Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Чемпиондар Лигасы: нағыз тартыстар енді басталады

Қазақ қоғамының Рубин Гуды саналған Алдар Көсенің туған күнімен қатар тағы бір ерекше мейрам келіп жетті. Бұл араға аз уақыт сала отырып, сарғайта күттірген Чемпиондар Лигасының алғашқы ширек финал ойындары болып оытр. Әрине бұл біздер үшін, яғни футболсүйер қауым үшін, соның ішінде кейбір адамдар түсіне алмайтын жанкүйер деп аталатын қоғамның ерекше тобы үшін айтулы мереке. Бұл Чемпиондар Лигасының ширекфиналы, бұл дегеніміз финалға дейін бар-жоғы екі қадамның алғашқы баспалдағы, бұл жерде қателесуге жол жоқ, бұл жерде тек мықтылар мен іріктелген таңдаулылар ойнайды, бұл ұйқысыз түндер, бұл бар эмоцияңды сыртқа шығаруға(әрине жанкүйерлер үшін) мүмкіндік, бұл, бұл… тізе берсек өте көп. Бұл жердегі матчтар бұрынғыдан әлде қайда өзгеше, тартысы басқаша болатынын командаларға қарап ұға беруге болатын секілді, сонымен бізді екі күн бойы көгілдір экран алдында телміртетін қай командалар екен:
Әрі қарай

14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 14 - тур. Ла Лига. Кезекті талқандау
Әлем чемпионатына баратын құрамалар тізімі анықталғаннан соң, ел назары осы сенбіде басталатын Еуропа біріншіліктеріне ауғаны рас. «Фифа вирусы» деп аталатын ресми расталмаған ауру түрі осы жолы көп командаға кесірін тигізбей кетпеді. Мысал ретінде, мадридтік Реал сапынан Хедира, Варан, Ди Мария мен Коентрау секілді негізгі құрам ойыншылары жарақат алып тынды. Бір ғана Хедираның жарақаты не тұрады десеңізші, қайдағы жолдастық кездесу үшін Бразилияға бара алмау қаупі төніп отыр.
Әрі қарай

1 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 1 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, өзімше бір тігіліп болжам айта қойып едім 4-0 деп, Шиваға жақпай қалдым-ау деймін. Қарапайым ғана, сонда да адуынды Бетисті әупірім деп жүріп жеңдік енді өйтіп-бүйтіп, бастысы мен үшін 3 ұпай қалтада. Мадридтіктер Каталондықтар секілді голдан тау тұрғызбаса да кішкене болса да голдан төбе жасады. Ойынның есебі 2-1. Қанжығасы майланғандар: Бензема мен Иско (менің құрдасым ол)
Әрі қарай