Отбасылық жағдайыңыз?

Біздің қоғамда «отбасылық жағдайыңыз» деген сауалнаманы толтырғанда екі-ақ пункт болады. Отбасылық жағдайдың өзге түрлерін мойындай бермейтін сияқтымыз. Осылай етіп тарқатса да болады ғой. БІРЕУІН ТАҢДАҢЫЗ. Сізде басқа да варианттар болса, қарап отырмай тізімді ұзартайық.

Отбасылық жағдайыңыз?

Бөлісу:

21 пікір

kariim
Әзірге бойдақтар дауысы біреу-ақ.
satibaldi
Ей мүммін! Мынау не, шіркеудің тапсырысы ма?
kariim
Мұхабараттағылар мәлімет жинап кел деп еді.
dark_nazgul
жауап варианттары өртид.
dark_nazgul
«Тоқалдан үмітім бар» деген бар да, «тоқалым бар» деген жоқ екен.
kariim
Оххх! Өзімді ұмытып кетіппін ғой!
dark_nazgul
онда «варианттарым бар» деген вариант болуы керек.
kariim
«Ойнасым бар» дегенді қоссақ деп тұрсыз ба сонда? Мұныңызға қосыла қоймаймын.
dark_nazgul
Енді әзірше тоқалым жоқ деген өзіңіз ғой, тек варианттарым бар дегенсіз.
sozak
Тоқал, олда бірінші әйелің сияқты әйел заты. Тоқал деп бөліп қарау меніңше дұрыс емес сияқты.
Тоқалдан үмітім бар дегенше, екінші әйел деген дұрысырақ.

Мұсылмандардың бірі: үйіне айт намазынан келгенде əйелі күйеуіне сұлу əйелдер көп болған шығааар дегенде үндемейді. Əйелі тағы айтады. Сонда ол қор бол, мен айт намазына барып келгенше мына саусағымнан басқа еш нəрсені көрмедім дейді.
asaubota
әлеуметтік желілердегі статустар ұнайды: «в активном поиске», «свободна» деген сияқты. бұған негізі әйел заты қатты маңыз береді. күйеулерін қинап «женат» деп қойдырып қойғандарды білемін
dark_nazgul
Фйэйсбукта әсіресе " в сложных отношениях" деген ұнайды.
satibaldi
Әлжелілерде "Қубас" деген статустың жоқтығы қынжылтады.
omarbirat
Бір әйелмен тоқтасам деймін
Дегенді қалай түсінуге болады? "Үйлендім, болды ажыраспаймын" деп пе, әлде «Тоқал алмаймын» деп пе?
Соңғы түзету:
kariim
Сендердің қалай түсініп отырғандарыңды білмедім, өзім екінші ұғыммен түсінеді екем.
Gulistan
Ешкім алмай жатыр
— мүсіркеу сияқты естіледі екен. Басқаша нұсқасы болмады ма?
Күйеумнің жалғызымын
— біржақты пікір, оны күйеуінен сұрау керек.
Үйлене алмай жүрмін
— "Үйлене алмайтын сияқтымын" деп естіледі
kariim
Ортаға тасталған шикі пікірлер ғой.
torgai
Бойдақпыз. Әзірге. Үйленген соң басқа нұсқаларға ойлана жатармыз)))