Сіздің ойынызша Әлемнің ең үздік қақпашысы кім?

Әлемнің үздік қақпашысын таңдаймыз. Дауыс береміз!!!
Блог - NurlybekZhanuzakov: Сіздің ойынызша Әлемнің ең үздік қақпашысы кім?

Сіздің ойынызша Әлемнің ең үздік қақпашысы кім?

Бөлісу:

34 пікір

satibaldi
Решбер Рүштүді жазбағаның үшін саған семіз минус + лағнат + жаман тағы бірдеңе.
NurlybekZhanuzakov
Ол кім еді соншалық? өз командасымен Чемпиондар лигасын жеңді ме? Білем, аты таныс Түркия құрамасының қақпашысы, мықты, бірақ мына қақпашылардың деңгейіне жеткен жоқ… ол мен үшін үздік емес, сіз үшін үздік шығар…
satibaldi
Сіздің ойынызша Әлемнің ең үздік қақпашысы кім?
Жеке көзқарасқа ерік бар екен деп ойлаппын. Бірақ Решбер Рүштүді қоспағаның үшін үйіңде маса қаптап кетсін.
zholantai
үйіңде маса қаптап кетсін
konvict
Виктор Вальдес чемпиондар лигасын үш рет жеңіп алды. Касильяс бір рет ғана шығар
satibaldi
Решбер Рүштүді қоспағаның үшін емтиханнан пара алмайтын қатып қалған оқытушыға тап кел.
satibaldi
Решбер Рүштүді қоспағаның үшін сені сайттан қудырамын.
satibaldi
Решбер Рүштүді атап өтпеу сияқты масқараға Freedom House та өз құқықтық бағасын көп кешіктірмейді деп ойлаймын.
konvict
Лев Яшин! Қалғандары оның қасында жіп есе алмайды. Бұл тізімге Чилавертті де қосуға болады. Үздіктер қатарына Оливер Канның енбей қалғаны қызық екен. Даңқты неміске жету қайдааааа.

Ал егер сұрақ қазіргі қақпашылардың ең үздігі болса, онда әрине Буффон ғой.
Adiletshu
Дәл қазіргі формасында ең мықты қақпашы — Нойер. Буффон — бұрынғыдай емес. Чех — болмайтын қателіктер жіберіп қояды. Касильяс — жарақаттан кейін, ойын практикасы жоқ. Давид де Хеа — тәжірибесі аз.
konvict
Нойерге Шмитгальға гол соқтырғаны үшін ішің жылып отырған шығар
Adiletshu
Акинфеев, Джо Харт, Ханданович, Беговичтарды қосуың керек еді
asaubota
Таффарел — мен көрген ең мықты қақпашы. жәй ғана қақпашы емес, соңғы қорғаушы болып та ойнайтын. команданы басқаруы да мықты еді және үнемі күліп жүретін ол команданың микроклиматының мықты боулына да әсер ететін. жоғарыдағы тізімде жоқ екен, сонда да Сіздің ойынызша дегесін ойымды жазғаным ғой

konvict
Таффарелдің ойынын көрмедім. Бірақ Бразилияның чемпион лболуына жәрдемдескені анық
Ottegin
Бразелдің әйгілі қақпашысы, 1994 әлем чемпионатының финалында Баджио мен Скуадро Адзурроны сындырған қасқа
Соңғы түзету:
Ispek92
Енд, Мен үшін Касильяс болып қала береді ең үздігі. Ал афтырға бір сұрақ Де Хеа мұнда не істеп жүр?
asaubota
суреттегі Джо Хартты Де Хеа деп ойласа керек
satibaldi
Чилаверт, Кандардың аталмауы-ақ тізім өзін сарқып бітіргенін көрсетеді.
Ottegin
Соңғы түзету:
Adiletshu
Оливер Кан
satibaldi
Соны жазбапты ғой енді анау.
asaubota
ана коллажды жасаған адам кінәлі бәріне
Соңғы түзету:
Abilakim
Ана жолғы екі пенальтиді қаққанында мен Мокин деп жазар едім. Өткен шақ бойынша Канды, қазіргілерден Нойерді атар едім.
satibaldi
kariim , ресми мешіт футболға не дейді? Құмар ойын тобына жатқызатыны рас па? Беделді мүджтәһирлер ол турасында ләм деген бе?
kariim
Фиқһ мужтәһидтерінің пікірін арнайы қарап көру керек. Ал жалпы менің білуімде ақшаға ойнау — харам. Ал денені тәрбиелеу үшін айналысу — рұқсат.

Сахаба айтпай, өзім айтып салатын кездер көп кездеседі. Үкімдерді іздеп табу уақытты талап етеді.
asaubota
стадионда Фикр болуы мүмкін бе?

мысалы бір еурокубок ойынында соңғы секундта төреші қақпамызға пенальти белгіледі. бүкіл стадион болып гол соғылмаса екен деп тілеп тұрдық, соға алмады аналар, қақпашымыз алып шықты

біз оны Фикрдің арқасында деп бағаладық.
kariim
Бірақ шариғи үкімдерде жанкүйерлік ісіне уақыт кетіру дұрыс емес деп жатыр. Қазір ғана көзім шалып қалды. Уақытты қажетсіз бағытқа сарп ету деп жатыр. Уақыт аса қымбат нәрсе ғой.
Ал енді пікірлеу дегеніңізді мен былай түсіндім:
Баяғыда теледидардан мультфильм көретінбіз. Әр мультфильм 10 минут шамасында болатын. Қатарынан 5-6 мультфильм кететін эфирден. Үйге газетпен келетін телепрограмма. Кейде газет жыртылып кетеді дегендей. Сондай кездерде «балалар сағатының» қанша минутқа созылатынын, қатарынан кететін мультфильмдер санының қаншау болатынын білмей дал болатынбыз.
Міне сол кезде сіздің мына темаңыз басталатын: бір мультфильм біте сала біз «тағы болшы! тағы болшы! тағы болшы! тағы болшы!» деп көп рет қайталайтынбыз. Бағымызға орай тағы да біреуі, одан кейін тағы да біреуі бола түсетін.
Ал кейде «сиқырлы сөзімізді» қанша айтсақ та тағы да болмай қалатын.
Голдың да маселесі сол деп ойлаймын. Іштей «тәфәккур» қыласың ба қылмайсың ба, сол кездегі тағдыр орындалады. Бар болғаны осы деп ойлаймын.
MERmukhanov
сонда енді пұлға ойнамай, қайтеді? Барлық қызмет төленуі тиіс емес пе?
әлде олар балықшы, саудагер, шебер болып, футболды өзі үшін ойнауы тиіс пе?
kariim
Пұлға ойналған барлық ойын түрі шариғатымызда дұрыс болмайды екен. ондай ойын түрлеріне тыйым бар. Екі командаға бөлініп алып ойнаушы едік қой бала күнде. Солай ойнауда тұрған еш сөкеттік жоқ, денең шынығады, достармен бас қосасың дегендей. Тек ақшаға ойнама және сенің ойыныңның үстінен біреулер ақша таппасын.
konvict
Гильермо Очоаның өнерін тамашалай отырыңдар