым суреттріңізге қарап
Суреттер тамаша
Енді Лондонға баруды да бұйыртсын
Үлкен стадионда өз еліңнің фанаты болған қандай екен эхх
Erke
Базар жоқ брат, адемі суреттер, адемі қала, адемі қыздар, Баріненде 15 інші суретпен сонғы сурет ұнады!(шарф пен қыз ұнады)
konvict
Күшті!!! Футбол да, сыраны да қойшы қыздар керемет екен.
Marationok
Жақсы фотоесеп, Шмейхел бар, Оливер Канды көрмедің бе? Кезінде жақсы қақпашы болған.
asaubota
Шмайхель Карлсбергтің өкілі, Данияның сырасы ғой. сондықтан соларды жарнамалап жүр.
dark_nazgul
мәәә, мен бүгін әбден қуайын деген екенмін.
«Фанаймақ» деген жердің аты екен деп, Украинада қазақша "қ-мен" бітетін жер атауы бар екен деееееппп отырсамшы…
MickThatsMyNick
күшті екен,  эхх Прәнсия жартылай финалға шыға алмағаны анбеливібл боп кетті.
ПыСы: Ақтөбе Шемпион!
Gastarbaiter
Есте қаларлық демалыс болған екен, үрдіске айналсын
sabalak
Кушті фотоесеп!!! аман-есен барып қайтуыңмен!

астаудың суреті түсіме енетін шығар Ұлы Жұмаға дейін!
Abilakim
Сапарың сәтті болған екен! Аня да тамаша
sammita
не болды сонша бәрің Аня, Аня деп. Өмірі украин көрмегендей, түсінікті ғой бұндай шараға таңдап шығаратыны. Кәдімгі орыстан айырмасын көрмей отырмын. Біздікілер одан кем емес нағыса.
Нағыз украин халқы, отбасы туралы білмейсіңдер демек.
Zhan
Біздікілер одан кем емес нағыса.
Нағыз украин халқы, отбасы туралы білмейсіңдер демек.
Білсең айта отырсайш. Бөлек пост қып жаз или.
sammita
Біздікілер одан кем емес нағыса.
біздің қыздар деген сөз ғо.
a63a1
не болды сонша бәрің Аня, Аня деп
соны айтам
Gulistan
Астана мен Киев арасында ерекше бір байланыс бар сияқты. АКҮ, Алдан, енді міне сен
Фоторепортаждан көп нәрсені көріп, сенімен бірге ел аралап келгендей болып отырмын.
Сен пибілетіп келсең, мен гүлдер жәрмеңкесін іздеп кететін болармын, өйткені Киевте мықты коллекционерлер бар
Janasil
euro-2012
Киевтен естелік.
aza
Неғылды сонша, бізге де әкелді)
Janasil
3 ӘріПен кездестің ау деймін Е. Дауысың жуандап кетіпті.
Janasil

Арт жағыңда тұрған ұзын ескерткіш біздегі бір ескерткішке ұқсайтын секілді ме қалай өзі. Төбесінде не тұр? Айналасында кімдер тұр?
patick
Қателеспесем — бұл да тәуелсіздік монументі
Gulistan
Майдан независимости ма, сондай бірдеңе ғой…
Zhan
Алданның табаны тиген қасиетті жер! )))) Ол да кейіп келіп еді, осыны көріп, еліктеушілік деп.
Abilakim
Бізге де еліктейтіндер бар деп пе))
monti
2-6 суреттерде қызық ешқандай адамдар жоқ
asaubota
ойынның видеосын қарадым. ТВге бізге қарама қарсы жақтан түсіріпті, қызық екен басқа ракурстан қараған.
Janasil
Janasil
БАҚ.ҚЗ-ға шығыпты.
asaubota
дұрыс көшірмепті. біздің журналистерден үйрену керек екен оларға
edige
Админнің келу құрметіне Болаттың баласы Марғия амиго /Марио Балотелли/ жақсы ойнаған екен
asaubota
қасымдағылардың түсіргендерінен:


қонақүйде бөлме берілуін күтіп отырмыз


таңғы ас алдында


паркта


метрода


паркта
mercedes
аламанға да шығыпты Your text to link...
asaubota
жігіттерге автор мен сілтеме қоюды үйрету керек екен
AKY
Тамаша сапар болған екен.
Фанаймақ дәл орталықта-ау дейм, анау арка Хрещатникте ғой?
asaubota
аха, Хрещатикте. орталық көшесі ау деймін, сол маңдар ұнады.
saginaeva
Құтты болсын, Англия-Италия керемет, стадионда мүлде бөлек шығар Галатасарайдың мачында фандармен бірге ауырып едім айғайлап.
asaubota
Carlsberg бүгін УЕФА клубында түскен фотомызды жіберіпті

VKM
қоймайсыз ба сол суреттерді?
asaubota
Карлсберг түсірген тек осы сурет. Фотошоппен монтаж жасап бәрімізге салып жіберген.
alashaman
«Мүйізі қарағайдай» дейтіннң дәл өзі болыпсың. Ареке, Қазақстан құрамасы футболдан Еуропаның не әлемнің финалдық кезеңіне шығып жатса «мүйізді» сенен сұраймыз, жарай ма? (ондай күнді көруге ғұмыр жетсе әрине)
asaubota
ай, жетпейді ау ғұмыр? резіңке емес қой
aikarakoz
Мына суреттеріңізде Қайрат деген ағама ұқсап қалыпсыз. Ол да менен биік, ірі денелі, қараторы жігіт
Kipshakkyzy
Күшті! Әсіресе фотошоппен жасаған сурет тамаша шығыпты!
asaubota
тағы да барар едім Киевке. бірақ бұл жолы емес… Ақтөбені ТВден қараймыз.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.