Қазақ тілді журналистер арасындағы IV шығармашылық «Алтын қалам» байқауы жалғасады
ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен бірге IV шығармашылық «Алтын қалам» байқауының жалғасатынын хабарлайды. Байқауға республикалық, өңірлік, ведомстволық басылымдардың, теледидар және Интернет басылымдарының журналисттері қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – журналисттер арасында экономикалық және өнеркәсіптік тақырыптар (ҮИИДБ, Индустрияландыру картасы, Жол картасы және т.б.) туралы мақалалардың сапасын арттыру, осы тақырыпқа маманданған үздік журналисттерді анықтау және ынталандыру.
Байқау 2013 жыл бойы өткізіледі. Қорытындысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне қарай шығарылады.
Материалдарға қойылатын талаптар:
— Байқауға жолданған материалдар өндірістік және экономикалық тақырыпқа болуы қажет;
— Материалдар республикалық, өңірлік, ведомстволық қазақ тілді басылымдарда, Интернет басылымдарында немесе телеарналарда 2013 жылы жарық көрген болуы қажет. Жолданған материалдарда басылымның немесе телеарнаның атауы, материалдың мерзімі мен авторы көрсетілуі керек;
— Кемінде үш мақала (түпнұсқа) немесе үш телесюжет (CD/DVD дискіде барлық кең таралған видео форматтарда) қабылданады;
— Материалдар 2013 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады;
— Материалдардың көлемі шектелмейді;
— Материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.
Материалдарды бағалау өлшемдері:
— Ақпараттық құндылығы.
— Сараптамалық тереңдігі.
— Тақырып өзектілігі.
— Журналистік шеберлігі.
Байқау жеңімпаздарына белгіленген сыйлықтар:
Конкурс қорытындысы бойынша мынадай жүлделі орындар белгіленген:
1 орын – бір аталым – 500 мың теңге.
2 орын – екі аталым – 400 мың теңгеден.
3 орын – үш аталым – 300 мың теңгеден.
Материалдарды «Байқауға» белгісімен мына мекенжайға жіберу керек:
Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 30 а, 401-бөлме.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: тел: +7 (7172) 592-218, ұялы тел: 8-701-960-69-72, yerzat.tursunkulov@kz.enrc.com
5 пікір