78 пікір

araika
«1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?» деген сияқты
ken
екііншісіне бердім дауысты
Emilia
Қиын сұрақ екен
Emilia
Минус не үшін?
MERmukhanov
минустың мөлтек мұңы
asaubota
негізі бірінші мұсылманбыз, сосын қазақпыз дейміз ғой. дегенмен үстінен нұр төгіліп тұрса да орысша сөйлейтін қазақты көрсем сөйлескім келмей қалады. жалпы дін ұстанатындар тілге мән бермей салғырт қарайды.
MERmukhanov
Жеке маған орыстілді мұсылман
kariim
Әрине солай! Мәселен, орыс тілді ағылшын мұсылмандар шоқынған қазақтан мың есе артық.
Sebastian
Саламалейкум православные!

тіл маңызды, ИМХО
MERmukhanov
тіл — құрал ғана))) Ал дін — көзқарас, діңгек.
kariim
Мынауыңа қосылам.
ken
онда болашағы бұлыңғыр тілді сақтап қалуға тырысқанша, болашағы айқын тілдердің біреуіне көше салайық та. біздің қазіргі жағдайымызда ол тіл — орыс тілі болмақ.
MERmukhanov
Ардақты шетелдік қуыршақ аттас азамат! Бұл жерде біз туған тіліміз дамымасын, қазақтілді қазақтар көбеймесін деген ниетіміз жоқ. Оны да дамытқымыз келеді. Алайда, оқыстан екі нәрсенің бірін таңдау керек болса, приоритет қайсысында деген сұрақ қой. Әйтпесе, софист болып, мен де онда қазақтардың бәрі христиан болмақ па? дер едім езгілеп. Болашағы бұлғыр ұлтым діннен адасқан деп… Жауабымыз осыны меңзейді.
Соңғы түзету:
ken
«тіл — тек құрал ғана» дегеніңе қатысты жазғанмын.
Aldeken
Адами қасиеттеріне қараймын… қалғаны бәрібір
Sebastian
тіл мен дін емес, Діл приоретитеті басым дейсің ғой?
Aldeken
ия, сол шамада.
omarbirat
Басқа дінде болса да, қазақша сөйлейтіндігі үшін екінші нұсқадағылар қазақ болып қала береді. Христиан арабтарды, мысалы, ешкім араб емес демейді. Сондықтан, екінші нұсқа.
Дін мен тіл — сыйыспайтын нәрселер, менің ойымша.
omarbirat
Бұрын біреу ораза ұстайын десем, қазақша білмеймін дегені бар еді. Сонда ауыз бекіткенде, ашқанда айтатын дұғаны қазақша айту керек деп ойлайды екен
kariim
Христиан араб пен христиан қазақ бір-біріне бауыр, ал бізге дұшпан!
omarbirat
Субъективті түрде екеуін де жақын тарта алмаймын
omarbirat
Білә, өтірік жазып қойыппын. Орыстілді мұсылмандармен араласып тұрады екенмін ғой
Қазақтілді христиандармен де әңгімелес болғанмын. Ұмытып кетіппін.
a63a1
Осыдан кейін мылқауларды ғана жақын тартуға мүдделісіңдер
Соңғы түзету:
toha9566
орыс тілді мұсылман жақын
kariim
Осы сендер маган «Діл» / «л» дегенді тусіндіріп беріңдерші. Соны басқа созбен алмастырсақ болмас па екен?
ken
«жүрек» деген сөз болса керек. парсы тілінен енген.
ken
Соны басқа созбен алмастырсақ болмас па екен?
деп, "қалб" сөзін ұсынғалы отырсың. таптым ба?
kariim
жоға! Төл сөзіміз ба, әлде кірме сөз ба, біле алмай жүрмін дә.
ken
түркіше — жүрек/йүрек
арабша — қалб
точики (фарси) — дил

