1 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 1 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, өзімше бір тігіліп болжам айта қойып едім 4-0 деп, Шиваға жақпай қалдым-ау деймін. Қарапайым ғана, сонда да адуынды Бетисті әупірім деп жүріп жеңдік енді өйтіп-бүйтіп, бастысы мен үшін 3 ұпай қалтада. Мадридтіктер Каталондықтар секілді голдан тау тұрғызбаса да кішкене болса да голдан төбе жасады. Ойынның есебі 2-1. Қанжығасы майланғандар: Бензема мен Иско (менің құрдасым ол)

Анчелотти бапкер осы ойынға негізгі құраманы шығарған еді, неге Бетисті тігіп тастамағанына таңқалып отырғаным. Өз басым бұл ойынды көре алмадым, кеш басталады және бүгінгі жұмыс күні бар дегендей.

Сонымен, ойын жайлы толық ақпарат бере кетсем:
Реал Мадрид – Бетис 2:1 (1:1, 1:0)
Голдар:
0:1 – 14 Молина, 1:1 – 26 Бензема, 2:1 – 86 Иско.
Реал Мадрид – Диего Лопес, Карвахаль, Пепе, Рамос, Марсело, Хедира (Каземиро, 55), Модрич, Иско, Озил (Ди Мария, 69), Бензема (Мората, 81), Роналду.
Бетис – Андерсен, Чика, Перкис, Паулао, Начо, Матилья, Игьебор, Хуанфран (Вадильо, 69), Верду (Б.Родригес, 79), Седрик (Хуан Карлос, 62), Молина.
Ескерту:
Матилья (30), Модрич (50), Игьебор (90).

Төмендегі жігіттерді Abilakim браттың тілімен айтқанда қоттақтаймыз, себеп керек болса айтайын, олар РЕАЛ үшін 200 матчтарын өткізді кеше:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 1 тур. Ла Лига
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 1 тур. Ла Лига

Матчтың қысқаша шолуы:


Басқа ойындар нәтижесі:
Реал Сосьедад – Хетафе 2:0
Вальядолид – Атлетик 1:2
Валенсия – Малага 1:0
Осасуна – Гранада 1:2
Севилья – Атлетико 1:3
Райо Вальекано – Эльче
Альмерия – Вильярреал
Сельта – Эспаньол(бұл матчтар бүгін ойналады)

Арамызда, Мессидің, Барселонаның фанаттары барына сенімім мол. Соларға арналған, шамалы күліп аларсыздар, ал маған күлкілі емес, жай ғана сәтіздік:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 1 тур. Ла Лига

Ал ойынды өзімше сараптап көрсем:
1. Негізгі қақпашы болып Диего Лопестің шығуына таң қалдым, Касильяс жақсы формада еді қателеспесем.
2. Сол баяғы Жамал апайды қартайтқан қорғаныстағы жігіттердің нашар ойыны, әлі талай дайындық қажет, Барселона кешірмейді бұндайларды.
3. Исконың нағыз талант екеніне сенімім арта түсті, берген пастары керемет енді. Ойыннан соңғы интервьюінде бұл Ла Лигадағы алғашқы баспен соққан голы екен.
4. Матчтың үздік ойыншысы Иско деп ойлаймын, жеңіс голын соқты, гол+пас, дебютті матчында керек десеңіз!!!
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 1 тур. Ла Лига
5. Матчтың пүздік ойыншылары деп орталық қорғаушыларды(Рамос пен Пепе) айтуға болады.
6. Мен матчты көрмесем де интернеттен тауып, записьті көріп алдым, сондықтан көрмей қалай қорытынды жасап отсың деп тіге бермеңдер наҚ.

Сосын матчтан шамалы суреттер, тамашалай отырыңыз:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 1 тур. Ла Лига
Сатыбалды брат мына кісі біздің жаңа бапкер, сізден сұрайын дегенім: осы кісінің көзіне не болған?
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 1 тур. Ла Лига
Айналып қана кетейін Иско Мадридтегі ғұмырың ұзағынан болсын
Бөлісу:

18 пікір

satibaldi
Пост-фактум шығарғасын таңғы алтыда шығару керек қой ең болмаса. Айлық төлейтін жұмыс емес, жазбасам да өзім білем демей.
asaubota
осылай шолу шығарып тұр. қызықтың көкесі әлі алды. барсафандарды мал қыламыз әлі
Ispek92
әрине брат, қолдан келгенше тырысып бағамын
Ispek92
Ал мынау гифка Роналдудың персофандарына арналады

Роналду мен ұлы матч алдында
Соңғы түзету:
Adiletshu
ББиыл тағы Барса алып кететін сияқты ғой
Ispek92
Нені брат? Испания кубогын ба? Реал чемпиондықты оңайлықпен бере салады деп ойламаймын. 1-ші турдағы ойынға қарап айттыңыз-ау деймін
Adiletshu
Иә. Жәяу жүріп-ақ 7 гол соғып кетті
konvict
Аузыңа май, астыңа тай майды мадина, тайды тайтота деп оқысаң қарсылығым жоқ
Ispek92

Мына кісінің көзіне не болғанын қасындағы Зидан братта білми отыр, satibaldi брат білмей-ма екен деп сұрап едім бас жағында
konvict
Көзіне дәрі тамызған ғой. Содан осылай болған
konvict
Ұнады. Жақсы шолу  Әр тур сайын жазып тұршы. Қашанғы орыстарды жағалай береміз
Adiletshu
Озилді центрге қою керек екен. Оң жақта онша емес. 1-нші гол Рамостың кінәсі.
qisyq
Кеше жаттығу кезіндегі сияқты жүрді ғой, дым жүгірген жоқ моменттерде. Әншейін, класспен алып кетті.
Ispek92
ия ойыңызбен келісем. Дым жүгірмеді ойында, сонда жеңдік енД. Мынаған не дейсіз ағасы:
qisyq
Исконың келгеніне қуанып отырмын. Иско-Мората байланысы біраз жынды қылады-ау болашақта
qisyq
Лопес жақсы қақпашы, әрине, бірақ Касты қайтару керек деп ойлаймын. Банкаға отырғызып, алмастырып отыратын біреу емес қой, аңызға айналған адам.