«ділді» қазір «менталитеттің» қазақша баламасы ретінде айтып жүр
burkitshi
Түсіндірме сөздіктен:
Ақ ниет, адал көңiл, таза жүрек, терең ой. Сен тiлмен айтсаң, мен дiлмен, жүрекпен айттым /М.Әуезов/.
Ottegin
Өзін қазақ деп танитын, қазақ тілін білмейтін атеисттер немесе агностиктер атылып өлетін болды.
Соңғы түзету:
burkitshi
Өз басым мұсылманына дауыс бердім. Егер шынымен мұсылман болса, онда сөзсіз ұлтқа, жерге деген сыйластығының арқасында қазақ тілін үйреніп кетері сөзсіз. Бірақ мешіттерде көбіне-көп имамдарға бағынбай, әмин деп қаттырақ айғайлап, жамағатты менсінбей тұратындардың басым көпшілігі орыс тілді мұсылмандар. Тәкаппарлыққа бой алдырып, өздерікін дұрыс деп, өзгелерді менсінбеушілік мұсылманшылықтың қандай түрі екенін айырып айтуға менің білімім жетпейді.
Ал қазақтілді христиандарға келер болсақ, олар маған мүлдем жақын емес. Діни тұрғыдан да, қазақилық тұрғысынан да қабылдай алмаймын. Бүгін діннен шыққан адам, ертең тіліңді де пысқыра қойыуы екіталай. Олар қазақша сөйлеп жүрсе, аңқылдаған қазақ тілді аңқау қазақтарды шоқындыру мақсатында ғана деп білемін. Алла сақтасын, егер ойлары іске аса қалса, қазақ тілін оңай ұмыта салар. Солай деп түйемін өзім
Соңғы түзету:
kariim
Міне керемет! Дауыс берушілер елу де елу болыпты. Түсініктеріңнен айналдым! Әрине, өзімізбен тілдес шоқынушыдан гөрі, өзге тілді мұсылман қазаққа жақынырақ қой!
Ottegin
Қалыс қалдым, адамды түр-түріне осы постта жазылған критерийлер арқылы іріктемейді екенмін.

Менің жақсы араласатын адамдарымның арасында үш кісі бар, біреуі — қаза тілі түгіл өз тілін білмейтін, өзін мұсылман санайтын башқұрт жігіті, аты-Рамазан, жақсы, адал, ақ көңіл жігіт, екіншісі — Жанатбек деген жігіт, қазақ тіліне шорқақ, ана тілінен жырақта өскен жігіт, мұсылман емес, христиан емес, бахаи дінін ұстанған жігіт, ол да адал, жалған сөз айтқанын байқамаппын, қайырымды жігіт, үшіншісі-Коля, бажам, хохол, бірақ, өз тілін білмейді, орысша сөйлейді будда жар болғыр христианин, сөзіне, ісіне мығым жігіт, уәдесінде тұратын адам, басқа ұлт өкілі болса да, қазақтың әдети-ғұрпынан хабары бар, оны сыйлайтын, мүкіндігінше (қыста соғым ретінде жылқы сояды,қонақтарын ет асып қарсы алады) қолданатын кісі, осылардың қайсысы маған(қазақ ұлтаның өкілі ретінде) жақын екенін анықтай алмай отырмын.
Сосын не ғо, қазақтың тек мұсылман болуы деген артықтау ма дим…
Соңғы түзету:
burkitshi
Негізі қазақ емес, бәріміз мұсылман болуға міндеттіміз. Артық ештеңе көріп отырған жоқпын
Соңғы түзету:
Ottegin


Мына кісіге айтсаңшы, құлағына жететіндей қылып, әлде ол қазақ емес пе?
burkitshi
ммм не деймін жылаймын, жылаймын. Домбырамен ән салатындары да бар іштерінде. жылаймын, жылаймын
Ottegin
Мына жерде мындай мақала бар екен, не айтар едіңіз

Парвославие қазақ тілінде

Қазақша христиан уағызы
Соңғы түзету:
Rafaello
Кім болса да Куәгерлердің аудармашылары мықты kudai.kz/articles
burkitshi
Кітаптары қандай әдемі дейсіз түрлі-түсті
omarbirat
Сайттары да ұнап қалды
burkitshi
Бұл кісілер орысша қанша үгіт-насихат жүргізіп көрсе де, орыс халқының өкілдері бүгінгі ұстанған тараптарынан қайтпайды, яғни пасха уақытында ғана шіркеуді еске алып жүре береді. Жалыпы құдайшылыққа қазақ халқы өте жақын болғандықтан, олар дінге де тез келеді. Мысалы мешіттерімізден жұма күндері ине шаншар орын таба алмай қаласыз, ал шіркеу бұлай тола бермейді. Мешітке көбіне жастар барса, шіркеуге керісінше кәрілер барады. Сол себепті бұл кісілер өздерінің артынан ерертіндерді өзгелерден таппай, қазақ халқына көз салып отыр. Олардың қармағына қазір ең бірінші болып тұрмысы төмен отбасылар тартылуда, солай-солай бұл кісілер жоғары жаққа да жетуді көздейді. Өткенде Атраудың әкімі Архимед Архиепископқа Ленд Крузердің кілтін ұстатып таң қалдырған. Міне сондай саясат.
Aldeken
Не ғо, Архимед Атыраудың емес, Ақтөбенің әкімі, сосын Ленд Крузер болғанда Ленд Крузер Прадо деп ашып айтқан жақсы, қанша дегенмен бағаларында 20-30 мың АҚШ долларындай айырмашылық бар.
сосын,
Негізі қазақ емес, бәріміз мұсылман болуға міндеттіміз. Артық ештеңе көріп отырған жоқпын
деген кезде нені меңзедің?
1. Бәріміз қазақ емес, мұсылман болуымыз керек пе? бұлай десең ұлттық ерекшелікті ысырып тастап, діни мемлекет құруға талпынушы халифатшыларды қолдап отырсың деп күмәндануыма негіз болатын секілді…
2. Неге мұсылман болуға міндеттіміз? «Дінде зорлық жоқ» деген ұран осы мұсылманшылықтың бастапқы постулаттарының бірі емес пе? Ендеше неге міндеттеуіміз керек? Сен бұл сөзден артықшылық көрмесең, мен кемі ортодоксалды діни фанатизмнің бастапқы ұрығын шырамытып тұрмын.
Пы.сы. тырнақ астынан кір іздеп отырған жоқпын. Дін мен үшін тым нәзік тақырып. Сол себептен бұл саладағы пікірімді білдіргенде алдымен он ойланғанды дұрыс деп есептеймін, өзіңе де соны рекомендеймін.
burkitshi
1. Бәріміз қазақ емес, мұсылман болуымыз керек пе? бұлай десең ұлттық ерекшелікті ысырып тастап, діни мемлекет құруға талпынушы халифатшыларды қолдап отырсың деп күмәндануыма негіз болатын секілді…
Бұл жерде қазақтар ғана емес, бүкіл адамзат мұсылман болуы тиіс дегенді жеткізгім келіп еді. Әйтпесе менен артық ұлтшылды таба алмассың. Ал Ақтөбені Атырау деп қателескеніме ғафу өтінемін, кешіріп қойыңыз.
Ал дінге біреуді күшпен кіргізу менің ойымда жоқ. Алла өзі жүрегіне иман бермесе, дінге күштеп кіргізу ешкімнің қолынан келмейді. Ал христан дінін ұстанып жүрген қазақ тілділер маған мүлдем жақын емес, жоғарыда айтып өттім( )орыс тілді мұсылмандар, егер тәкаппарлықтан аулақ болса маған солар жақындау
Соңғы түзету:
Aldeken
менен артық ұлтшылды таба алмассың.
Өзіңе көп алма, інім…
burkitshi
Халық даналығы:
Өзгенің ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен кедей бол

Пы.сы: Рекомендацияңызды қалтаңызға салып қойыңыз
Aldeken
ашуланбаш, нақ...
burkitshi
қамшыммен тартып-тартып жіберейін бе
Aldeken
көршиш… тартылып қалма тек…
Shah
Қазақ қыздары әдемі емес негізі
burkitshi
Shah
Қазақ қыздары әдемі емес негізі

Кетнақ осы жерден
Shah
рас емес пе, менде қазақпын
Shah
керемет сұлу дегеніңді көрсетш, суретін іліп бар болса екер
MERmukhanov
оны неге айттың дим да)
Shah
шындық сол, көз көріп жүрғой. ақтап алғың келсе, көр ал
MERmukhanov
))) мысалы мисс қазақстан сайысында мисс қазақстан болған шымкенттік арудан өзге қатысушылар әдемі болатын. ыыыыы
Shah
оны білмедім, мис пистарды, шоубиз, халықтың әлеуметтік жағдайы туралы, жалпы саясат туралы жалпы айтқанда біраз нәрсені білмейм. білерім 11 мектептің берген білімі. Ал қыздарға келетін болсам оларды көшеден ғана көрем
burkitshi
Қазақ қыздарын жек керетіндей көшеде туып па едің нақ, интернетке де көшеден кіріп отырсың ба нақ
Shah
көшеден емес, үйден кіріп отырмын. не болды?
seyh
Қазақ қыздары әдемі емес негізі
Әдемі қазақ қыздарын қарата алмаған адамның сөзі
Shah
бәсе, өзімде неге қазақтың қыздары әдемі емес деп ойласам. Әдемі қыздар жігіттерге қарамайды деш?!
burkitshi
Және көшеде беталды жүре бермейді
Shah
бөседі екенсің сенде ия?
Sebastian
салыстырмалы түрде иә, Латын Америкасына жете алмайды әрине
burkitshi
Қояғал Sebastian мырза. Латын Американдықтардың бәрі сенің сүйікті сериалдарындағыдай деп ойлап қалма на
Sashok
Черттің сөзі. Осы сайттың өзінен кем дегенде 10 қызды атап бере алам. Әдемі қыздарды көргің келсе, батысқа кел, нақ.
Sebastian
Осы сайттың өзінен кем дегенде 10 қызды атап бере алам

асыға күтем
Shah
нақ деген не осы? сайттың 10 әдемі қаздарын атап түстеп берсең көрейік.
Соңғы түзету:
VIX_Xristabergenovich
Қазақтілді христианға бердім дауысымды. Христиан да, мұсылманда емеспін. Бірақ орыстілді мұсылман қазақтарды байқасам, интернационал, қазақтардың ұлттық ісіне көп араласпайтын сияқты.
ken
қайта қарсы шығады, араласпағаны былай тұрсын
temir1986
Құдай ау осындай да масқаралыққа жеткен екенбіз ғой. Қайда барамыз? Не болып кеттік? Шынына келгенде бұл ертеңгі қырықпышақ, бірін бірі атып жарып жатаудың алды ғой. Өз тілін білмейтін (яғни өзімен қаны бір туысын түсінбейтін), бірақ АЛЛАХ (АЛЛА деп емес) деп айқай салатындар мен ИСАның жолында бәрін құрбанға шалатындардың ертеңгі таңғы асы тағыда өзінің қаракөздері емеспе?
ken
Христиан дінінің идеологиясы әлсіз ғой. Шоқынып жүрген қазақтардың осы қылығын уақытша құбылыс деп ойлаймын. Уақыт өте христиандығы жайына қалады. Онысыз да христиандық, соның ішінде православтық, өз позициясын жоғалтуда. Қазақтан радикал христиан шықпайды.
Нағыз қауіпті өз тілін жек көретін мәңгүрт қазақтардан күту керек.
Соңғы түзету:
satibaldi
Үш тауық асырап, басқа әтештерге бермейтін қылып тәрбиелеп көрген адамсыңдар ма өздерің? Дін дейді ғой нақ Газети-журнали танымдық біліммен діни пікірталас алаңына бас жіпсіз кіріп кеткен хайуандар
MickThatsMyNick
кімге дін маңызды, кімге тіл маңызды екендігін осы жерден байқауға болатын шығар…
edige
Тіл де дін де маңызды. Адамның жақсы я жамандығын тілінен бөліп жармаймын мен.
ал дінге келсек: барлық діннің түбірі — ПӘК, жақсылыққа үндейді. Тек қана сол дінді ұстанатындардың іс әрекеті мен ойлары құртып тұр. Мұсылмандарды ағымдар құртып тұр. Жеке бір адамның түйсігінен шыққан бөлімдер. Маған ең бірінші — адамилығы.